1 Ғылыми басылым Научное издание ҚР және тмд елдеріндегі ғылым



Pdf көрінісі
бет47/71
Дата05.02.2017
өлшемі6,31 Mb.
#3477
1   ...   43   44   45   46   47   48   49   50   ...   71

 

 

296 



 

      14.  Мен  танымдық  ой  –  өрісімді  дамытып  отырамын  және  жақсы  нәтижелерге 

жетемін. 

      15. Жауапкершіліктен қорықпаймын. 

      Оқушылар өздерінің жалпы ұпай санын есептеп шығарады. 

      Егер  сізде  45  ұпайдан  жоғары  болса,  онда  сіз  қажеттіліктеріңізді  белсенді 

орындайсыз;  36  –  44  ұпай  өзіңізді  дамытуға  құлшынбайсыз,  танымдық 

ізденімпаздықты  қалыптастыру  жолға  қойылмаған;  14  –  35  ұпай    -  өзіңізді  мүлдем 

дамытпайсыз,  оқуға  жауапкершілікпен,  саналылықпен  қараңыз.  Өзіңіздің  жеке 

тұлғаңыздың  дамуына  көп  көңіл  бөлгеніңіз  дұрыс.  Жоғарыда  көрсетілгендей  15 

критерий бойынша әрекет етуге тырысыңыз. 

       Тест нәтижесінен оқушылардың 20 % - ы 45 ұпайдан жоғары, 48% -і  36 -44 ұпай 

жинаса, 32% - ы 14 – 35 ұпай жиналды. Осы сияқты ана тілі  пәні бойынша бірнеше 

тест  жұмыстарын  пайдаландым.  Өз  тәжірибемде  шығармашылығын  дамытуда 

мынадай мәселелерге көзім жетті. 

-

 



Оқушының өз бетінше білім алуға деген құштарлығы оянды. 

-

 



Шығармашылықпен жұмыс істеуге дағдыланды. 

-

 



Оқуға ынта – ықыласы артты. 

-

 



Бір – бірінің ойын, пікірін сыйлауға үйренді. 

-

 



Өз бойларына жақсы қасиеттерді жинауға үйренді. 

-

 



Өз ойын қағазға түсіруге үйренді 

-

 



Оқушының жеке басын, ұжымды сыйлауға үйренді. 

     Көрсетілген  әдіс  –  тәсілдер  бастауыш  сыныптарға    тиімді  екендігіне  көзім  жетті. 

Осыларды пайдалану арқылы оқушының білімге деген қызығушылығын оятып, терең 

ойлау  қабілетін,  белсенділігін  қалыптыстыруға  болады.  Бұған  дейін  оқушы  мұғалім 

мен  оқулыққа  бағынатын  болса,  енді  ол  сыни  тұрғыдан  ойланып,  өз  ойын  дәлелдей 

алатын тұлғаға айналды. Оқушылардың тілін, ойын, еркін сөйлеуін дамытып, топпен 

жұмыс істеу кезінде бір – бірін тыңдай білуге үйретеді. 

    Әрбір мұғалімнің басты міндеті оқушының жеке басының қасиеттерін, қабілеттерін 

дамытып,  талантын,  шығармашылығын  ашу.  Ұлы  ғалым  Д.И.Менделеев  

мұғалімдердің  ғылымның  сарқылмас  көзін  ашудағы  еңбектерін  жоғары  бағалаған. 

«Ғылымды  сүйген  және  жақсы  меңгере  білген  мұғалім  ғана  оқушыларына  терең  де 

мағыналы  білім  бере  алады»  деген.  Болашақта  өркениетті  елдердің  жоғары 

технологиясын  меңгерту,  дүниежүзілік  білім  кеңістігіне  шығу  –  бүгінгі  күннің 

мақсаты. 

 

Әдебиеттер: 

 1.Алтынсарин Ы. Таңдамалы шығармалары, Алматы, 1994, 285 б. 

 2. 

Мейірманқұлова 



Т. 

«Білім 


берудегі 

инновациялық 

технологиялар», 

Алматы, 


2000 

 3. 


Бастауыш 

мектеп 


2004.№10 

 4. Шығармашылық қабілеттер және дамыта оқыту Тұрғынбаева .Б.А.Алматы, 1999  ж. 



5.Рысбекова  А.  «Танымдық  қабілетті  арттыру  шрттары  »,  «Қазақстан  мектебі» 

журналы №7-2010ж, 38-39 беттер.  

6. Ильясов С.  «Танымдық белсенділікті дамыту  - өзекті мәселе»,  «Қазақстан мектебі» 

журналы №2-2011 ж, 66-67 беттер. 

      

Аннотация 

 

В  данной  статье  будут  рассматриватся    открытие  учащихся  скрытые 



способности  через  творческие  работы,  определение  у  учащихся  индивидуальные 

ҚР және ТМД елдеріндегі ғылым және білім беру жүйесінің өзекті мәселелері 

Актуальные проблемы науки и системы образования РК и в странах СНГ 

 

 

297 



 

особенности,  а  также  повышение  творческого  уровня  учащихся  в  основе  новых 

технологии сответствие современием требованию 

 

Аида Жумагалиевна ОМИР, 



№23 ЖББОМ, қазақ тілі мұғалімі 

Қарағанды қаласы, Қазақстан Республикасы 

 

Карашаш Танаткановна МУХАМЕДКАРИМОВА

№23 ЖББОМ, қазақ тілі мұғалімі 

Қарағанды қаласы, Қазақстан Республикасы 

 

ФУНКЦИОНАЛДЫҚ САУАТТЫЛЫҚ – БІЛІМ САПАСЫНЫҢ НЕГІЗІ 

 

Түйін 

 

Білім саласы үшін маңызды стратегиялық міндеттердің бірі– тұлғаның ең басты 



функционалдық  сапасы  болып  табылатын    белсенділік,  шығармашыл  тұрғыда  ойлау 

және  шешім  қабылдай  алу  мен  өзінің  болашақтағы  кәсіби  жолын  таңдай  алуға 

қабілеттілік қасиеттерін дамыту. Бұл міндетті шешу мәселесі  отандық педагогтардан 

үлкен жауапкершілікті талап етеді,өйткені бұл мәселе Қазақстанның әлемдегі бәсекеге 

қабілетті 50 елдің қатарына кіру үдерісінде маңызды фактор болып табылады. 

        Аталған міндеттен қазақстандық білім жүйесін жаңарту мәселесі туындады. Осы 

ретте  білім  беру  саласындағы  басымдылықтардың  бірі  –  орта  мектеп  жүйесіндегі 

функционалдық сауаттылықты дамыту жөнінде осы мақалада айтылады.  

     

 

 Негізінен,«функционалдық  сауаттылық»  —  ұғымы  өткен  ғасырдың  60-



жылдары  ЮНЕСКО  құжаттырында  пайда  болды  және  кейіннен  қолданысқа  енді. 

Функционалдық  сауаттылық  –білім  берудің  жеке  тұлғаны  қалыптастырудағы 

әлеуметтік  бағдарлануы.  Қазіргі  тез  өзгермелі  әлемде  функционалдық  сауаттылық  – 

оқушының  әлеуметтік  мәдени,  саяси  және  экономикалық  қызметтерге  белсенді 

қатысуына,  сондай-ақ  өмір  бойы  білім  алуына  ықпал  ететін  базалық  фактор. 

Функционалдық 

сауаттылықты 

дамытудың 

жалпы 

бағдары 


Қазақстан 

Республикасында білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік 

бағдарламада  анық  көрсетілген.  Осы  бағдарламаны  басшылыққа  ала  отырып,  ҚР 

Үкіметінің  2012ж.  25  маусымдағы  №832  Қаулысымен  «Мектеп  оқушыларының 

функционалдық  сауаттылығын  дамыту  жөніндегі  2012-2016  жылдарға  арналған 

Ұлттық іс-шара жоспары» бекітілді. БұлҰлттық жоспар – білім сапасын жетілдірудің 

негізгі  бағдары.  Жоспарда  мақсат,  міндеттер  нақты  қойылған,  ағымдағы  жағдайды 

талдау, мектеп оқушыларының функционалдық сауаттылығын дамыту тетіктері, білім 

стандарттарын,  оқу  бағдарламалары  мен  жоспарларын  жаңарту,  оқыту  нысандарын, 

әдістері  мен  технологияларын  жаңарту,  мектеп  оқушыларын  оқыту  нәтижелерін 

бағалау  жүйесін  дамыту,  ата-аналардың  қатысуын  қамтамасыз  ету,  қосымша  білім 

беруді  дамыту,  күтілетін  нәтиже  қажетті  ресурс  нақты  көрсетілген.  Осы  ұлттық 

жоспарды  іске  асыру  арқылы  оқушылардың  функционалдық  сауаттылығын  дамыту 

бойынша жалпы үйлестіруді қамтамасыз етуге мүмкіндікбереді. 

        Соған  орай  ұстаздардың  алдында  тұрған  міндет:  табысты  және  әрекетке  дайын 

қабілетті,  әлеуметтік  рөлін  сезінетін  құзырлы  тұлғаны  қалыптастыру.Тұлға 

құзіреттілігін  дамыту  дегеніміз  –  ұстаздың  құзіретті  тәсілдерді  меңгертуі,  білім  беру 

мазмұнын  жетілдіру.  Ол  үшін  баланы  субъект  ретінде  қарап,  оқу  ісіне  өзінше 

қызықтыратын, оған қабілетін арттыратын жағдай туғызу керек. Оның бастысы – оқу 

үрдісін  жаңаша  ұйымдастыру,  оқушының  оқудағы  іс-әрекеті  арқылы  ойлау 

дағдыларын жетілдіру, өз бетінше білім алу, әрекет ету. Мақсатқа жету оқушының өзі 


ҚР және ТМД елдеріндегі ғылым және білім беру жүйесінің өзекті мәселелері 

Актуальные проблемы науки и системы образования РК и в странах СНГ 

 

 

298 



 

арқылы  іске  асады.  Мұғалім  –  үйретуші  емес,  бағыт  беруші,  ұйымдастырушыболу 

керектігін уақыт  түсіндірді. Қалыптасқан педагогикалық тұжырым өзгеріске ұшырап, 

отандық  педагогиканың  дәстүрлі  негізінде  мұғалімдік  жаңа  ұстанымдар  да  дүниеге 

кеді деуге толық негіз бар. Сөз оқушы құзіреттілігін дамыту мәселесі жайлы болмақ. 

         Америка ғалымдары Джинни Стил, Курти Мередит, Чарльз Темпл жасаған «Оқу 

мен  жазу  арқылы  сыни  тұрғыдан  ойлауды  дамыту»  жобасының  [1]  оқушы 

құзіреттілігін  дамытуда  маңызы  зор.Сын  тұрғысынан  ойлау  дегеніміз  –  ой  қозғай 

отырып, оқушының өз ойымен өзгелердің ойына сыни қарап, естіген, білгенін талдап, 

салыстырып,  жүйелеп,  білмегенін  өзі  зерттеп,  дәлелдеп,  тұжырым  жасауға  бағыттау, 

өз бетімен және бірлесіп шығармашылық жұмыс жасау деп түсінеміз. 

        Оқушының  сыни  ойлауын  дамытуға  бағытталған  жаңа  инновациялық  «Оқу  мен 

жазу  арқылы  сыни  ойлауды  дамыту»  жобасының  да  басты  міндеттерінің  бірі  — 

ұстаздардың  жаңаша  ойлай  алатын,  өз  мәселесiн  өзi  шеше  алатын  адам  тәрбиелеуге 

жәрдемдесуі, ұстаздардың дәстүрлi сабақ беруден өзгеруiне, балаға бағытталған сабақ 

процесiн  ұйымдастыра  алуы,  сабағын  белсендi,  оқушымен  тең  құқылы  дәрежеде 

жүргiзуі, жобаның философиясын терең меңгерген ұстаздардың шәкiрттерiн өз пiкiрiн 

ашық  айтып,  өзара  шынайы  сұхбат  жүргiзетiн,  рухани  жағынан  дамыған  жеке  тұлға 

ретiнде дамуына ықпал жасауы болып табылады. 

        Осы  пікірді        дәлелді  түрде  жеткізу  мақсатында    мынадай  мысалдарды  талдап 

өтуді  жөн көрдік. Тәжірибемде жүйелі  түрде қолданып жүрген  «өзге тілде сөйлеудің 

коммуникативтік  әдісі»  [2]  бойынша  қазақ  тілін  меңгертудің  бұрыннан  қалыптасқан 

«мәтін бойынша жүргізілетін жұмысты ұйымдастыру тәсілін» қарастыралық: 

       Бұрынғы қалыпты әдіс бойынша ауызекі сөйлеуді меңгерту жолы: 

а  )Мәтін  бойынша  берілген  сұрақтарға  жауап  бер  (ауызша  немесе                  

жазбаша) 

Жаңаша оқыту бойынша ауызекі сөйлеуді меңгерту жолы: 

а)  Мәтіннің  бірінші  абзацында  берілген  пікірмен  келісесің  бе?  Келіспесең,өз 

ойыңды  айт    немесе  Келіссең,өз  ойыңды  қандай  фактілермен  дәлелдер  едің?деген 

сияқты мазмұндағы тапсырмалар жүйесі түзіледі. 



Бұрынғы қалыпты әдіс бойынша  грамматикалық бірлікті меңгерту жолы: 

ә) Мәтіннен сын есімді тауып, теріп жаз,сұрақ қой 



Жаңаша оқыту бойынша грамматикалық бірлікті меңгерту жолы: 

ә)  Аңсағанның  бойы  қандай?  Көзі  қандай?  Шашы  қандай?  Осы  сұрақтарға 

жауап  беретін  сөздерді  теріп    жаз  деген  мазмұндағы  жаттығулар  жүйесі  оқушының 

жаңа бір тілді меңгеруге деген қызығушылығын арттырып, сол тілде  сауатты сөйлеуді 

қалыптастыратынына толықтай негіз бар. 

        Заманауи  отандық 

педагогикамызда  «сыни  тұрғыдан  ойлауды  дамыта 

оқыту»технологиясы  етене  еніп,қарқынды  түрде  қолданылуда.  Жалпы,  сын 

тұрғысынан ойлау дегеніміз–әр жеке тұлғаның кез-келген жағдайдағы мәселені ойлап, 

зерттеп  қорытып,  өз  ойын  еркін  ортаға  жеткізе  алуы.Сыни  тұрғыдан  ойлау,  өзіндік, 

жеке ойлау болып табылады.Ол – өз алдына сұрақтар қойып және үнемі оларға жауап 

іздеу,  шешімін  табуды  қажет  ететін  мәселені  анықтау,  әр  мәселеге  байланысты  өз 

пікірін  айту,  оны  дәлелдей  алу,  сонымен  қатар  басқалардың  пікірлерін  дәлірек 

қарастыруды  және  сол  дәлелдемелердің  қисынын  зерттеу  дегенді  білдіреді.Нағыз 

сабақ  –  ол  әрқашан  диалог,  іздене,  дайындала,  үйрене,  шәкірттер  болашағын  ойлай 

жасалған еңбек пен тәжербиенің бірлігі. .Сын тұрғысынан ойлау үш бөліктен тұрады: 

        Біріншіден, сын тұрғысынан ойлау өзіндік және жеке ойлау болып табылады. 

       Екіншіден,  сын  тұрғысынан  оқыту  жаттанды  қағидаларды  дәлелдеп  айта 

беру   емес,  оқушы  оқып,  оны  еске  сақтап  айту  қаблеті  жоқ,  керсінше  терең  ойлау 

арқылы  ескіге  жаңаша  көзқарас  қалыптастыру  мүмкін,  тың  идеялар  ойлап  табуы 

мүмкін. 


ҚР және ТМД елдеріндегі ғылым және білім беру жүйесінің өзекті мәселелері 

Актуальные проблемы науки и системы образования РК и в странах СНГ 

 

 

299 



 

        Үшіншіден, сын тұрғысынан ойлау сұрақтар қойып, шешімін табуды қажет ететін 

мәселені  анықтаудан  басталады.Жалпы  адамзат  баласы  тумысынан  білуге  құмар 

болып  келеді.Өзінің  жеке  қызығушылықтарымен  қажеттіліктеріне  жауап  беруге 

талпынады. 

        Қазақ тілді меңгерту тәжірибесінде осы технологияның кейбір тәсілдерін қолдану  

арқылы  пәнді  оқытуда  жеткен  нәтижелі  жетістіктер  біршама.  Мәселен,  сын 

тұрғысынан ойлау технологиясының «дұрыс па бұрыс па?, «білемін, білмеймін, білгім 

келеді», «білетін ақпараттар»сияқты тәсілдері қазақ тілді үйретудің ең тиімді тәсілдері 

болып  табылады  дегенге  толық  негіз  бар.  Мысалы,  белгілі  бір  модуль  аяқталған  соң 

«Нәтиже  сабақта»  жиі  қолданылатын  «білетін  ақпараттар»  тәсілі  топтағы 

оқушылардың меңгертілген тақырыптар бойынша қандай теориялық және тәжірибелік 

білім  алғандығын  бақылауда  тиімді    тәсіл  болса,«білемін,  білмеймін,  білгім  келеді» 

тәсілі  ақпараттың  қаншалықты  дәрежеде  меңгертілгенін  анықтау  үшін  тиімді,  ал 

«дұрыс  па?,  бұрыс  па?  тәсілі  оқушының  нақты  меңгерген  білімі  жайлы    ақпаратты 

көрсететін мұғалім үшін нағыз стратегиялық жоспарлау тәсілі деуге болады.  

       Қорыта  келгенде,  аталған  әдістемелік  тұрғыдан  ғылыми  дәлелденген  бұл 

тәсілдердің  бәрі  де  белсенді,  еркін  әрі  шығармашыл  тұрғыда  ойлау  және  шешім 

қабылдай  алу  мен  өзінің  болашақтағы  кәсіби  жолын  таңдай  алуға  дейін    қабілетті, 

әлеуметтік  құзырлы  тұлға  тәрбиелеуді  көздейтін  функционалдық  сауаттылықты 

дамытудың негіздері ретінде қарастырған жөн. 

 

Әдебиеттер: 

1.http://murmix.narod.ru/uch/psy/Formirovanie_i_sushnost_kriticheskogo_myshleniya.htm 

Дэвид Клустер “Что такое критическое мышление?” 

1. Пассов Е.И. Коммуникативный метод обучения иноязычному говорению. – Москва: 

Просвящение, 1991 



 

Айслу Фронтовна ОСПАНОВА, 

«Шал ақын ауданының қазақ орта мектебі» КММ, 

бастауыш сынып мұғалімі 

Қазақстан Республикасы 

 

БӘСЕКЕГЕ ҚАБІЛЕТТІ ЖЕКЕ ТҰЛҒА  ТӘРБИЕЛЕУДЕ ОҚУ МЕН ОҚЫТУДА  



ИННОВАЦИЯЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫҢ ТИІМДІ ӘДІС-ТӘСІЛДЕРІН 

МЕҢГЕРГЕН ОҚУШЫЛАРДЫҢ ЖАҢА БІЛІМ ЗАМАНЫНА ЛАЙЫҚТЫ 

ДАРЫНДЫ ТҰЛҒА ДАЙЫНДАУДАҒЫ ҚҰЗІРЕТТІЛІГІ. 

М.М. ЖАНПЕЙІСОВА ҰСЫНҒАН ИНТЕРАКТИВТІК МОДУЛЬДІК ОҚЫТУ 

ТЕХНОЛОГИЯСЫ             

 

Түйін 

Аталмыш    мақалада  оқу  мен  оқыту  үрдісін  ұйымдастырудың  сан  түрлі  әдіс  -

тәсілдерін  іздестіру,  жаңа    инновациялық  технологиялардың  тиімді  әдіс-тәсілдерді 

сабақта  тиімді  пайдалана  білу  арқылы  жеке  тұлғаны  дамытып,  оқуға  деген 

қызығушылықтарын,  Отанға  деген  сүйіспеншіліктерін  ояту,    ойлау  қабілеттеріне, 

еркін дамуына жол ашу.  

Модульдік    оқыту  технологиясының  басты  мақсаты  оқушының  ойлау 

қабілетіне,  жас  ерекшелігіне,  даму  деңгейіне  сай,  шығармашылық  еңбекке  нақты 

негізделген. 

        


Қазақстан  Республикасының  әлемінің  бәсекеге  барынша  қабілетті  50  елінің 

қатарына  кіруі  туралы  мемлекетіміздің  ұлы  идеясына  айналған  стратегиялық 



ҚР және ТМД елдеріндегі ғылым және білім беру жүйесінің өзекті мәселелері 

Актуальные проблемы науки и системы образования РК и в странах СНГ 

 

 

300 



 

мақсаттарды  іске  асыру  тұрғысында  Үкіметтің  арнайы  бағдарламасы  (2016-2019 

жылдарға арналған) жасалынды. Бұл бағдарлама шеңберінде республиканы жаңғырту 

үрдісін  шапшаңдату  міндеттері  қойылды.Үкімет  мұндай  жаңаша  жаңғырту  үрдісті, 

сапалық  өсуді  жеделдетудің  жүйелік  қозғаушы  үрдісі    негізінде  жүзеге  асыруды 

көздейді.  Мұндай  қозғаушы  үрдістер  халықаралық  озық  қоғамдастыққа  кіру, 

қоғамның барлық салаларында бәсекелестікті ынталандыру, білім беру мен әлеуметтік 

қорғау жүйесін жаңғырту сияқты нақты міндеттерді қойып отыр. 

  Ұлттың  бәсекелестік  қабілеті  бірінші  кезекте  оның  білімдік  деңгейімен 

айқындалады. Әлемдік бәсекелестік заманда әрбір адамның білім сапасын, қабілеттілік 

деңгейін,  іскерлік  мүмкіндігін    анықтайтын  адам  ресурсын  дамыту  мәселесі  күн 

тәртібінде  өткір  қойылып  отыр.  Сонымен  адамның    білімі  мен  біліктілігі  қазіргі 

заманда  мемлекеттердің  бәсекеге  қабілеттілігінің  ең  маңызды  көрсеткішіне  айналды. 

Демек,  бәсекеге    қабілетті  интеллектуалды  күш-бүгінгі  жалпы  білім  беретін  орта 

мектепте екендігіне сөз жоқ. 

   Ашығын  айтсақ,  қазіргі  мектеп  оқушыларына  ескірген  бұрынғы  құрғақ 

білімді  беруге  бейімделгені,ал  нағыз  идеал  жақсы  мектеп  баланы  өз  бетінше  оқып 

білім  алуға  үйретуі  тиіс.  Осы  уақытқа  дейін  жалпы  білім  беретін  мектептерде  оқу 

процесі  жаңаша  педагогикалық  ойлауға  орай  ұйымдастырылмады,  оқу  процесінде 

субьект-субьектілік  қатынас  жүзеге  аспады.  Өйткені  оқу  процесі  дәстүрлі    оқытуға 

негізделеді.Чарльз  Дэмнің  пікірі  бойынша,  оқушы  жалпы  білімді  80-100  %  (7%-

лекция,  20%-  өз  бетінше  меңгеру,  20%  практика,  40%-  пікірталас,  13%-бақылау, 

коррекция)  меңгергенде    ғана  өмірлік  маңызы  бар  білім  алады,  сонда  ғана  бәсекеге 

қабілетті шығармашылықпен жұмыс жасай алатын жеке тұлға болып қалыптасады. 

    Білім сапасын арттыруға қолайлы жағдай туғызудың бір жолы- оқу процесіне 

тұлғаға  бағдарланған    технологияларды  енгізу.  Міне  осы  бағытта  қазіргі  білім  беру 

жүйесінде  жеке  тұлғаға  бағытталған  оқыту  технологиялары  кеңінен    қолданылады. 

Осындай  жеке  тұлғаны  дамытуда  бағытталған  оқыту  технологияларының  оқу-тәрбие 

процесін 

гуманизациялауды 

тиімділерінің 

бірі-М.М.Жанпейісова 

ұсынған 

интерактивтік модульдік оқыту технологиясы. 

Оқу модулі- оқу ақпаратының біршама дербес блогы, оған оқу мақсаттары мен 

міндеттері,  әдістемелік  нұсқаулар,  шамамен  алғандағы  іс-әрекеттер  негізі,  оқу 

қызметін атқару жетістігін бақылау (өзін-өзі бақылау) құралдары енеді. 

Мақсаты:оқу  үрдісінде  оқушының  шығармашылығын  дамытуға  қолайлы 

жағдай туғызу және оны іске асырудың педагогикалық шарттарын айқындап, оңтайлы 

формаларын дайындау. 

Міндеттері: 

Жеке тұлғаны қажеттіліктерін қанағаттандыру 

Таным үрдістерін дамыту 

Танымдық қабілеттерін дамыту 

Сөздік қорын дамыту 

Өзара көмек және бірге бастап өткізу 

Оқу себептілігінің өзгеруі 

Бұл  технологияның  ерекшілігі-  білімді  меңгеруге  емес,  жеке  тұлғаның  таным 

қабілеттері  мен  танымдық  жайлар  арқылы  дамытуға,  жеке  тұлғаның  қауіпсіздігін, 

өзін-өзі  көрсетуін,  маңыздыдылығын  анықтауға  өзара  қарым-қатынас,  ойын  арқылы 

шығарамашылық  қажеттіліктері  мен  белсенді  сөздік  қорын  «ауызша,  жазбаша» 

дамытуға бағытталуы. 

Тиімділігі: 

Оқушылардың оқытудың мақсатымен таныстыру; 

Сыныпта  берілген  «мазмұны  бойынша  жақын»  тарау  бойынша  жалпы  оқыту 

модулінің мазмұнымен таныстыру; 



ҚР және ТМД елдеріндегі ғылым және білім беру жүйесінің өзекті мәселелері 

Актуальные проблемы науки и системы образования РК и в странах СНГ 

 

 

301 



 

Мұғалімнің материалды қысқаша түсіндіру «сызба,кесте,график және т.б.» 

Оқушыларға оқу материалын зерттеу жұмысы негізіне беру; 

Оқушылыардың  әрбір  сабақта  іс-әрекетін  бағалау  үшін  диалогтық  қарым-

қатынас негізінде оқушының танымдық іс-әрекетін ұйымдастыру; 

Жалпы  тарауды,  тақырыпты  4-7  рет  қайталау  негізінде  оқу  материалын 

меңгерту; 

Барлық  тақырып  бойынша  тест  «сынақ,  сынақхат,бақылау  жұмысы  т.б.» 

жүргізу; 

Технологияның тағы бір ерекшілігі- дарынды балалармен тұрақты және жүйелі 

жұмыс  жасауға  мүмкіндік  туғызады.  Оқу  модулінің  құрылымы  кіріспеден,  диалог 

«сөйлесу» және қорытынды бөлімнен тұрады. 

Психологтардың пікірі бойынша әрбір жеке  тарауды «тақырыпты» оқу негізгі  

3  кезеңнен  тұру  керек:  кіріспе-себептілік,сөйлесу-танымдық  іс-әрекет,  рефлексивті 

бағалау. 

Модульдік оқыту техноогиясының диалог «сөйлесу»бөлімі: 

Оқу материалының негізгі мазмұны белгіленеді

Оқу материалын біртұтас, жинақы «өсу» бағытымен беру; 

Тақырып бойынша жеңілдетілген деңгейдегі тапсырмалар дайындау; 

Оқушылардың  пәнге  қызығушылығын  және  креативтілігін  «шығармашылық 

қабілеттерін»дамытуға арналған шығармашылық сипаттағы материал дайындау; 

Осы  бөліктің  барлық  сабақтарында  өзара  қарым-қатынасы  негізінен  мынадай 

формада ұйымдастырады; 

1.жалпы немесе құрылымдық:топтық немесе жеке топтық, жұптық, ұжымдық. 

2.нақты  немесе  арнайы:семинар,  оқу  конференциялары,  диспут,  топтық 

пікірталас және т.б. 

Теория-проблеманы шығармашылықпен шешудің катализаторы болса,сөйлесу- 

әр түрлі көзқарастың тоғысқан жері. Баланың пікірімен санасу,оны сыйлау- нәтижеге 

бағытталған  білім  берудің  негізгі  кілті.Ал  ұжымдық  іс-әрекет  -шығармашылықты 

дамытудың негізі. 

Еркін топтарда бала өзін еркін сезінеді, онда мұғалімге тәуелдімін деген сезім 

болмайды.  Мұғалім  мен  оқушылардың  арасында  ынтымақты  іскерлік  қарым-қатынас 

орнайды  және  оқушылардың  өзінің  тұлғалық  маңыздылығын  сезінуі,  өзін  көрсете 

білуі мен өзіне деген сенімділігі артады. 

Диалогтық  қарым-  қатынаста  ситуацияны  бірге  талқылап,  өзекті  мәселені 

шешуге мүмкіндік туады, барлық қатысушылардың белсенділігі артады. 

Интерактивті модульдік оқыту технолоиясының міндетті шарты- оқытуды ойын 

түрінде  және  түрлі  белсенді  оқыту  формалары  арқылы  ұйымдастыру.  Бүгінгі  таңда 

ойын оқыту процесінде ең тиімді тәсілдерінің бірі болып есептеледі.Ол сабақта табиғи 

тілдік  қатынас  жағдайын  құруға  әсер  етеді,оқушыларды  оқу  процесінде  белсенді 

қатысуға еріксіз тартады,ынталандырады,пәнге деген қызығушылығын тудырады. 

Дәстүрлі  ұйымдастырылған  оқу  процестерінде  қарағанда  ойын  арқылы  оқыту 

процесінде  оқушылар  аз  шаршайды,  көп  мағлұматтар  алады,  жағымды  эмоциялар 

арқылы  белсенділігі  артады,  сөздік    қоры  дамиды  ,  жеке  тұлғаның  қажеттіліктері 

қанағаттандырылады. 

Интерактивті  процесс  дегеніміз-  педагогикалық  процеске  қатысушылардың 

өзара  ықпалдастығы  мен  бір-біріне  өзара  әсерінің  мақсатқа  бағытталған  түрдегі 

үрдісі.Бұл  ықпалдастықтың  негізінде  оған  қатысушылардың  әрқайсысының  жеке 

тәрбиесі жатыр.«Интерактивтік» деген сөз энциклопедияда  көрсетілген ,«интеракция» 

деген  ұғымнан  келіп  шығады.  Ал  интеракция-жеке  индивидтің,жұптың,топтың  өзара 

біріккен  әрекетте  бір-біріне  алма-кезек  әсер  етуі.  Интеракция  әрекет  барысында, 


ҚР және ТМД елдеріндегі ғылым және білім беру жүйесінің өзекті мәселелері 

Актуальные проблемы науки и системы образования РК и в странах СНГ 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   43   44   45   46   47   48   49   50   ...   71




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет