Қаланың қасы бүлгенде, Хандар қалаға қалған, Сұлтандар суға салған, Қаз мойынды ханыша Қалада тұрып жылаған. Тал шарбаққа мал сақтап, Тас қалаға жан сақіпап... " — деп толғағаны осы ойымызды дәлелдейді. "Есім ханның ескі жолындағы" қызға төленетін қалың малдың кесімді мөлшері бес түрлі болған. Олар: 1. "Жүз қырықтың қалыңы" — жүз қой, қырық қара деген кесім байлар мен билердің қызының қалыңы. 2. "Жүз жиырманың қалыңы" — жүз қой, жиырма қара деген кесім одан кейінгі орташа қызының қалыңы. 3. "Қырық жетінің қалыңы" - жеті қара, кырық қой деген кесім (байлардың, билердің "қатын үстіне" алатын кедейлердің қыздарына төленетін қалыңы). 4. "Он екі қара" — "дөңгелек қалың" (қатыны өлгендердің кедейдің қызын айттырғанда төлейтін қалыңы). 5. "Сегіз қара" (жарлы-кедейлердің бір-бірімен құда болып қызын айттырғанда төлейтін қалыңы). Әйел құны да осы кесімге орай шешіліп отырған.
56. Ахмед Иүгінеки «Ақиқат сыйы» еңбегіндегі негізгі мазмұны мен идеялары? “Хибатул – хақайық” (“Ақиқат сыйы”) атты кітабы – тәлім-тәрбие, адамгершілік, білім, кісілік туралы өнегелерді өлең өрнектерімен айтып, ұрпақты ұлағаттылыққа тәрбиелейтін аса құнды, данышпандық ойларға толы даналық мұра. Кітаптың аты араб тілінде қойылғанмен, ондағы өлеңдер орта ғасырдағы түркі тектес халықтардың көбіне түсінікті болған Қараханид түркілерінің тілінде жазылған. Түрік ғалымы Рашид Арат Рахмат дастанының толық текстін әзірлеп, оны латын әрпімен кітап етіп шығарды. “Ақиқат сыйының ” прозалық және поэтикалық аудармалары қазіргі қазақ тілінде де жарық көрді (Ахмет Иүгнеки. Ақиқат сыйы, Алматы, 1985 ж.). Бұл даналық шығармада ақын тәлім-тәрбиенің негізі-адам болуға, кісілікке тәрбиелеу екенін баса көрсетіп, ол үшін әрбір адам оқып, білім алу керек деп бастайды Айтайын білім жайын, құнты бар бол,