1. Ерте мемлекеттік құрылымдар. Сақтар (б з. б. VII-III ғ.ғ.). Қазақстан және Орал далаларында сақтар мен сарматтар билік құрған дәуірді тарихта «ерте темір ғасыры»


Ортағасырлық қалалар мен қоныстар – әскери-әкімшілік, мәдени, сауда мен қолөнер орталықтары ретінде



бет13/50
Дата25.12.2023
өлшемі141,75 Kb.
#143196
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   50
Байланысты:
гооссссссссc

26. Ортағасырлық қалалар мен қоныстар – әскери-әкімшілік, мәдени, сауда мен қолөнер орталықтары ретінде.
VI ғасырдан бастап Қазақстанның оңтүстігінде егіншілікпен айналысқан халықтар өздері тұрған мекен-жайларының орнына қалалар сала бастады. Қазақ жеріндегі алғашқы қалалар Оңтүстікте, Жетісу өңірінде және Орталық Қазақстанда пайда болған. Қалалар қолөнер, зат айырбастау және сауданың дамуына байланысты пайда болды. VІІ-XIII ғасырларда жол бойында Аспара, Талхиз, Мерке, Құлан, Исфиджаб және басқа қалалар салынды. Қала қамалдарының жеке билеушісі әсем оюлы өрнектермен, ағаш, бедерлі қыш суреттермен әшекейленген кең сарайларда тұрған. Қалалар қолөнер мен сауданың орталығы болды. Қалалар шет елдермен, қала маңындағы дала көшпенділерімен алыс-беріс саудамен айналысты. Қалаларда жүргізілген археологиялық қазба жұмыстарынан теңгелер табылды. Яғни, саудада теңгелердің пайдаланылғанын көрсетеді. ІХ-ХІІІ ғасырдың бас кезінде аталған аймақтар мұсылман мәдениетінің ықпалына түсті. Осы өңірлерде көптеген жаңа қалалар салынып, құрылысында өзгерістер байқалады. Жетісу маңындағы Талғар қаласы орман және мұнаралы жолдармен қоршалып, орам-орам болып салынған. Талғар қаласында жүргізілген қазбадан сүйектен жасалған шахмат фигуралары табылған. Қалаларда діни мекемелер үшін құрылыстар, ел билеушілеріне арналған үйлер, су құбырлары салынды. Қалалар өсті, олардың өзіндік ерекшеліктері болды. Қала үш бөліктен тұрған: Қамал(Бекеніс)-қаланың орталық бөлігі. Онда патшаның және әкімшілік басқару орындары, қала билеушісінің сарайы орналасқан. Шаһарстан-билеушілер, ақсүйектер, діни қызметкерлер және қаланың бай халқы мен қолөнершілері тұрған бөлік. Рабат-қолөнер шеберханалары орналасқан қала бөлігі. Осы кезде салынған көне қалалар бір-біріне ұқсамайды. Қазақстан қалалары әкімшілік, қолөнер, сауда-экономикалық орталық болумен қатар, ғылым мен мәдениет ордасы қызметін атқарған. Бұл қалаларда әлемге әйгілі Әбу Насыр әл-Фараби, Махмұд Қашқари, Жүсіп Баласағұн, Қожа Ахмет Яссауи сияқты ғалымдар өмір сүріп, еңбектерін жазған.
Қалаларда сәулет өнері дамып, архитектуралық ескерткіштер, мешіттер, медреселер, кесенелер көптеп салынды. Х-ХІІ ғасырлар аралығында салынған Бабаша хатун кесенесі, Айша бибі кесенесі, Қарахан кесенесі, Сырлытам кесенесі, Тараз, Отырар, Баласағұн қалаларындағы моншалар - сәулет өнерінің тамаша туындылары болып табылады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   50




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет