Бастауыш мектеп – бұл оқушы тұлғасы мен сапасының
дамуы қуатты жүретін, ерекше құнды, қайталанбас кезеңі. Сондықтан да, бастауыш
білім үздіксіз білім берудің алғашқы басқышы, қиын да, қадірлі жұмыс. Бастауыш
мектеп балаға белгілі бір білім ғана беріп қоймай, оны жалпы дамыту, яғни сөйлеу,
оқу, қоршаған ортаға дұрыс көзқарасты болу, жағдайларды объективті түрде бақылап,
талдау жасауға үйрету, ойын дұрыс айтуға, дәлелдеуге, сөйлеу мәдениетіне үйрету.
ҚР және ТМД елдеріндегі ғылым және білім беру жүйесінің өзекті мәселелері
Актуальные проблемы науки и системы образования РК и в странах СНГ
339
Дамыта оқытудың басты мақсаты –баланы оқыта отырып, жалпы дамыту.
Әрине,
бастауыш сынып оқушысының зейіні тұрақсыз, импульсивті, қабылдау мүмкіндіктері
әртүрлі болады. Дегенмен әр баланың бір нәрсеге бейімі болады. Бейімділік - оянып
келе жатқан қабілеттің алғашқы белгісі. Баланың жасырын, тіпті тым терең жатқан
қабілеттерінің көрінуін мүмкіндік жасау тек оқыту үрдісі кезінде үлкендердің
басшылығымен жүзеге асады. Мұғалім сабақта әдіс - тісілдерді пайдалана отырып,
балалардың ұсыныс - пікірлерін еркін айтқызып, ойларын ұштауға және өздеріне
деген сенімін арттыруға мүмкіндік туғызып отыру қажет. Әдіс – тәсілдер арқылы
өткізген әрбір сабақ оқушылардың ойлануына және қиялына негізделіп келеді,
баланың тереңде жатқан ойын дамытып оларды сөйлетуге үйретеді. Түрлі әдістемелік
тәсілдер пайдалану арқылы қабілеті әртүрлі балардың ортасынан қабілеті жоғары
баланы іздеп, онымен жұмыс жасау, оны жан - жақты тануды ойлап, оқушылардың
шығармашылық деңгейін бақылап отыру әрбір мұғалімнің міндеті.
Жалпы «дарындылық» феноменін алғаш зерттеуден бастап-ақ ғылымда екі бір-
біріне қарама-қарсы «био» және «социо» бағыттары қалыптасқаны аян. Ал, қазіргі
таңда А.Т. Асмолов негіздеген ұстаным әлдеқайда өміршең екендігін дәлелдеп отыр.
Л.С. Выготскийдің теориясын негізге алған бұл бағыт білімді өз бетінше игеру, ашу,
жаңа жағдайда көшіре білу, мәселені мақсатты шешу, бір сөзбен айтқанда,
«интеллектуалды дарындылық» ретінде зерттейді. Педагогикалық энциклопедияда:
«Дарындылық дегеніміз – адамдардың қабілеттерін жете жақсы дамуының жоғары
сатысы», - деп атап көрсетіледі. Осы қабілеттілік арқылы адамдар көптеген жақсы
жетістіктерге жете алады. Жалпы қабілеті дами білген оқушы математика, физика,
биология, әдебиет сабақтарын бірдей жақсы игеріп, мектеп шеберханасы, тәжірибе
алаңы, лабораториядағы түрлі еңбек тапсырмаларын да сәтті орындап отырады.
Қазіргі заман талабына сай шығармашылық қабілеттің дамуына бағытталған
білім дегеніміз – аз уақыт ішінде мол идея қорын алу емес, керісінше, жеке тұлғаның
толық дамуын қамтамасыз ететін іс Шығармашылық қабілеттің дамуы әрбір балаға
қажет екендігін, әр тұлғаның қоғам дамуында өз орны бар екендігін біле отырып,
дарынды балалардың тек өткенге емес, болашаққа да қызығушылығымен, іс-
әрекеттердің жаңа тәсілдерін көбейтуге қабілеттерімен ерекшеленетіндігін атап өту
қажет. Сонымен бірге бұл жеке тұлғалық дамудың мақсаттарына да жауап береді.
Егеменді елімізді дүние жүзі елдерімен терезесі тең болатын дәрежеде өркендететін,
негізгі тұтқасын ұстайтын, дүние әлемін шарлайтын біздің дарынды да қабілетті
ұландарымыз екенін ұмытпайық. Олардың бойындағы дарынын қабілетін дамыту –
ұстаз, ата-ана және қоғам қауымының міндеті. Жеке тұлғаны өздігінен білім алуға
баулу – оны ғылым мен мәдениетке үйрету, білім, қарым-қатынас ережелерін,
әлеуметтік тәжірибені меңгерту. Бұл аталған мiндеттердi iске асыру үшiн тілдік
тұлғаның құндылық бағдарын қалыптастыру маңызды. Жеке тұлғаның құндылық
бағдарын қалыптастыру мемлекеттік деңгейдегі мәселе. Жеке тұлғаның құндылық
бағдары ұлттық сана, отансүйгіштік қасиеттерінсіз іске аспайды. Құндылық бағдар
дегенiмiз - бұл қазiргi уақытта жеке тұлғаның құндылыққа бағдарланған ой-санасы,
пікірі, көзқарасы, сенімі, iскерлiгi, iшкi мүмкiндiгi. Құндылық бағдар тіл үйренушінің
оқу-танымдық әрекетiне түрткi болып, тіл үйренуіне ықпал етедi, ол оқу әрекетінiң
құрамдас бөлiктерiне тiкелей байланысты, мақсаттың орындалуын анықтайды.
Құндылық бағдар – жеке тұлғаның белгiлi бір әлеуметтiк құндылықтарды мақсат етiп
ұстауы, адамның қоршаған ортаға, құндылықтар тобына деген карым–қатынасы. Жеке
тұлғаның таңдаулары құндылық бағдарлар жүйесiне бiрiгедi.
Болашақтың бәсекесіне қабілетті XXI ғасыр шәкіртін тәрбиелеу білім беру
саласының еш назарынан тыс қалған емес. Соған сай ұстаз - ізденімпаз ғалым, нәзік
психолог, тынымсыз еңбеккер, ортаның ұйтқысы, жан-жақты шебер, терең қазыналы
білімпаз, гуманист, белсенді патриот болғанда ғана қоғамның мықты да білікті,
ҚР және ТМД елдеріндегі ғылым және білім беру жүйесінің өзекті мәселелері
Актуальные проблемы науки и системы образования РК и в странах СНГ
340
жоғарғы мәдениетті, жан-жақты дамыған, шығармашылығы жоғары жеке тұлғаны
қалыптастырып, тәрбиелейтінімізге нық сенімдімін.
Әдебиеттер:
1. А.С. Макаренко. Педагогические сочинения. М., «Педагогика»,1988.
2. А.С. Макаренко. Психология труда учителя.М., «Просвещение», 1993.
3. В.И. Андреева. Педагогика творческого саморазвития. Казань. 1996.
4. Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңы // Алматы 2010.6-б
5.
Қазақстан Республикасында 2015жылға дейінгі білім беруді дамыту
тұжырымдамасы//Астана. 2004. 3-4б.
6. Краткий словарь иностранных слов // под.ред. О.П.Марасанова.М., 1993.318
7.
Советский энциклопедический словарь// М., Издательство «Советская
энциклопедия», 1984. 613-б
8. С.И. Ожегов, Н.Ю. Шведова. А.С. Макаренко. «Толковый словарь русского языка»
// М., 2004. 288-б
9. Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2005-2010 жылдарға арналған
мемлекеттік бағдарламасы // Астана . 2004. 28-б
10. С.Е. Шишов. Понятие компетенции в контексте проблемы качества образования //
«Государство и образование», 2002. 88-б
11.
В.А.
Хуторской.
Ключевые
компетенции
как
компонент
личностноориентированной парадигмы образования. // «Народные образования», №2,
2003. 58-94-б
12. Б.А. Тұрғынбаева. Мұғалімнің шығармашылық әлеуметін біліктілікті арттыру
жағдайында дамыту.: теория және тәжірибе // Aлматы. 2005, 174-бет
13. К.Құдайбергенова. Құзырлылық – тұлға дамуының сапалық критерий // «білім
сапасын бағалаудың мәселелері: әдіснамалық негізі және практикалық нәтижесі » атты
халықаралық ғылыми – практикалық конференцияның материалдары. 2008. 30- 32-б
Аннотация
Система образования играет ведущую роль в развитии социально-
экономической роли, а также оно должно быть дополнительно определенным. А
учебное заведение и развитие основной задачи философии в общих чертах духа,
реалистичная с точки зрения соотношения сознания материи исследованного
называется теорией доктрины знаний. В отличие от других научных теорий, корень
теории познания –это формирование образования и форм отношений с позиций
основных целеи.
Школа – центр обучения, а учитель его сердце. Учитель, который всегда в
поиске чего то нового, старается постоянно разнообразить и усовершенствовать свои
уроки. Подводя итог вышесказанному, учитель новой формации способны
осуществить саморефлексивные и методологические исследования, методы обучения,
социальной личности, общительность, и другие навыки, характеризующиеся высоким
уровнем духовного, нравственного, гражданского качества, чтобы развить творческую
личность.
ҚР және ТМД елдеріндегі ғылым және білім беру жүйесінің өзекті мәселелері
Актуальные проблемы науки и системы образования РК и в странах СНГ
341
Шолпан Сагынбаевна СЕМБАЕВА,
№47 ЖББ ОМ, директордың әдістемелік ісі жөніндегі орынбасары,
химия пәні мұғалімі
Қазақстан Республикасы
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ЗИЯТКЕР, РУХАНИ ЖӘНЕ ДЕНЕ БІТІМІ
ДАМЫҒАН АЗАМАТЫН ҚАЛЫПТАСТЫРУ
Аннотация
Бұл мақалада ҚР білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған
мемлекеттік бағдарламасы аясында зияткер.рухани ,жан-жақта дамыған азамат
қалыптастырудың басты мәселелері,сабақ берудің инновациялық технологиясын
қолданудың пайдасы туралы айтылады. Мұғалімдердің сенімі мен оқыту әдісі
өзгермесе,білім жүйесін дамыту тұрақты болмайтыны сөз болады.
Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға
арналған мемлекеттік бағдарламасында педагог мамандығының беделін көтеру,білім
беру ресурстары мен технологияларына тең қол жеткізуін қамтамасыз ету,12 жылдық
білім беру моделіне көшу,техникалық және кәсіптік білім жүйесін жаңғырту,ҚР
зияткер,рухани және дене бітімі дамыған азаматын қалыптастыру мақсаты туралы
айтылған. Қазақстан республикасында білім беру жүйесін дамыту үшін білім
мекемелері білім беруде жаңа ақпараттық және озық оқыту технологияларын
енгізуді,ғылым мен тәжірибелерді интеграциялауды,оқу процесін ұйымдастыруды
жетілдіруді және оқушылар мен мұғалімдердің шығармашылық әлеуетін дамытуды
өзінің негізгі міндеті деп санайды.
Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстан - 2030» стратегиясы жолдауында
Қазақстан Республикасы «Білім туралы» Заңында, көрсетілгендей қоғамның
экономикалық және әлеуметтік жағынан ілгерілеуінің маңызды факторы ретінде білім
берудің ұлттық моделін дамыту, шығармашыл тұлғаны қалыптастыруға дағдылану,
ақыл-ой қорын жинау сияқты мақсаттарды көздейді. Ол Қазақстан республикасы
жарияланған білім беру басымдылығына, «жалпыға білім беру» моделін «әр адамға
таңдау бойынша білім беру» моделіне көшуге негізделгенде жүзеге асады.
Қазір мектептерде оқытудың жаңа технологиялары енгізілуде. Оның басты
мақсаты-оқушының өз тұлғалық мүмкіндіктерін жүзеге асыру үшін барлық жағдайды
туғызу. Мектептің негізгі міндеті- баланың даралығын ашу,оның айқындалуына ,
дамуына,тұрақтануына көмек беру.Жаңашылдық пен жаңалық енгізу үдерісі қоғамдық
еңбектің бүкіл салаларында жүзеге асырылып,олар ғылым,білім,өнер секілді көптеген
салаларында өміріміз бен жұмысымыздың ажырамас бөлігіне айналып
келеді.Жаңашылдық білім беру саласының алдында тұрған жаңа міндеттерді сәтті
орындаудың негізгі шарттарының білі болып саналады. Олар оқу-тәрбие жұмысының
тиімділігі мен өнімділігін арттыруға септігін тигізеді.
Бүгінгі күннің заман талабына сүйене отырып,шығармашылықпен жұмыс
жасап жүрген мектеп мұғалімдерінің іскерліктері осы кезде көрінеді. Инновациялық
жүйе негізінде мектеп оқушыларының белсенділігін арттыру,өзіне сенімділігін
қалыптастыру, танымдық-шығармашылық қабілетін дамыту-олардың белсенділік
сапаларын диагностикалық әдіс-тәсілдермен анықтауға ,өз ойларын еркін жеткізе
білуге баулу,қоғамда болып жатқан оқиғаларға байланысты өз көзқарастарының
болуына ықпал етіп,көрсеткіштерін дәл бағалауға көмегін тигізеді.Белсенді озат
оқушылар үшін мұғалімнің басшылығы олардың өзін-өзі басқаруына ауыса
бастайды,яғни олар жоғары деңгейлердегі тапсырмаларды өз бетімен орындай алады.
ҚР және ТМД елдеріндегі ғылым және білім беру жүйесінің өзекті мәселелері
Актуальные проблемы науки и системы образования РК и в странах СНГ
342
Бүгінгі
мұғалім-профессионал,
терең
білімді,мәдениетті,ізгілікті,зиялы,
адал,жас ұрпақты дамыту,оқыту,тәрбиелеудегі инновациялық бағытта жұмыс
жасайтын,өзіндік ойы қалыптасқан объективті қабылдау мүмкіндігі бар
тұлға.Теориялық және практикалық дайындықты ұштастыру арқылы мұғалімнің
педагогикалық іс-әрекетті меңгеріп,жұмыс жасау дағдысы қалыптасады.
Қазақстан
Республикасы
педагог
қызметкерлердің
біліктілігін
арттырукурстарының екінші деңгей бағдарламасының мазмұнында ең басты мәселе
«ХХ1 ғасырда нені оқыту керек?», «Мұғалімдер оқушыларды ХХ1-ғасырға қалай
дайындайды?»сұрақтарына жауап іздеу делінген. ХХ1 ғасырда талап
етілетін дағдылардың мәні алған білімдерін жай ғана иеленіп қоймай,оларды орынды
жерде қолдана білуіне баста назар аудару болып табылады. Кәсіби біліктілік пен білім
жай қабылданбайды,мұғалімдер оны өздері жасайды. Мұғалім өз біліктілігін
инновациялық әдістермен толықтырып,шығармашылықпен өзінің де сын тұрғысынан
ойлау қабілетін дамытатын болса ,сабақ берудің жаңа әдісінің тиімділігі байқалады.
Оқушылар дәстүрлі сабақтан алған жаттанды білімдерін өмірде пайдалана
алмаса,сындарлы оқытудан алған білімдерін кез-келген жерде тиімді қолдана
алатындай жағдай жасалады.
ЮНЕСКО құжаттарында ХХІ ғасырда білім берудің келесі берік мақсаттары мен
міндеттері тұжырымдалған:
- білім алуға үйрету;
- өмір сүруге үйрету;
- бірге өмір сүруге үйрету. Жалпыға ортақ мемлекеттік -стандарт бекіткен 12
жылдық жалпы білім беру бөлімінің жоғарыда берілген үш тұжырымдаманың бірінің
нәтижесіне жете білуде осы мақсаттар мен міндеттердің талапқа сай болуы маңызды:
- мәселелерді шеше білу,айқындай білу,шешім қабылдай білу,салдарын бағалай білу
біліктілігі;
- ақпараттық құзіреттілігі;
- коммуникативтік құзіреттілігі. Құзіреттілік дегеніміз- белгілі бір тапсырмаларды
орындағандағы тұлғаның өзіндік теориялық білімдерін әрі практикалық
тәжірибелерін қолдануға дайындығы және қабілеттілігі. Құзіретті маманның
біліктіден айырмашылығы-оның белгілі бір деңгейде білім,шеберлік, дағдыларды
игергенде ғана емес,сонымен қатар,осының бәрін өз жұмысында іске асыруға
қабілетінің болуында әрі іске асыра алатынында.
Американдық психолог Бенджамин Блум 1956 жылы ұсынған танымдық
саладағы оқыту мақсаттарының таксономиясында - оқушылардың оқытудан алған
білімдерін кез-келген жерде тиімді қолдана алатындай жағдай жасалады. Бұл әдіс
арқылы мұғалім оқушының іскерлігін және дағдыларын қалыптастырып, тапсырмалар
беріп, өзі меңгерткен білімді, үйреткен іскерлік дағдыларын оқушыларға қайталатады.
Ақтөбе қаласы,№47 жалпы білім беретін мектеп мұғалімдері де сабақтарында
оқытудың жаңа тәсілдерін ,соның ішінде Блум таксономиясын сәтті қолдануда.
Жалпы таным-білімге, жан-жақты жинақталған ақпараттарға қатысты әрекеттердің
барлығы когниция немесе когнитивтік әрекеттер деп аталады. Когнитивтік ілім
заңдылығына сәйкес, адам тіл арқылы ақпаратты өңдеуші жүйе ретінде түсініледі, ал
адамның әрекеті тіл арқылы оның ішкі жай-күйіндегі дүниелермен анықталады. Олай
болса, когнитивизмнің негізгі қағидасын зерттеушілер еңбектеріне сәйкес былайша
анықтауға болады:
- адамның ойлау тетігін зерттейтін бағыт;
адам санасындағы ақпараттардың өңделуі;
дүниенің ментальді моделін қалыптастырушы;
тілде берілген адамның ойындағы ұғымның түсінілуі;
ойлауды реттейтін психикалық қасиеттер.
ҚР және ТМД елдеріндегі ғылым және білім беру жүйесінің өзекті мәселелері
Актуальные проблемы науки и системы образования РК и в странах СНГ
343
Оқу мақсаттарының негізгі категориялары:
1) Білім;
2) Түсіну;
3) Қолдану;
4) Талдау;
5) Синтез (жүйелеу, жинақтау);
6) Бағалау.
І. Білу.
Таным мен ойлау деңгейі – төмен деңгей.
Бұл категория мәлiметтердi қайталау немесе тану арқылы есте қалай
сақталғанын тексеруге бағытталады, мағлұмат пен деректердi еске түсiредi.
Шәкірт:
Қолданылған терминдерді біледі (есте сақтайды және қайталайды);
Нақты фактілерді біледі;
Жұмыстың орындалу ретін біледі,
Негізгі ұғымдарды біледі;
Ережелерді, қағидаларды біледі.
Тапсырмалар түрі:
Не? Қашан? Қандай? Қайда? Формуласын жазу, атап көрсету, жабық тест
тапсырмалары; қалдырып кеткен белгiлердi қою; жатқа айту; анықтамалар мен
атауларды қайталау, олардың қолдану тәртiбiн айту.
ІІ. Түсіну.
Таным мен ойлау деңгейі – орта деңгей.
Оқу материалын түсінгендіктің ретінде келесідей әрекеттерді
атқаруды атауға болады:
Трансляция – оқу материалын бір «тілден» екінші «тілге» ауыстыру
мысалы,математикалық формуланы сөзбен айтып беру; сөзбен келтірілген
мәліметті кесте, схемамен көрсету, т.б.);
Интерпретация – оқу материалын «өз сөзімен» түсіндіру, қысқаша баяндау;
Жорамалдау – оқу материалдары бойынша әңгіменің әрі қарай не туралы
болатындығын, оның салдары мен нәтижелерін болжау.
Шәкірт:
Фактілерді, ережелерді, қағидаларды түсінеді;
Сөзбен келтірілген материалды, схемалар, графиктер, диаграммаларды
түрлендіреді;
Сөзбен келтірілген материалды математикалық ұғымдарға өзгертеді;
Берілген ақпарат бойынша болашақта туындалуы ықтимал салдарын
сипаттайды.
Тапсырмалар түрі:
Қалай? Неліктен? Сөйлемді аяқтаңыз; сөйлемді өзгертіңіз; өзара байланысын
түсіндіріңіз; айырмашылығын көрсетініз; өз сөзіңізбен айтыңыз;
графикті, суретті түсіндіріп беріңіз.
ІІІ. Қолдану.
Таным мен ойлау деңгейі – орта деңгей.
Бұл категория оқу материалын нақты жағдайда және мүлдем жаңа ситуацияда
қолдануды меңзейді. Мұнда ережелерді, әдістерді, ұғымдарды, заңдарды,
қағидаларды, теорияларды, практикалық тұрғыдан қолдану кіреді. Оқу нәтижелері
түсіне деңгейіне қарағанда материалды тереңірек игеруді талап етеді.
Шәкірт:
Ұғымдар мен қағидаларды жаңа жағдайларда қолданады;
ҚР және ТМД елдеріндегі ғылым және білім беру жүйесінің өзекті мәселелері
Актуальные проблемы науки и системы образования РК и в странах СНГ
344
Заңдар мен теорияларды практикалық тұрғыдан нақты ситуацияларда
қолданады;
Әдіс немесе жұмыс ретін дұрыс қолданатындығын көрсетеді.
Тапсырмалар түрі:
Жасап көр; таблица, график жаса; қолдану мақсатын түсіндір; есепті
бірнеше тәсілмен шеш, берілген гипотезаны тексер.
ІV. Талдау.
Таным мен ойлау деңгейі – жоғарғы деңгей.
Оқу материалының құрылымы анық көрінуі үшін оны құрамдас
бөліктерге бөлу: бүтіннің бөліктерін ажырату; бүтіннің бөліктерінің арасындағы өзара
байланыстарды анықтау, бүтіннің қалайша ұйымдастырылғандығын сезіну. Бұл
категория оқу материалының мазмұнын сезінумен қатар оның ішкі құрылысын
қалайша құралатындығын меңзейді.
Шәкірт:
Жасырын (көзге көрінбейтін) жәйттерді ашады;
Ойдың өрбуінен қателер мен олқылықтарды айқындайды,
Фактілер мен олардың салдарының арасын ажыратады;
Ұсынылған фактілердің маңыздылығын айқындайды.
Тапсырмалар түрі:
Құрылымы қандай? Салдары неде? Топтастырыңыз; салыстырыңыз; себебін
талдаңыз.
V. Жинақтау.
Таным мен ойлау деңгейі – жоғарғы деңгей.
Оқу материалының элементтерінен жаңашыл сипаттан бүтінді
(нәтижені) құрастыру. Жаңа нәтиже ретінде оқу материалдарын мүлдем өзгеше
реттейтін хабарлама (баяндама, сөз), жұмыс жоспары, схемаларды атауға болады.
Мұндай оқу нәтижелері жаңа мазмұн мен жаңа құрылымдарды жасап шығаратын
шығармашылық әрекеттерді қолдануды талап етеді.
Шәкірт:
Шығармашылық тұрғыдан кішігірім шығарма (эссе) жазады;
Тәжірибе жасаудың өзіндік жоспарын ұсынады;
Қандай да болмасын проблеманы шешу үшін өз білімдерін шығармашылықпен
қолданады.
Тапсырмалар түрі:
Өз шешіміңізді табыңыз, алгоритм құрастырыңыз, баламасын табыңыз,
бөліктерден құраңыз, жүйелестіріңіз, зерттеңіз.
VІ. Бағалау.
Таным мен ойлау деңгейі – жоғарғы деңгей.
Оқу материалының маңызын анықтау, ол туралы өзіндік пікір келтіру, ойын
білдіру. Бұл деңгей алдыңғы категориялардың оқу нәтижелелеріне қол
жеткізуді меңзейді.
Шәкірт:
Оқу материалы құрылымының логикасын жазбаша түрде бағалайды;
Ішкі немесе сыртқы критерийлерге сүйеніп, оқу материалының маңыздылығын
айқындатады;
Жасалған шешімдер мен қорытындылардың берілген фактілерге сәйкестігін
анықтайды.
Достарыңызбен бөлісу: |