Көшпелілердің наным сенімдері:
Ерте заманда қарапайым халық адамға малдың аз, көп бітуін мал иелеріне Шопан ата, Зеңгі баба, Қамбар ата, Сексек ата, Ойсылқара сияқты мал пірлерінің ықылас-пейілінің түсуіне байланысты деп есептеген. Малдың пірлері былайша айтқанда, мал өсірушілер мен оны күтушілер қысылғанда табыну дәстүрге айналған. Көшпелі халық қысылған кезде болсын, мейлі ауыр мезеттерде мал пірлеріне жалынып, жақсылық сұраған. Сондықтан мал қадірін біліп өскен халық малдың басынан ұруды, малды аяқпен тебуді, құт қашыратын, мал басын өсірмейтін өрескелдік санаған. «Обал болады, ырыстан айырыласын» деп ондай істерге тыйым салып отырған. Береке, байлықтың көзі малды өсіргенде, оны орынды жарата білу керектігіне де халық қатты көңіл аударған.
Халық жаман сөзден (сұқ) және көз тиюден қорғану құралдарын қолданды. Мәселен, бас киімнің төбесіне бөгде адамдардың «көзінен» қағатын үкі қадап қойды. Сал-серілер мен асқан арулардың бас киіміндегі үкі де соның ишарасы болуы ықтимал. Жаңа туған бота да сырт көзден мұқият жасырылған. Жас ботаға да үкі таққан. Үкінің қауырсыны, тұяғы жын-періден сақтайды деген де сенім бар. Қазақтар кірпі тікенектерін бесікке байлап сәбиді жын-періден сақтайды. Қабанның осы аймақтағы ертедегі нанымдардың жұрнақтарымен байланысты екені анық. Қазақтардың түсінігі бойынша, көшпелі мал шаруашылығына байланысты кейбір заттардың бұрынғы қожайынының «құтын» (бақытын, байлығын, игілігін) алып кететін ерекше күші болған. Сондықтан ат сатқанда – жүгенін, түйе сатқанда – мұрындығын, сиыр сатқанда бас жібін бермеген.
Нан – дәм басы, онсыз өмір жоқ. Сондықтанда дастарқанға алдымен нан қойылады. Таңертең нан ауыз тимей үйден шығуға болмайды. «Асығыспын, нан ауыз тиейін», «Ең құрыса, нан ауыз ти», - деген сөздер бекер айтылмаған.
46. Ахмед Иүгінеки «Ақиқат сыйы» еңбегінің негізгі мазмұны мен ойлары?
Ахмет Иүгнеки (Ахмет Махмұдұлы Жүйнеки) ХІІ ғасырдың орта кезінде өмір сүрген ас көрнекті ақын, есімі кезінде бүкіл ұлан-ғайыр Қарахан мемлекеті түркілеріне мәшһүр ғұлама ақын болған.
“Ақиқат сыйы”- дидактикалық сарында жазылған шығарма. Шығарманың әрбір тарауында белгілі бір мәселе жөнінде әңгіме болады, автор оқушысына тиісінше ақыл-кеңес беріп отырады. Бұл дастан өзінің көтерген тақырыбы мен идеялық мазмұны жағынан ақын өмір сүрген феодалдық қоғамдағы моральдық ұғымдар мен мінез-құлық нормаларының жиынтығы болып келеді.
Достарыңызбен бөлісу: |