1 Ғабиден Мұстафин «Шығанақ» 57 бет,1945 жыл


)Әбдіжәміл Нұрпейісов “Қан мен тер” 64 бет



бет4/11
Дата13.04.2023
өлшемі41,99 Kb.
#82270
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
11)Әбдіжәміл Нұрпейісов “Қан мен тер” 64 бет

Ұры-қары көбейіп кетті, тақсыр.


─ Мал ұрлай ма?
─ Ие, мал ұрлай - туң. Маза бермей - туң.
Кісі өлтіріп жатқандар да бар,- деді Тəңірберген. Урядник аузына апара берген асын кейін тартып aп, болысқа көк көзі шатынай қарады:
─ Бізге неге хабарламадың?
─ Тақсыр, үлгіре алмай жатырмыз.
─ Безобразие! Ну, олар кімдер?
─ Еламан деген бір ұры таяу арада орыс байын өлтірді. Оны айдатып жібердік. Енді Кəлен деген ұры шықты. Қауіпті. Кісі өлтіруден тайынбай - туң.
─ О, конечно... Ондай кісіні ұстау керек.- Тəңірберген ұлыққа таман ысырыла түсті:
─ Тақсыр, Кəленнің мал - мүлкін үптеп, Сібірге айдату керек.
Фактісі толық болса, конечно...
─ Актысы бар. Кəленнің қолындағы малдың бəрі əр ауылдан ұрланған. Қазір иесі шығып жатыр.


12)Дулат Исабеков “Бонапарттың үйленуі” 7бет

–Қалайсың? – дейді. Ол үндемейді, немере ағасына қарап есі ауысқан адамдай балпиып жатады да алады. Ертесіне тағы келіп.


–Қалай?– деді.
Ол иығын қозғады.
–Қалайсың ей? – деді екі күннен соң. Үшінші күні:
–Қалайсың ей, иттің баласы? – деді ашуланып. – Неге жазылмайды о бəлең!
–Қайдан білейін...
–Сен білмегенде кім біледі, айдалада жүрген мен білем бе?
–Енді қайт дейсің. Ойнап жатқан жоқпын ғой.
–Сен бəле жұмыстан қашып əдейі жатқан шығарсың. Ары кеткенде он күнде жазылып кететін нəрсе еді ғой.
–Сенбей тұрсың ба?
–Əрине. Дайын тамақ, салулы төсек. Ей, мынауың не?–Дөржан оның жастығының астынан аузы қылтиып тұрған бөтелкені суырып алды.


13)Дулат Исабеков “Бонапарттың үйленуі” 10 бет

–Кімді боқтап жүрсің ей?– деді Дөржан оны қорқытпақ боп. –Кімді болушы еді, əйтеуір сен емессің.


–Енді кімді?
–Бəрін.
–Онда мен де кеттім ғой.
–Кетсең кет, өзгелерден əулиемісің?
–Көппен көрген ұлы той, жарайды, кеттім, – деді Дөржан мынандай қуанышты күні дарқандық танытып.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет