1. Ерте мемлекеттік құрылымдар. Сақтар (б з. б. VII-III ғ.ғ.). Қазақстан және Орал далаларында сақтар мен сарматтар билік құрған дәуірді тарихта «ерте темір ғасыры»


Білім мен ғылымдағы оң өзгерістер. Қазақ Ғылым Академиясының дамуында Қ.Сәтбаевтың орны



бет17/50
Дата25.12.2023
өлшемі141,75 Kb.
#143196
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   50
34. Білім мен ғылымдағы оң өзгерістер. Қазақ Ғылым Академиясының дамуында Қ.Сәтбаевтың орны.
Қазақстан Ғылым академиясының ұйымдастырылуына Қ.И. Сәтбаев зор үлес қосты. Ол 1941 жылы ғалым Алматы қаласында ұйымдастыру ісін қолға алды. 1942 жылы КСРО Ғылым академиясы Қазақ бөлімшесі президиум төрағасы болып бекітілді. Бұл республикамызда дербес Ғылым академиясын ашуға серпін берді. Ол Мәскеумен хат алысып, келіссөздер жүргізді. Ғалым КСРО-ның еуропалық бөлігінен уақытша көшірілген ғалым-академиктерді жинады. Болашақ Ғылым академиясына ғимарат іздестірді. Республиканың көрнекті ғалымдарының әлеуметтік-тұрмыстық мәселелерін жақсартуға көмектесті. Өзі жанашырлық танытып, көптеген жас ғалымдарды кандидаттық және докторлық диссертациялар қорғауға шақырды.
Ғылым академиясы – кез келген мемлекеттің дамуының көрсеткіші. Ғалымның бұл орайда атқарған еңбегі ұшан-теңіз. 1941 жылы Кеңес үкіметі шешімімен Ресей және КСРО Ғылым академиясының ғалымдары Қазақстан жеріне орналастырылды. Қ. Сәтбаев орталықтан бірқатар ғалымдарды тартып, республиканың бай табиғи қорларын игеруге күш жұмылдырды. Ұлы Отан соғысы қарсаңында бір ғана Геология институты ашылса, 1944 жылы КСРО Ғылым академиясының қазақ бөлімшесінде 6 институт және 4 сектор жұмыс істеп тұрды. 576 қызметкер, оның ішінде 2 академик, 4 КСРО ҒА корреспондент-мүшесі, 27 ғылым докторы еңбек етті. Соғыс жылдары ғылыми кадрлар құрамы үш есе өсті. Соғыстан кейін тау-кен, химия, металлургия, топырақтану институттары ашылды. 1944 жылы қаңтарда Қ. Сәтбаев республика басшылығына бір орталықтан үйлестірілетін Ғылым академиясын ашу қажеттігін айтып, қазақстандық ғылымның дамуы туралы хат жолдайды. Сол жылдың соңында ол үкімет тапсырмасы бойынша ҚазКСР Ғылым академиясын ашу жұмысына кіріседі. ҚазКСР Ғылым академиясын құру бойынша Үкіметтік комиссия жасақталды. Оның құрамына КСРО ҒА-ның 11 академигі және президенті С.И. Вавилов кіреді. Қазақ КСР Ғылым академиясының құрылуына байланысты ұйымдастыру жұмыстарына сол кездегі Қазақ КСР-і Министрлер Кеңесінің төрағасы Н. Оңдасынов басшылық етті.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   50




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет