23. Ахмед Иүгінеки «Ақиқат сыйы» адам бойындағы қасиеттер туралы ойлары? Ақынның біздің заманымызға жеткен “Хибатул – хақайық” (“Ақиқат сыйы”) атты кітабы – тәлім-тәрбие, адамгершілік, білім, кісілік туралы өнегелерді өлең өрнектерімен айтып, ұрпақты ұлағаттылыққа тәрбиелейтін аса құнды, данышпандық ойларға толы даналық мұра. “ Бұл даналық шығармада ақын тәлім-тәрбиенің негізі-адам болуға, кісілікке тәрбиелеу екенін баса көрсетіп, ол үшін әрбір адам оқып, білім алу керек деп бастайды. Айтайын білім жайын, құнты бар бол, Ей, достым, білімдіге ынтазар бол. Ашылар білімменен бақыт жолы, Білім ал жолға түсіп бақыт толы. Білімді – алтын, нұры ашылатын, Білімсіз – қара бақыр шашылатын… Жүрсе де тым шіреніп, Білімсіз жан – тірі өлік, – деп, ақын білімсіз, надан адамның адамдық бейнесі болмайтынын басып айтады. Халқымыздың “оқу-инемен құдық қазғандай”, “Оқу – білім қазығы, білім-өмір азығы” деген мақалы осы бір отты қайнар көзінен туындаған болу керек.
24. .Шыңғысханның «Жаза» заңындағы Ұлы Дала заңының мазмұнын ашып, сараптау. Яса азаматтық және әскери істерде орындалмағаны үшін берілетін жазасы бекітілген оңтайлы заңдар жиынтығы. 1206 ж құрылтайда Яса жарияланды. Яса Шыңғысхан ұрпақтары үшін бұзылмайтын заң болды. Ондағы жазылған заңдылықтардан олар мүлде ауытқыған емес. Жазылған наңдар азды көпті жекелеленген адамдар мен тайпалардың өмір салтына сәйкес болды. Мүмкін діни ырымдарын, еріктілігін анықтай келе ру құқығын бекітті. Қасиетті нәрселерді қорлаушыларды масқаралады және адамдар арасындағы қарым қатынасты ретке келтірді. Яса заңы билікпен қаулылармен толтырылған ұйғыр жазғыштарына арнайы айтылған және көк дәптерге жазылған. Өкінішке орай жойылып кеткен, дегенмен Рашид ад Дин жазбалары бойынша қалпына келтірілген. Көпшілікке түсінікті болуы керек болған бұл заң қысқаша және нақты тұжырымдалған. Шыңғысханның Ясасы 32 заңнан тұрады. Бұл оның конституциясы. Адам азғындық жасады- жазаланды, сатқындық жасады- жазаланды. Осылайша таза адамгершілік пайда бола бастайды. Шыңғысхан адамның рухани, интеллектуалды қасиеттерін өте жоғары бағаланған. Сондықтан оның жанындағылар оған адал болған. Ол өз ойын барлығымен бірге бөлісе бермеген, бөлісетін адамын тани білген. Шыңғысхан заңдары мынадай заң бұзушылықтарды өлім жазасына кескен: 1. Ұрлық, тонау, ұрланғанды сатып алу 2. Қашқын құлды бүркеу 3. Жақынға қиянат жасауға бағытталған дуагерлік 4. Үш рет қарызды қайтармау 5. Соғыста және жорықта абайсызда қаруын жоғалтқан жолдасына қаруын қайтармау 6. Жолаушыға ас және су беруден бас тарту. Негізінде Яса өмірдің барлық жағы тәртіптелінген: 1-шіден әскери жағын, сауда жағын, тіптен отбасылық жағдайды да. Осыған байланысты жазалау деңгейі де қарастырылған. Мысалы адам саудамен айналысуды ойлап, суды алса берген. Егер шығынға батса кешірген. 2-ші рет те осылай қайталанса, тағы да кешірген. 3-ші рет қайталанған жағдайда ғана оны қаражатты шығындағаны үшін жазалаған. Отбасылық жағдайда да осылай реттелген. Барлығы нақты және рет-ретімен болған. Үй шаруасының қандай шаруа екендігі, әйелі мен ерінің міндеті де нақты айтылған.
25. Алаш қозғалысының аса көрнекті қайраткері, заңгер, кейін қазақ астаналары Қызылорда, Алматы қалаларында әртүрлі қызметтер атқарып, 1930ж. Мәскеуге ауысады. Сол жылы қазан айында тұтқындалып, 1932 ж. Воронежге 5 жыл мерзімге жер аударылады. АҚШ, Германия, Франция, Англия т.б. алпауыт мемлекеттердің заң жүйесін шебер меңгерген. Ж.Досмұхамедұлы туралы мәліметтер айтыңыз. Алаш қозғалысының аса көрнекті қайраткері, заңгер, кейін қазақ астаналары Қызылорда, Алматы қалаларында әртүрлі қызметтер атқарып, 1930ж. Мәскеуге ауысады. Сол жылы қазан айында тұтқындалып, 1932 ж. Воронежге 5 жыл мерзімге жер аударылады. АҚШ, Германия, Франция, Англия т.б. алпауыт мемлекеттердің заң жүйесін шебер меңгерген. Ж.Досмұхамедұлы туралы мәліметтер айтыңыз. Халел Досмұхамедұлы 1883 жылдың сәуір айында Атырау облысындағы Тайсойған құмында көпбалалы отбасында дүниеге келген. Кішкентайынан зейінді болып, зеректігінің арқасында сол замандағы алдыңғы қатарлы оқу орындарының бірі Орал қаласындағы әскери реалдық училищені үздік бітірген. Соның арқасында 1903 жылы арнайы жолдамамен Санк-Петербургтегі императорлық әскери медицина академиясына оқуға қабылданады. Халелмен қатар мұнда Нұрғали Ипмағанбетов пен Сәдуақас Шалынбеков болатын. Халелдің Петербурдағы студенттік шағы империяның саяси толқуларға толы кезеңімен тұстас келді. Бұл жағдай болашақ күрескердің саяси сауатын ашып, өз ұстанымын қалыптастыруына зор ықпал етеді. Ол түрлі студенттік үйірмелердің жұмысына қатысып, бірқатар партиялардың бағдарламаларымен танысады. 1909 ж әскери медицина академиясын үздік бітірген Халел Досмұхамедұлы Орал-Қазақ атқыштар батальонында әскери кіші дәрігер міндетін атқарады. 1913 ж әскери борышын өтеуден толық босап, Орал облысының темір уезіне бөлімшелік дәрігер болып орналасады. Туған ауылында 3 бөлмелік үй салдырып, оның 1 бөлмесінде өзі сырқаттарды қабылдайды.Тағы бір бөлмесінен мектеп ашады. Осылайша шағын ғимарат сол кездегі аймақ жұртының кішігірім мәдени ағарту орталығына айналады. Бұл үй ел аузында Халелдің ставкасы аталып кетті. 1913,14,14 ,15 жылдары көптеген мақалалар жазады. Ол мақалалардың бәрі негізінен ағарту жұмысы, ауруларды болдырмау, күресу жолдары туралы болатын. 20ғ алғашқы ширегінде Батыс Қазақстанда оба індеті белең алып, Досмұхамедұлы індетпен күресуде барын салады. 1918 ж көктемде орталық Алаш ұкіметінің тапсырмасымен Халел Мәскеуге келеді. Сол кезде ұлт істері бойынша халық комиссары Сталинмен келіссөздер өткізеді. Ығылман Шөрекұлына көтеріліс туралы мәлімет беріп, суырыпсалма ақынның жырын үлгеріп жазып алу үшін Халел арнайы киіз үй тіктіріп, 5 адамды қатар отырғызған. Осылайша көркемдік дәрежесі жоғары Исатай-Махамбет атты тарихи дастан дүниеге келеді.1924 ж Орынборда өткен қазақ-қырғыз білімпаздарының тұңғыш сьезінде араб әрпіне лайықталған қазақ графикасы қабылданды, алайда 1926ж Бакуде өткен бүкілодақтық түркологиялық сьезде латын әліпбиіне көшу мәселесі өткізіліп, қазақ тіліне икемделген жаңа түрік әліпбиін алу туралы қарар шығады. Досмұхамедұлы араб әріпінен бас тартуға түбегейлі қарсы болған. Дегенмен Еуропалықтарға тән әріпті қолдану қажеттігін түсініп, өзі жасаған латын әрпі біршама уақыт Қазақстанның басты жазба мәдениетінің игілігіне айналады. Ол өзінің Ташкентте жүрген кездерінде әр жылдары білім, ғылым, баспа саласында түрлу жауапты қызметтер атқарып, ұлттық мектептердің жаңа жүйесі жасалып, қазақ тіліндегі терминология жасау ісі, ұлт тілінде журнал шығару қолға алынады. Қазақ мектептері үшін оқулықтар құрастырылды. Халелдің өзі – зоология, анатомия, физиология, табиғаттану пәндерін, және Вагнердің өсімдіктердің тіршілігі мен түзілуі атты еңбегін қазақшаға аударып, жеке оқулық етіп шығарады. Халел М. Жұмабаевтың талантының жетілуіне жағдай жасалынса ол келешекте ұлы ақын болады деп, Мәскеудегі әдебиет көркемөнер институтының басшысы Валерий Брюсовке хат жазып, Түркістан Республикасы есебінен Мағжанның білім алуына жағдай жасайды.