1 Ғабиден Мұстафин «Шығанақ» 57 бет,1945 жыл


)Сәбит Мұқанов “Батыр қыз” 9 бет



бет5/11
Дата13.04.2023
өлшемі41,99 Kb.
#82270
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
14)Сәбит Мұқанов “Батыр қыз” 9 бет

– Əкел пулеметті! – деді Мəншүк, судан кемерге шыға беріп Терентийге.


– Қайтесің оны?
– Арқалап апарам арғы жағаға.
Көтере алмайсың, – деді Терентий, кемерден шығып пулеметті ұстай берген Мəншүкке, бергісі келмей тартпақтап.
Тарт қолыңды, Терешка! – деді Мəншүк жекіп, қорықсаң тұра бер өзің осы жағада.
– М-м-ма-ша!..
– Біз .. – деп келе жатыр еді кезектестің тағы біреуі.
– Тыңдағым келмейді, арқалатыңдар!–деді Мəншүк бұйырған үнмен.
Пулеметті сүйрей жағадан сырғи берген Мəншүкке қосарлана Терентий де түсе қап еді:
– Арқалат, маған! – деді Мəншүк Терентийге. – Мен арқалайын, Маша!..
– Біз! – десті басқа кезектестер.


15)Ғабиден Мұстафин “Қарағанды” 8 бет

— Тереңдігі қанша?


— Жүз метр шамасында.
— Астында көл жатыр дейді ғой, Ермек?
— Мүмкін. Суы көп болатын, жиылған шығар.
— Сол суды пайдалану керек. Чайков жер астынан екі жерден су тауыпты. Оны да пайдаланамыз. Сонда əзірше су мұқтаждығы жойылады.
— Тамаша!—деп тамсанып та қойды. Оның ойында тек құдық, өзен ғана. Басқа су есінде жоқ.
— Қалай пайдаланбақсыңдар?
— Борис Михайлович есебін табады. Машинамен тартады. — Машина қайда?
— Машинаны өзі жасайды.
Козлов басын шайқай, сылқ-сылқ күлді.
— Неден жасайын? Жұртта қалған мынау салдамалардан ба?


16)дулат Исабеков “Қарғын” 95 бет
- Денсаулығыңдыбұзасың ғой, тамақ ішіп алсаңшы,- деді әйелі оның бұл сөзден соң қайыра отыра салмасын білсе де жан ашу танытып.
- Машина кеп қалды. Әне, күтіп тұр.
- Әлгі нәрсе не, хат па? Сонша үңілдің ғой?
- Жай...Сенін үстіңнен түскен арыз!
- Кім жазыпты?- Ол да әзілге орай сұрақ қойды.
- Студент кездегі қыздарым. Олар картаймапты, әлі сол күйінше екен. - Олар не дейді?
- Не деуші еді, әлі үміт үзбепті.
- Бар.

- Міне,кетіп бара жатырмын.


17)Ғабиден Мұстафин “Қарағанды 32 бет

Жұмабай жауап қайырғанша бірсыпыра уақыт өтті. Тері шалбарының босаған бауын көтеріп байлап тұрып, сылбыр сөйледі:


— Əйтеуір бала-шағаға нафақа іздеп жүрміз ғой. — Қырық сантиметр қанша нафақа сонда!
— Қайтейін, өзім əйтеуір аянғам жоқ.
— Аянбасаң, ақшаны күреп аласың.
Айтсаңшы, ағатай.
— Айтайын, аузың берік пе?
— Берік болмаса, қазіреттің сұмдығы жата ма іште.
— Не сұмдығы?
— Ол жағын сұрай көрме, ағатай, ішіме мықтап түйгем. — Онда сен де сұрама менен.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет