«Орхон-Енисей (руникалық) жазуы ежелгі түркі өркениетінің өркениеттік белгісі ретінде. «Күлтегін», «Тоныкөк» ескерткіштерінен нақыл сөздерінен үзінді айту
30. «Орхон-Енисей (руникалық) жазуы ежелгі түркі өркениетінің өркениеттік белгісі ретінде. «Күлтегін», «Тоныкөк» ескерткіштерінен нақыл сөздерінен үзінді айту. Орхон жырларының негізгі ойы елдің тәуелсіздігін береке бірлігін сақтауға шақырады. Бұл жырларды 8ғ-дағы ірі мемлекет түркі қағанатының құрамындағы толып жатқан рулардың өзара жауласуы. Жорықтар мен соғыстар суреттеледі. Жырда негізінен Білге қаған, Күлтегін Батыр, Тоныкөк жырау ерліктері суреттеледі. Бұл тастағы жазулар тарихта орхон ескерткіштері деп танылды. Жыр басы Білге қағанның ел жұртына үндеуімен ашылады. Бүкіл адамзат баласына Білге қаған мен Күлтегін батырлардың ата-бабалары билік жүргізгені, түркінің басын қосып қуатты мемлекет орнатқан Білге қаған мен Істемі қаған ерліктері мадақталады. Түркі қағанатының тарихын еске түсірсек 630-680 ж ел тәуелсіздік тізгінінен айырылып қалған. Қайғысы жырда күңрене суреттеледі. «Дәл осы жерде отырып, Тауғаш халқымен табыстым. Алтынды, күмісті, дақылды, жібекті соншама шексіз беріп жатқан тауғаш халқының сөзі тәтті, бұйымы асыл еді. Асыл дүниесіне, тәтті сөзіне алданып түркі халқы қырылдың, түркі халқы жойылдың» дейді. Түркі бектер түркі атын жоғалтып, тауғаш бектерінің тауғаш атын тұтынып, тауғаш қағанына бағынды. Түркілердің « Елді халқым едің, елім қазір қайда, қағанды халық едім, қағаным қайда, қандай қағанға күш-қуатымды беремін»- деп қиналғаны да жазылған. Жырдағы оқиғаны ұйыстырушы негізгі тұлға Күлтегін. Ол ағасы Қапаған ханмен бірге бас аяғы 25 рет аттанып, 23 рет соғысқан. Жаулардың елдігін әлсіретіп, хандығын қансыратады. Әкесі Елтеріс секілді тізеліні бүктіріп, бастыны еңкейтеді. Бұрын тауғаштарға бағынып, құл болып келген түркілер енді өздері иелік етті. Жерінің кеңейгені сонша інісі ағасыны білмес, ұлы әкесін білмес еді.
32. Ахмед Иүгінеки «Ақиқат сыйы» еңбегінің негізгі ойлары «Ақиқат сыйы» еңбегінің ғылыми мұрасы адамзаттың саяси ойларының дамуына өз әсерін тигізетіндігі және шығармадағы әлеуметтік-саяси көзқарастар туралы жазылады. Аталмыш шығарма өлең түрінде жазылған дастан және оның негізгі мазмұны тәлім-тәрбие беретін дидактикалық ойларға құрылған философиялық толғау болып табылады және имандылық пен адамгершілік туралы ойларға тола танымдық және насихаттық сипаттарға ие. Ахмед Йүгінекидің әлеуметтік көзқарастарындағы ең басты және негізгі орын әлемді жаратушы Алла тағалаға арналады. Ол адамзаттың ақиқатқа жету жолында осы қоғамды жаратушы Алла деп тануын және барлық әлеуметтік болмыстың базалық негізі ретінде есептейді. Бұл ерекшелік Ахмед Йүгінеки заманында өмір сүрген ойшылдар М.Қашғари, Ж.Баласағұн, Ахмед Ясауи еңбектерінде Дидактикалық сипаттағы өлеңнің бірінші бөлігі білімнің пайдасы мен надандықтың зияны туралы ақыл сөздерден басталады. Екінші бөлімде тілдің маңызы, сөйлеу мәдениетін дамыту жөнінде кеңестер берсе, үшінші бөлімде дүниенің бір қалыпта тұрмай, өзгеріп тұратындығы сөз болады. Дастан жомарттықты, қарапайымдылықты, сыпайылықты, өршілдікті дәріптеп, менмендік пен надандықты, сараңдық пен дөрекілікті айыптайды. Автор сол замандағы адамдардың осы іспеттес ұнамды, ұнамсыз моральдық-этикалық ерекшеліктерін атап қана қоймай, сонымен бірге мінез-құлықтың жақсы қасиеттерін қалайша тәрбиелеу, сондай-ақ оның теріс қасиеттерін жою жөнінде бірсыпыра пайдалы кеңестер мен ұсыныстар береді
33. 1962 жылы Фидель Кастроның шақыруымен Куба еліне сапарға барып, оның інісі Рауль Кастромен кездеседі. Сол жақта әскери қызметшілерге дәріс оқып, кейін осы сапары туралы "Куба әсерлері" атты жазған Б.Момышұлы туралы айтыңыз. Бауыржан Момышұлы (24 желтоқсан 1910 - 10 маусым 1982) — Кеңес одағының батыры, жазушы, Екінші дүниежүзілік соғыстың даңқты жауынгері, әскери қолбасшы, стратег және тактик. Батыс майданындағы 16 армияның 316 (1941 жылдың қарашасынан бастап 8-гвардиялық Қызылту атқыштар дивизиясы 1073 атқыштар полкінің батальон командирі. Ұлы Отан соғысына генерал-майор И.В. Панфилов басқарған әйгілі дивизиясының құрамында 1941 жылдың қыркүйек айынан бастап қатысты. Батальон командирі ретінде аға лейтенант Бауыржан Момышұлы Москва үшін шайқаста 207 рет ұрысқа қатысты. 1928-1930 жылдары бастауыш мектепте ұстаздық етеді. Біраз уақыт аудандық атқару комитетінің жауапты хатшысы ретінде қызмет атқарады. Аудандық милицияда 6 айдай жұмыс істейді. 1932 - 1934 жылдар аралығында Қызыл Армия қатарына қызмет етеді. 1933 жылы полк мектебін бітіреді. Атқару комитетіндегі қызметімен көзге түскен Бауыржан Тимофей Дубовиктің қолдауымен Шымкент өнеркәсіп банкінің экономисі болады. Осы қызметте жүрген уақытта 1936 жылы Республикалық банктің меңгерушісі Б.М.Барханның жолдамасымен Ленинградтағы Финанс академиясының жанындағы бір жылдық курсты бітіреді. Біліктілігін бағалаған басшылық оны КСРО өнеркәсіп банкінің республикалық басқармасына аға консультант ретінде тағайындайды. 1936 жылы жаңадан құрылып жатқан бөлімге взвод командирлігіне шақырылады. Бұл кезде рота командирі, полк штабы бастығының көмекшісі болады. 1939 жылы әкесі Момыш қайтыс болады. 1946-1948 жылдары Ворошилов атындағы әскери академияның тыңдаушысы болады. 1948-1950 жылдары 49-атқыштар бригадысы командирінің орынбасары қызметін атқарады. 1952 жылы Кеңес Армиясы Бас Штабының жанындағы Жоғары әскери академияны тәмамдайды. 1953 жылы академик Ван-Чон-Худың басқаруымен келген Қытай делегациясымен кездеседі. Соғыстан кейін 1950-1955 жылдары Совет Армиясы әскери академиясында сабақ береді. 1956 жылы полковник атағымен отставкаға шыққан cоң, елге оралады. Батыр енді толықтай шығармашылықпен айналысады. Ол қазақ және орыс тілдерінде бірдей жазып, өз өміріндегі көрген білгендерін шығармаларына арқау етеді. Оның қаламынан туған, өмір шындығының негізіндегі тамаша романы мен әңгіме, повестері қалың оқушының іздеп оқитын шығармаларына айналады. Олар бірнеше қайтара басылып шығарылды. Бауыржан соғыс уақытында Серігім, Жазушыға, Қалыбек аға, Біреулерге, Омарбекке, Жардың мұңы, Ғ-ға, Ана тілін ардақта, Досыма, Толғау атты өлеңдер жазған. 1952-1956 жылы Офицердің күнделігі, Бір түннің тарихы, Біздің семья деген алғашқы кітаптары жарық көрді.