1. Ерте мемлекеттік құрылымдар. Сақтар (б з. б. VII-III ғ.ғ.). Қазақстан және Орал далаларында сақтар мен сарматтар билік құрған дәуірді тарихта «ерте темір ғасыры»



бет31/50
Дата25.12.2023
өлшемі141,75 Kb.
#143196
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   50
Байланысты:
гооссссссссc

Петицияшылар патшадан:

  • ауыл, болыс басшылары мен хатшыларды сауатты қазақтардан тағайындау;

  • қазақ ауылдарына кристиан уағызшылардың келуіне тыйым салу;

  • емін-еркін мешіт, медресе салу, типография ашып, газет, кітап шығаруға рұқсат беру;

  • іс қағаздары, құжаттар қазақ тілінде жазылуын;

  • би сотын әділет министрлігіне бағындыру;

  • қазақтарға балығы, тұзы бар өзендер мен ормандарды пайдалану, зауыт салу, пайдалы қазбалары бар жерді жалға беруге рұқсат беру;

  • Ресейдің кез келген жерінен жылжымайтын мүлік сатып алуға рұқсат беруді және тағысын-тағын сұрады.

Петициядан кейін қазақтар Мемлекеттік думаға сайлана бастады. Жалпы, 9 қазақ оның екі шақырылымына мүше болды.
Петиция император Николай II-ге жіберіліп, оған 15 мыңнан астам адам??? қол қойды.
Қазақ даласы үшін бұл петиция өте маңызды болды, өйткені ол проблемалардың барлық спектрін қамтып, шын мәнінде ұлттық қозғалыстың бағдарламалық мақаласына айналды.


54. .Қасым ханның Қасқа жолы», «Есім хан. Есім ханнның Ескі жолы», Тәуке ханның «Жеті Жарғы» заңдарына талдау жасау.
«Қасым ханның қасқа жол» деп аталатын заң – қазақ арасында бұрыннан қалыптасқан әдет-ғұрып ережелері негізінде Қасым хан тұсында жасалған.
Оның жасалуына себеп болған жағдайлар мыналар:
1. Қасым ханның билігі тұсында қазақ қоғамы анағұрлым жоғары сатыға көтеріледі;
2. Қазақ халқының этникалық аумағы толығымен біріктіріледі;
3. Хандық билік этникалық аумаққа толық тарап, рөлі артады;
4. Халықтың саны Қасым хан тұсында бірнеше есе өседі;
5. Қазақ хандығының жаңа қалыптасқан жағдайына бұрынғы әдет-ғұрып заңы сай келмейтіндіктен, оны жаңа дәуір талаптарына сай бейімдеу қажеттілігі туады.
Бұл заңға енген ережелер:
1. мүлік заңы (жер дауы, мал-мүлік);
2. қылмыс заңы (кісі өлтіру, талау, шапқыншылық жасау, ұрлық жасау, ұрлық қылу)
3. әскери заң (аламан міндеті, қосын жасақтау, қарақазан, ердің құны, тұлпар ат)
4. Елшілік жоралар (майталман шешендік, халықаралық қатынастағы сыпайылылық, әдептілік, ибалылық)
5. жұртшылық заңы (шүлен, ас, той, мереке, думан үстіндегі ережелер, жасауыл, бекеуіл, тұтқауыл міндеттері)
Соның бірі - шүлен тарату. Шүлен дегеніміз жомарттық, байлық, бақыт дегенді білдіреді. Қазақ малшыларының мал басы артып, қорасы қойға, табыны сиырға, өрісі жылқыға толғанда, байлар мал басына құрбан береміз деп, ақсарбас қой сойған, қасқа тай атаған, ақ түйенің қарнын жарған. Осындай жомарттық танытқан адамдарды қазақ шүлен адам екен деп атаған. Осыған байланысты жағдай төмен отбасыларға, жетім-жесірге, туыс-туғандарға, қиындық көріп және ауырып жүрген адамдарға шүлендік таратылған, яғни көмек көрсетілген. Қорасына қой салып, басында панасы болмағандарға үй салып беретін жомарт адамдар болған.
Бұл - берекеге, бірлікке, көмекке, жәрдемге, қайырымдылыққа, адамдыққа және ар мен иманға құрылған дәстүр.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   50




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет