1) Қазақ даласында көшіп жүрген Орынборға қарайтын барлық қазақ ауылдары Россия империясының бөлінбес меншігі деп саналады. Әр шаңырақтан күмістей бір сом елу тиын салық алынылады.
2) Қазақ ауылдары патшаға салық төлейтін болғандықтан, олардан зекет жинауға сізге рұқсат етілмейді.
3) Ауыр қылмысты істер Россия империясының заңыменен сотталады. Ал елу сомнан асып түсетін алым-беріс істер шекара комиссиясында қаралады.
4) Орыс, татар, башқұрт қашқындарына пана беруге рұқсат етілмейді. Қазір күнде Кенесары қарамағында жүрген мұндай адамдар тез Россияға қайтарылуға тиіс.
5) Россия ақ патшасының билігінде болғандықтан Кенесарының ақ патша өзіне қас санайтын кісілермен яки мемлекеттермен ешбір қарым-қатынас жасауға қақысы жоқ.
6) «Сұлтан мырза, сізге, сіздің туыс, серіктеріңізге үкімет өзі бермеген дәреже, шенді өз беттеріңізбен алуға бұдан былай қарай ешбір рұқсат етілмейді» делінген.
5)Әзілхан Нұршайықов “Ақиқат пен аңыз” 261 бет
«КУƏЛІК» «Осыны ұсынушы Бауыржан Момышұлы Қызыл Ту орденді 8-ші гвардиялық атқыштар дивизиясында тұрақты əскери қызмет атқарады». Осыдан кейін бұл куəліктің «Қызмет бабы жəне əскери атағы» деген тұсына мынадай мəліметтер жазылыпты: 1) 26. II. 1941 ж. 1073 атқыштар полкының командирі, аға лейтенант. 2) 10. 12. 1941 ж. 1075 атқыштар полкы командирінің орынбасары, аға лейтенант. 3) 23. 2. 1942 ж. 1073 атқыштар полкының командирі.
6) Ілияс Есенберлин Көшпенділер 2 “Жанталас”64 бет
Қазақ елінің Россия патшалығының
қарамағында болуына күрделі еңбек істеп жүрген Тевкелев осыдан бір жыл бұрын ғана Сыртқы істер коллегиясына жолдаған хатында: «Қырғыз-қайсақ жұрты тәрізді қалмақ пен башқұрт халықтарының да сана-сезімі төмен. Бәрі де тағы және терең ойламайтын елдер... Егерде әлдеқалай біреуі Россия патшалығына қарсы бас көтерер болса, қалған екеуін оған қарсы пайдалану керек. Мұндай жағдайда біз айыпты емеспіз, біздің ұят-арымыз қашан да болса таза қалады» деген.