1. Ерте мемлекеттік құрылымдар. Сақтар (б з. б. VII-III ғ.ғ.). Қазақстан және Орал далаларында сақтар мен сарматтар билік құрған дәуірді тарихта «ерте темір ғасыры»


Қарахан кесенесі (11-12 ғ) – орта ғасырдағы сәулет өнерінің тамаша туындыларының бірі



бет26/50
Дата25.12.2023
өлшемі141,75 Kb.
#143196
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   50
Байланысты:
гооссссссссc

Қарахан кесенесі (11-12 ғ) – орта ғасырдағы сәулет өнерінің тамаша туындыларының бірі.

  • Кесене «Ежелгі Тараз ескерткіштері» қорық-мұражайына кіреді

  • Археологиялық қазба деректеріне қарағанда имаратты әрлеу үшін басында мүсінді кірпіштің 30 түрі қолданылған. Құрылыс шаршы формасында және порталды-күмбезді типіне жатады. Кесенеде 4 орын-жай бар – орталық зал және үш бұрыш залдар. Төртінші бұрышта төбеге шығатын баспалдақ бар.орта орын-жайдың төбесі киіз үйдегідей жабық. Артында екі мұнара бар. Кесененің басты кіреберісі оңтүстік жақта орналасқан, кіреберіс есігі оюлармен көмкерілген. Шет жақтарында мұнаралар орналасқан. Кіреберіс – арканың ішінде, оның екі жағы 3 текшеден тұрады: тікбұрышты, шаршы және сүйір формалы.

  • Кесене рабадта орналасқан, яғни қарапайым халық арасында болсын деген ниетпен.



Аңыз бойынша, Қарахан Айша деген қызға ғашық болыпты. Бірақ жаугершілік заман екеуінің қосылуына кедергі болған көрінеді. Ақыры, екеуі қосылуға серттесіп, қыз Қараханның ауылына қарай жол тартады. Жолда Айша бибі суға шомылып шығып, киімін киіп жатқанда сәукеле ішіне кіріп кеткен жылан қызды шағады. Қарахан есінен танып, әлсірей бастаған Айшаны молдаға апарып, некесін қидырады. Айша бибі осы жерде батырдың қолында көз жұмады. Сөйтіп, Айша бибінің қайтыс болған жеріне мазар тұрғызады. Қасынан Қарахан өзіне де мазар салғызады.
Қарахан есімі ел арасында беделді, әулие кісі ретінде танылған. Содан оның мазары ел ішінде «Әулие ата күмбезі» аталған және шамамен XIX ғасырдың ортасынан XX ғасырдың басына дейін қазіргі Тараз қаласы Әулиеата атанған.



Жошы хан - Қарағанды облысы Ұлытау ауданында Жезқазған қаласынан солтүстік-шығысқа қарай 50 км жерде орналасқан.

  • Кесене 1227 жылы Шыңғыс ханның ұлы Жошы ханның моласында құрылған деп саналады. Сонымен бірге оны XIV немесе XV ғасырларды Жошы ұрпақтарының бірі салған деген пікірлер де бар.

  • Кесене тікбұрыш формасында жасалған. Композициясы бойынша бұл порталды-күмбезді имарат. Қабырғалары тегіс, порталдың ұзындығы 7,90м, ғимарат 30х30х6, 30х15х5, 25х25х6 мөлшерлі күйдірілген кірпіштен салынған. Сыртқы периметр бойынша кесене мөлшері - 9,5х7,0м ал ішкі периметр бойынша - 5,25х5,25м. Кесене аркасы жұмбақты, әрі әсем жасалған. Имарат екі күмбезді. Сыртқы күмбезі сақталмаған, бұрын ол сирек формалы 17-қырлы тармақты барабанға отырғызылып, тақтайшалармен және көгілдір әйнекеймен әрленген. Ішкі жартылай сфералы күмбез қыш ерітіндісіндегі орамды қатармен салынған. Кесене едені кірпіштерден қаланған. Интерьерге екі жақ бүйір камераларда орналасқан екі аркалық саңылау арқылы жарық түседі.

  • Кесенеде Жошының өзі жерленді деген аңызды кеңес археологтары жүргізген зерттеу нітижелері растайды. 1946 жылы Жошы ханның мүрдесі қазып алынады. Мазарда оң буыны жоқ аз ғана жарылған бассүйегі бар сүлде табылды. Бұл ақсақ құлан аңызын шындыққа жанайды.

  • 1982 жылы ескерткіш қорғалатындар тізіміне енгізілді.

Жошы ханның маңдайына біткен жалғыз ұлы құлан аулауға құмар екен дейді. «Құлан аулау қоян аулау емес, қауіп-қатері көп» деп хан оны аңға жалғыз жібермейді екен. Күндердің күнінде ханзада әкесінен ұрланып, аңға бір өзі шығып кетеді, бір жерлерге келгенде жайылып жүрген бір үйір құланды көреді. Қуанғаннан екі көзі жайнап, қорамсағынан сұр жебесін суырып алады да, жазықсыз жануарларды қынадай қырады. Қырудың қызығына түсіп кеткен ол, оғының таусылғанын да білмей қалады, ханзаданың қауқарсыз халін сезген көсем құлан оны қос өкпеден қос аяқтап теуіп, айдалада өлтіріп кетеді.
Ұлы хабар-ошарсыз кеткен соң, бір сұмдықты білген хан жаманатты естуге дәті бармай былай деп жар салады: «Кімде-кім баламның өлгенін есіттірер болса, аузына қорғасын ерітіп құямын». Мұндай сөзді естіген соң жаман хабарды барып айтуға кімнің батылы жетсін! Ешкім тіл қатып, тіс жармайды.
Бір күні тақта отырған ханның алдына қызметшісі жүгіріп келеді: «Алдияр тақсыр, ханзаданың хабарын білем деп есік алдына бір кісі келіп тұр» дейді ол. Хан: «Кірсін!» деп әмір етеді. Ішке қолында домбырасы бар бір кісі енеді. Хан: «Жолаушым, білгеніңді жасырмай түгел айт!» — дейді. Сонда күйші қолына домбырасын алып: «Менің білгенімді екі шек пен бір тиек айтып береді», — деп күмбірлетіп жөнеледі.
Күйдің алғашқы шумақтарынан шапқан аттың тұяқ дүбірі естілгендей болады. Көзінің қарашығындай жалғызы үй жанына кеп қалды ма деп жүрегі тулап қоя береді. Ханның жүзіне қан жүгіріп шырайлана түседі. Бірақ осы мезетте үстіңгі шектен жан дүниеңді әлем-тапырық еткен орны толмас өкініш пен қайғының сұмдық сарыны құлаққа келген еді. Домбыра адамша жылап, адамша егілді. Хан қабағын демде қара бұлт жайлап, еңсесі түсіп қоя береді. Қол созған жақсы үміті көзден ғайып боп, көңілін қапалықтың ауыр мұңы басады. Ендігі сәтте күйші құланды көрген ханзаданың қуана салған әнін, ажал алып зуылдай ұшқан сұр жебенің дыбысын, өлімнен қашқан аңдардың тұяқ дүбірін суреттегенде, ханның ойы отызға бөлінеді. Күй тілін түсінуді бұған несін жазды екен тәңірі! Күй шарықтап шырқау шегіне жетті — кенет арындаған екпін кілт үзілді де, домбыра көмейінен жан тәсілім еткен жанның ақырғы демі естілгендей болды. Ханның өңі сазарып қоя берді де, орнынан атып тұрды. Екі көзіне қан толып, бармағын тістелей берді. Күйші бұл кезде бастапқы қаралы тақырыпқа қайта оралып, күй екпіні әлсіреп, қайраты кеміп, дүниеден көшіп бара жатқан пенденің жете алмай кеткен арманын айтып, жанары сөніп бара жатқандай еді. Хан жас жуған жүзін екі алақанымен басып отырып қалды. Бірақ есін тез жинап алды да, өз әмірін екі етпей орындамақшы боп: «Жалғыз ұлымның жапанда мерт болғанын естірттің, жазаңды ал ендеше», — дейді де, — «жақсыны да, жаманды да айтпасын, осымен өмір бақи үні өшсін» деп домбыраның көмейіне балқыған қорғасын құйдырады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   50




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет