1 Ғабиден Мұстафин «Шығанақ» 57 бет,1945 жыл


)Әзілхан Нұршайықов “Ақиқат пен аңыз” 59 бет



бет11/11
Дата13.04.2023
өлшемі41,99 Kb.
#82270
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
16)Әзілхан Нұршайықов “Ақиқат пен аңыз” 59 бет

Келісімен ол: «Б. Момышұлы Шымкент өнеркəсіп банкының экономисі болып тағайындалсын» деген бұйрық жазып, қолын қойды да, Корнеев деген аға экономисті шақыртты.




17) Әзілхан Нұршайықов “Ақиқат пен аңыз” 170 бет

Адамдарды жаңа жайғастырып бола берген кезімізде дивизия штабынан бұйрық келді. Онда: «Полктағы ұлты орыс емес командирлер мен саяси қызметкерлер бүгін, 16 декабрьде, сағат 18.00-де тегіс дивизия штабына келсін» делініпті.




18)Ілияс Есенберлин Көшпенділер 2 “Жанталас” 23 бет

Шах-Саид оғланды Тахир-сұлтан ұстап бергеннен кейін, Абдолла хан оны өз жағына шыққан екен деп, хат жазып, кісі жіберген. Хатында: «Сізге сенімім зор. Бас иіп, алдыма келіңіз, не болмаса қаланы тастап, өз беттеріңмен кетіңдер» деген.




19)Әзілхан Нұршайықов “Ақиқат пен аңыз”146 бет

«Қымбатты жолдас Момышұлы!


Осы жаңа ғана Александр Бектің «Волоколам тас жолы» кітабын оқып шықтым. Кітапта Отан соғысындағы Сіздің алғашқы ұрыстарыңыздың тарихы суреттеліпті. Егер мен дұрыс ұқсам, Сіз өз басыңыздан кешкен оқиғаларды əрі шынайы түрде, əрі көркем етіп жазушыға баяндап бергенсіз.
Міне, кітаптың соңғы бетін жаптым, бірақ Сіз менің көз алдымда қалдыңыз. Сіздің батылдығыңыз, байсалдылығыңыз, ойшылдығыңыз бəр- бəрі көкірегімде сайрап тұр...
Менің Сізге деген сүйіспеншілігімді айтып, Сізді шын жүректен құттықтауыма рұқсат етіңіз.
Сіздің іс-əрекетіңіз, ой-қиялыңыз, қамқорлығыңыз, ұйқысыз өткерген түндеріңіз жайында оқығанда мен нағыз командирдің қандай болуы керектігін білдім...
Менің барлық жолдастарымның — болгар армиясы командирлерінің Сізге деген алғысын қабыл алуыңызды өтінемін.
Біздің қуанышымыз жəне қуатты Совет Одағының даңқы үшін Сіздің деніңіздің сау, көңіліңіздің сергек болуын тілейміз.
Болгар əуе күштері, Ұшқыш поручик
26 июль 1947 ж. Банкя қаласы». ЛИЛО ИВАНОВ НЕНОВ


20)Сапарғали Бегалин “Бала Шоқан” 161 бет


Соны тыңшылар патшаға жеткізіп қойыпты. Патша ағзам қаһарына мініп: «Ондай бейпілауыз адамды жазалап, түрмеге отырғызу керек», — деп бұйрық береді. Ол кезде Ковалевский Пекинде жүргендіктен бұйрық орындалмай қалады, — деп тоқтады.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет