1 Ғылыми басылым Научное издание ҚР және тмд елдеріндегі ғылым


Физиканы бағдарлы оқыту кезінде мұғалім келесі әрекеттерді жүзеге асыруы



Pdf көрінісі
бет62/71
Дата05.02.2017
өлшемі6,31 Mb.
#3477
1   ...   58   59   60   61   62   63   64   65   ...   71

Физиканы бағдарлы оқыту кезінде мұғалім келесі әрекеттерді жүзеге асыруы 

керек: 

1.

 



Әрбір  оқушының  жеке  ерекшеліктерін:  қызығушылықтарын,  оқу 

мотивациясын,  қабілеттіліктерін,  ағымдағы  оқу  үлгерімінің  деңгейін, 

оқудағы  өзекті  қиыншылықтарын,  білімі  мен  біліктілігіндегі  қалыстарын 

және  т.б.  анықтап,  есепке  ала  отырып,  оның  физиканы  меңгеру 

траекториясын құру. 

2.

 



Оқушының  жеке  ерекшеліктерін  ескере  отырып,  оның  оқу  қызметін 

ұйымдастыру.  Өз  білімі  мен  біліктілігін  жаңа  практикалық  жағдайларда  

қолдана білуді үйрету.  

3.

 



Оқушы орындаған тапсырмаларды тексеріп, бағалау және сараптау. Оқушы 

жіберген  қателерді  талдау  негізінде  оның  оқу  қызметін  түзету 

(коррекциялау). 

Жіберген 

қателерін 

оқушының 

өзінің 

түзетуін 



ұйымдастыру. Қажет болған жағдайда көмектесу. 

4.

 



Оқушы білімі мен біліктілігіндегі қалыстарды жою мақсатында жүргізілетін 

шараларды анықтау. 

5.

 

Оқушының  зерттеу  жұмыстарымен  айналысуын  ұйымдастыру,  өзбетімен 



жұмыстану және  шығармашылық қабілеттерін дамыту. 

6.

 



Оны таңдаған бағдар бағытында баулу және еңбекқорлыққа,   

     жауапкершілікке, жігерлілікке, мақсаткерлікке, ізденімпаздылыққа   

     тәрбиелеу.  

Бағдарлы  оқыту  үрдісіндегі  физикалық  қолданбалы  курстардың  міндеті 

оқушылардың  физикалық  білімдерін  кеңейте  және  тереңдете  отырып,  оларды 

практикада қолданудың жолдары мен әдістерін үйрету. 

Қазіргі  уақытта  физикалық  білім  берудің  өзекті  мәселелерінің  бірі  оқушыларға 

физикалық  есептерді  шығаруды  үйрету.  Әр  түрлі  деңгейдегі  физикалық  есептерді 

шығара  білу  –  оқушының  оқу  материалын  өте  жақсы  меңгергендігін  білдіреді. 


ҚР және ТМД елдеріндегі ғылым және білім беру жүйесінің өзекті мәселелері 

Актуальные проблемы науки и системы образования РК и в странах СНГ 

 

 

389 



 

Дейтұрғанмен көбіне физикалық есептерді, әсіресе күрделі есептерді шығаруға сабақ 

уақыты  жетпей  жатады.  Сондықтан  физика  –  математика  бағдарында  оқыту 

үрдісіндегі  “Физикалық  олимпиадалардың  есептерін  шығару”  атты  қолданбалы 

курстың орны ерекше. Әрине оқушылар бірден күрделілігі жоғары есептерді шығарып 

кетпейді,  бірақ  сол  жағдайға  жетуді  көздейміз.  Бұл  қолданбалы  курс  барысында 

оқушылар білім, білік, дағдыларды игерумен қатар өзбеттерімен білім алуды, әр түрлі 

физикалық  мәселелерді  өз  білім,  білік,  дағдыларын  пайдаланып  тиімді  шеше  білуді 

үйренеді,  зерттеу,  талдау,  есте  сақтау,  логикалық  және  шығармашылық  қабілеттері 

дамиды, жігерлілік, мақсаткерлік, еңбекқорлық, ізденімпаздық, жауапкершілік секілді 

жеке қасиеттері қалыптасады.  

Физиканы  бағдар  деңгейінде  оқыту  үрдісін  ұйымдастыруда  негізгі  роль 

оқушылардың өзіндік танымдық қызметтеріне беріледі. Бұл шарттың орындалуы үшін 

қолданбалы  курстарда  оқушылардан  меңгерген  физикалық  білімдерін  және 

біліктіліктерін  әр  түрлі  деңгейдегі  эксперименттік,  сандық,  сапалық  есептерді 

шығаруда қолдануларын талап ететін қызмет түрлерін (өзбеттерімен есеп шығару, үй 

тапсырмаларын  орындау,  бақылау  жұмысы,  сынақ  жұмысы)  ұйымдастыру  керек. 

Физиканы оқу кезінде танымдық іс-әрекеттің дамуы ғылыми зерттеу әдістерін, әсіресе 

физикалық  және  математикалық  модельдеу  әдістерін  меңгеру  арқылы  жүзеге  асады. 

Бұл әдістер күрделік деңгейлері әр түрлі болып келетін физикалық есептерді шығару 

кезінде  орын  алады.  Жоғарыда  аталған  қолданбалы  курс  бағдарламасындағы  әрбір 

сабақ  көпдеңгейлік  сипатқа  ие  болып,  оқушыларды  таңдаған  бағдар  негізінде 

саралауға мүмкіндік береді. Орындалған тапсырмалардың күрделілік деңгейінің өсуіне 

байланысты оқушының даму қарқынын айқындауға болады.    



Курс сабақтарының мақсаттарын тұжырымдау 

Алға  қойған  мақсат  орындалу  үшін  оны  сол  мақсатқа  жетуі  тиіс  адамдар  түсініп, 

қабылдауы  қажет  екендігі  баршаға  белгілі.  Оқыту  мақсатын  оқушылар  түсініп, 

қабылдау  үшін  ол  оқушы  тілінде тұжырымдалуы  керек.  Кейбір  сабақ  мақсаттарында 

оқушының  қызметі  мүлдем  көрсетілмейді  немесе  оқушының  берілген  материалды 

енжар  оқуы  көрсетіледі.    Оқу  мақсаты  оқушының  тақырыпты  меңгеру  үрдісіндегі 

мақсатына  жету  нәтижесі  арқылы  өзін-өзі  бағалауына,  бақылауына  мүмкіндік 

беретіндей  болып  тұжырымдалуы  керек.  Мақсатты  тіке  оқушыға  айтылған  түрде 

тұжырымдау  қажет.  Мысалы,  физикалық  қолданбалы  курстың  механика  бөліміндегі 

“Сақталу  заңдары”  тақырыбын  өткенде  сабақтың  білімдік  мақсаты  дәстүрлі  түрде 

былай тұжырымдалады: 

Толық механикалық энергияның және импульстің сақталу заңдарын оқып үйрену. 

Олардың қолдану облысын анықтау. 

Осы  тақырыпты  оқып  үйренуге  әзірленіп  отырған  оқушыңыз  үшін  бұл  мақсатты 

былайша тұжырымдау тиімді болады: 

1.

 



Сіздер бүгінгі сабақта мынаны білесіздер: 

 



Толық механикалық энергия дегеніміз не. 

 



Толық механикалық энергияның сақталу заңы дегеніміз не және оны 

қандай жағдайда қолдануға болады. 

 

Импульстің  сақталу  заңы  дегеніміз  не  және  оны  қандай  жағдайда 



қолдануға болады. 

2.

 



Сіздер бүгінгі сабақта мынаны үйренесіздер: 

 



Толық  механикалық  энергияның  сақталу  заңының  формуласын 

қорытып шығаруды. 

 

Импульстің сақталу заңының формуласын қорытып шығаруды 



 

Толық  механикалық  энергияның  сақталу  заңын  және  импульстің 



сақталу заңын қолданып есептер шығаруды. 

ҚР және ТМД елдеріндегі ғылым және білім беру жүйесінің өзекті мәселелері 

Актуальные проблемы науки и системы образования РК и в странах СНГ 

 

 

390 



 

Осы  сабақ  есептерін  шығарып,  шығару  жолдарын  толық  талдап  және  үй 

тапсырмаларын  мүдіртпей  орындасаңыздар  Сіздер  ҰБТ  тапсырмаларын  қиналмай 

дұрыс  шеше  аласыздар.  Есеп  шығару  кезінде  қиындықтар  туындаса  теориялық 

материалды қайталап, есеп мәтінін тағы зейін салып оқып шығыңыз (көбіне қателіктер 

есеп  мәтінін  дұрыс  оқымағандықтан  болады),  ал  содан  кейін  тағы  шығарып  көріңіз. 

Енді қиналсаңыз мұғалімнен көмек сұраңыз.  

Осылайша  оқушыға  бағытталған  мақсаттар  оған  сабақ  материалының  өзі  үшін 

маңызды екендігін сезінуге және материалды табысты меңгеруге болатындығына көз 

жеткізуге септігін тигізеді. 



Мұғалімнің  өз  сабақтарында  ақпараттық  –  комуникативтік  оқыту 

технологиясын  қолдана  білуі  -  заман  талабы.  Бұл  технологияны  қолдану 

барысында  оқушының  пәнге  қызығушылығы,  ізденімпаздығы    артады  және 

шығармашылық,  өзбетімен  жұмыстану,  дербес  ойлау,  өз  ойын  жүйелі  түрде 

тұжырымдай  білу  қабілеттіліктері  қалыптасады,  әрі  дамиды.  Физиканы  бағдарлы 

оқыту үшін көптеген мектептерде физикалық құрал- жабдықтар жетіспейді. Бұл өзекті 

мәселені  шешу  жолдарының  бірі  бағдарлы  деңгейде  физиканы  оқытуға  арналған 

интернет- ресурстарды қолдану.  

Сайттардың  ,  электрондық  оқулықтардың  көмегімен  қажетті  компьютерлік 

физикалық  көрсетімдерді,  эксперименттерді,  тәжірибелерді,  лабораториялық 

жұмыстарды  жүргізуге  болды.  Сонымен  бірге  әдістемелік,  дидактикалық 

материалдарды алып пайдалануға болады.   

Мұғалім  оқушының  жеке  ерекшеліктеріне  сәйкес,  оны  оқытуды  уақытылы  және 

сауатты түзетіп (коррекциялап) жүруі тиіс. Физикалық есептерді шығару оқушыларға 

түсініксіз  болмас  үшін  Сіз  барлық  оқушылардың  бірдей  физика  және  математика 

пәндері бойынша дайындығының деңгейлері бағдарламалық қажетті талаптарға және 

оқушылардың  талаптану  деңгейлеріне  сәйкес  келмейтіндігін  ескеруіңіз  керек. 

Сондықтан  Сіз  әрбір  нақты  жағдайда  оқушылардың  қажетті  біліктіліктері  мен 

дағдыларын  қалыптастыру  мәселесін  шешудің  жолдарын  іздестіріп,  оқыту  әдістерін 

таңдауыңыз  қажет.  Оқушыларға  есептерді  шығару  элементтерін,  таныс  емес  есепті 

шығаруда таныс әдіс-тәсілдерді  тауып, қолдана білуді  үйрету керек. Есептер шығару 

элементтерін  үйретуді  алгоритмдік  тәсілмен  жүргізу,  ал  оны  орындау  дағдысын 

автоматты түрге дейін жеткізу орынды.  



Әрбір нақты есепті дұрыс шығаруға мүмкіндік беретін алгоритм көрсетілген 

универсал  рецепт  болмайды.  Дегенмен  есеп  шығару  кезінде  ұстану  орынды  болып 

келетін жалпы ұсыныс бар. Мынадай жалпы алгоритмді ұсынуға болады: 

1.

 

Алдымен  есеп  шартын  жақсы  түсініп,  меңгеру  керек.  Есептің  берілгенін 



қабылданған  белгілеулер  арқылы  толық  жазу  және  барлық  шамалардың 

мәндерін халықаралық бірліктер жүйесінде көрсету қажет. 

2.

 

Есеп  шартын  талдай  отырып,  қандай  құбылыс  немесе  құбылыстар 



жиынтығы  қарастырылатындығын  және  әрбір  құбылыс  қандай заңдармен, 

теңдеулермен сипатталатындығын анықтау. 

3.

 

Есептің шарты және шешуі көрсетілген сурет немесе сызба салу. 



4.

 

Есепті  шығару  жоспарын  құрып,  оны  жалпы  түрде  шешу  (есепті  шешу 



формуласын қорытып шығару). 

5.

 



Есепті шешу формуласына кіретін физикалық шамалардың белгілеулерімен 

операциялар орындау арқылы оның дұрыстығын тексеру. 

6.

 

Қажетті  есептеулер  жүргізу  және  алынған  нәтиженің  нақты  жағдайға 



сәйкес  келуін  бағалау.  Физикалық  шамалардың  өлшем  бірліктерімен 

операциялар орындап, дұрыстығын тексеру. 

7.

 

Есепті  шығарып  болған  соң, оның шығарылу жолына талдау жасап, мына 



сұрақтарға жауап беру арқылы қорытындылау: 

ҚР және ТМД елдеріндегі ғылым және білім беру жүйесінің өзекті мәселелері 

Актуальные проблемы науки и системы образования РК и в странах СНГ 

 

 

391 



 

 



Есепті шығару үшін қандай білімдер қолданылды?  

 



Есепті  шығару  барысында  қолданылған  заңдардың  тұжырымдамалары 

мен математикалық жазылулары есіңізде ме?  

 

Есепте қарастырылған физикалық ұғымдар мен шамалардың қасиеттері 



мен ерекше белгілерін айта аласыз ба? 

 



Есепте қолданылған білімдердің дұрыстығын негіздеуге болады ма? 

 



Осы  есепті  шығару  үшін  Сіз  бұрыннан  белгілі  қандай  әдіс  -  тәсілдерді  

қолдандыңыз? 



Оқушыны өзбетімен есеп шығаруға дағдыландыру 

Оқушы берілген есепті өзбетімен шығара алмаған жағдайда мұғалім  оған бірнеше 

ұқсас,  бірақ  қарапайым  есептерді  шығаруды  ұсынсын.  Оларды  шығару  барысында 

оқушы  нашар  меңгерген  білім  мен  біліктілік  элементтері  анықталады.  Қалыстар 

жойылған соң алғашқы есепті оқушы өзбетімен шығаруы мүмкін.      

Мұғалімнің көмегінің екінші түрі ол есепті шығару алгоритмін, яғни әрекеттердің 

орындалу  тәртібін  оқушыға  айту,  бірақ  бұл  оқушының  өзбетімен  жұмыстану 

дәрежесін төмендетеді. Сондықтан алгоритм түріндегі көмектен кейін оқушыға сәйкес 

есепті өзбетімен шығаруды ұсыну қажет.  

Мұғалім көмегінің үшінші түрі  есептің шығарлуын толық түсіндіру. Бұдан кейін 

оқушыға сәйкес есепті өзбетімен шығаруда ұсыну керек. Оны дұрыс шығарып болған 

соң  келесі  ұқсас  есепті  береді.  Үшінші  есепті  шығару  оқушыны  әрекеттер 

алгоритмінің мәнін түсінуге әкеледі.  

Тапсырманың  орындалуын  тексеру  кезінде,  оқушы  қателерін  өзі  дұрыстай 

алатындығын  білсеңіз,  Сіз  оған  қандай  тапсырмалар  дұрыс  орындалмағанын  айтып 

жіберсеңіз болды. Егер сіздің оқушыңыз оған үнемі жетекшілік етуді қажет етсе, онда 

Сіз  оған  қандай  тапсырмалар  дұрыс  орындалмағандығымен  қоса,  тапсырманы 

орындау барысында қандай қателер жібергендігін де көрсетуіңіз қажет. Сонымен бірге 

Сіз  оған  қандай  тақырыптарды  қайталау  керектігін,  қандай  шығарылған  есептерге 

және мысалдарға көңіл бөлу қажеттігін айтқаныңыз жөн.  



Үй тапсырмасы және қателіктермен жұмыс 

Үй  тапсырмасының  салмағы  әр  оқушы  үшін  әр  түрлі  болуы  мүмкін.  Ол  бірнеше 

себептерге байланысты.  

 Біріншіден,  үй  тапсырмасының  мазмұны  оқушы  үлгерімінің  табыстылығымен 

анықталады.  Егер  оқушы  теориялық  материалды  нашар  меңгерсе,  сабақ  үстінде 

есептерді  нашар  шығарса,  онда  үй  тапсырмасы  қажетті  білім  мен  біліктіліктерді 

міндетті  деңгейде  меңгеруіне,  содан  кейін  ғана  күрделі  тапсырмалар  орындауға 

бағыталады.  Егер  оқушы  теориялық  материалды  өте  жақсы  меңгеріп,  есептердің 

барлығын дұрыс шығарса, онда оған жоғарыда көрсетілген үй тапсырмасының бірінші 

бөлігінің орнына да күрделілік деңгейі жоғары есептерді беру орынды. Бұл жағдайда 

үй тапсырмасының салмағы едәуір артады және 100% - ға жетуі мүмкін.  

 Екіншіден,  үй  тапсырмасының  мазмұны  оқушының  таңдаған  мамандығымен 

байланыстырылғаны жөн.  

Сіз оқушыға неліктен осындай үй тапсырмасын оған беріп отырғаныңызды, оның 

орындалуы қалай бағалатындығын міндетті түрде айтуыңыз керек.  

Қателерімен  жұмыс  кезінде  диалог  ұйымдастырып,  мынадай  сұрақтар  қою  өте 

тиімді:  

 



Оқушы өзі қандай есептерде қате жібергенің біледіме; 

 



Ол осы есепті дұрыс шығармауының себептерін түсінедіме; 

 



Ол қате нақты бір сабақ  (тақырып) материалын нашар меңгергендігінен деп 

есептейді  ме,  әлде  бұған  алдыңғы  тақырыптардағы    білім  қалыстары  әсер 

етті ме;  


ҚР және ТМД елдеріндегі ғылым және білім беру жүйесінің өзекті мәселелері 

Актуальные проблемы науки и системы образования РК и в странах СНГ 

 

 

392 



 

 



Келесіде мұндай қателерді жібермей, есепті дұрыс шығару үшін оған қандай 

тақырыптарды қайталау керектігін ол біледі ме; 

 

Оған  көмек  керек  пе,  қиындықты    табысты  жеңу  үшін  ол  қандай  түрде 



берілуі керек (қосымша түсіндіру ме, әлде басқалай ма). 

    Біздің  өскелен  ұрпағымыз  әлемдік  деңгейге  сай  білім  алсын  десек,  осы  бағдарлы 

оқыту  үрдісін  толыққанды  ұйымдастыруымыз  керек.  Ол  үшін  әр  мұғалім  ізденіп,  өз 

шеберлігін  шыңдап,  шығармашылықпен  жұмыс  істеуді  өз  міндеті  деп  санауы  тиіс. 

Жоғарыда  баяндалған  физиканы  бағдарлы  оқытудың  қыр-сырлары  өз  тәжірибемнен 

және  шет  елдердегі  тәжірибелерден    алынды.  Осы  жұмыста  көрсетілген  әдістемелік 

ұсыныстар әріптестерімнің қажеттеріне жарап қалар деген үміттемін.    

 

Пайдаланылған әдебиеттер 

1.

 



“12 жылдық білім” атты Республикалық ғылыми - әдістемелік және ақпараттық 

– сараптамалық журнал, №7 2015ж. және №2 2016 ж. 

2.

 

“Математика және физика” ғылыми - әдістемелік журналы, №1, 2014 ж. 



 

Аннотация 

 

В  области  образования,  специалист  не  может  быть  грамотным  без  умений  и 



навыков будущих передовых технологий обучения,. При освоении  новых технологий, 

у учителя повышается  интеллектуальные, профессиональные, способности. Помогает  

эффективно развивать в организации учебно – воспитательного процесса . В  процесс 

воспитания  и обучении введены удобные методы. В результате изменяются процессы 

целостного педагогического образования, рождаются новые технологии. 

 

 



Камар Аскербековна ТУРАЛИЕВА,  

Шекер Ермағанбетова атындағы №246 орта мектеп, 

математика пәнінің мұғалімі 

Қызылорда облысы Жалағаш ауданы,  

Қазақстан Республикасы 

   

МАТЕМАТИКА  САБАҚТАРЫНДА  АҚПАРАТТЫҚ  ТЕХНОЛОГИЯНЫ  

ҚОЛДАНУ  ТИІМДІЛІГІ 

 

Түйін 

Сабақта  жаңа  технологияларды  қолдану  арқылы  оқушылардың  білім  деңгейін 

арттыру.  Шығармашылықпен   жұмыс    істей  отырып,  заман талабына  сай  іскер,  жан-

жақты, терең білімді, интеллектуалдық деңгейі жоғары дамыған шәкірт тәрбиелеу. 

Білім беру үрдісінде оқытудың жаңа технологияларын айқындайтын әдістемелік, 

педагогикалық  басылымдармен  танысу.  Сабақта  оқытудың  жаңа  технологияларын 

тиімді қолдана білу. 

Оқушының  таным  белсенділігін  қалыптастыру  барысында  шығармашылық 

ізденістің тиімді жолдарын үйрету, білім сапасын көтеру. 

 

Білім  –  болашақ  бағдары,  сарқылмайтын  қазына,  мызғымайтын  қорған,  өмірлік 



азық.Білім-Отанымызды  көркейтудің  сан  мың  жолының  ең  тиімдісін  таңдап  алуға 

қызмет  ететін  ғажайып  күш.Сонымен  бірге  ол  үнемі  қолдауды,  жарнамалау  мен 

насихатттауды  қажет  етеді.Болашақ  ертеңі  жастар,оларға  сапалы  білім  беруге 

байланысты  Елбасымыздың  «Қазіргі  заманда  жастарға  ақпараттық  технологиямен 

байланысты  әлемдік  стандартқа  сай  мүдделі  жаңа  білім  беру  өте  қажет»  деген  сөзі, 


ҚР және ТМД елдеріндегі ғылым және білім беру жүйесінің өзекті мәселелері 

Актуальные проблемы науки и системы образования РК и в странах СНГ 

 

 

393 



 

қазіргі қоғамда ақпараттық технологияға білім беру жүйесінің терең бет бұруы болып 

отыр. 

 Оқытудың  жаңа  ақпараттық-  коммуникациялық  технологияларын  меңгеру  – 



қазіргі заман талабы. ХХІ ғасыр – ақпараттық технология ғасыры.  

Ақпараттық  құзіреттілікті  қалыптастырудың  басты  мақсаты  –  оқушыларды 

ақпаратты  беру,  түрлендіру  және  оны  қолдану  білімдерімен  қаруландыру,  олардың 

компьютерлік технологияны өз қызметтеріне  еркін, тиімді пайдалана алу қабілеттерін 

қалыптастыру.  

Оқытудың  ақпараттық-коммуникативтік  және  интерактивтік  технологиялары 

бағыттары:     

а) электронды оқулықтар; 

ә) телекоммуникациялық технологиялар;  

б) мультимедиалық және гипермәтіндік технологиялар;  

в) қашықтықтан оқыту (басқару) Интернет.  

Ақпараттық-коммуникативтік  технологияны  оқу-тәрбие  үрдісіне  енгізуде 

мұғалім алдына жаңа бағыттағы мақсаттар қойылады: 

•  Өз  пәні  бойынша  оқу-әдістемелік  электронды  кешендер  құру,  әдістемелік 

пәндік Web –сайттар ашу;  

• Жалпы компьютерлік желілерді пайдалану; 

• Бағдарламалау ортасында инновациялық әдістерді пайдаланып, бағдарламалық 

сайттар,  құралдар  жасау.  (мультимедиалық  және  гипермәтіндік  технологиялар).  

         • Қашықтықтан оқыту (Internet желісі) барысында өздігінен қосымша білім алуды 

қамтамасыз ету.  

Соңғы жылдары заман ағымына сай күнделікті сабаққа компьютер, электрондық 

оқулық,  интерактивті  тақта  қолдану  жақсы  нәтиже  беруде.  Білім  беру  жүйесі 

электрондық 

байланыс, 

ақпарат 

алмасу, 


интернет, 

электрондық 

пошта, 

телеконференция, 



On-line 

сабақтар 

арқылы 

іске 


асырылуда.  

Бүгінгі  күні  инновациялық  әдістер  мен  ақпараттық  технологиялар  қолдану  арқылы 

оқушының  ойлау  қабілетін  арттырып,  ізденушілігін  дамытып,  қызығушылығын 

тудыру, белсенділігін арттыру ең негізгі мақсат болып айқындалады. 

Елімізде білім беру саласында жаңа ақпараттық технологияларды қолдану басты 

мақсат  болып  отыр.  Ол  тек  қана  техникалық  құрал  емес,  сонымен  бірге  жаңа 

ақпараттық коммуникациялық технология және білім беру жүйесіндегі сабақ берудің 

жаңаша әдісі болып табылады.  

Қазіргі  заман  мұғалімі  тек  өз  пәнінін  терең  білгірі  болу  емес,тарихи-

танымдық,педагогиколық-психологиялық  сауатты,  саяси-экономикалық  білімді  және 

ақпараттық-комуникациялық  технологияны  жан-жақты  меңгерген  ақпараттық 

құзырлы  маман  болу  керек.  Әр  оқытушы  интерактивті  тақтамен  жұмыс  жүргізуді 

толығымен  меңгеруі  қажет.  Мен  өз  сабақтарымда  интерактивті  тақтаны  пайдалану 

арқылы  оқушылардың  жаңа  ойларын,  әсерлі  идеяларын  тартымды  етіп 

көрсететініндігін аңғардым. Жаңа материалдарды бірігіп талдауда маңызы зор болды. 

Математика-ерекше  құдіретті  ғылым,  ал  математика  пәнінің  мұғалімі  баланың  

бойындағы ақыл, білім, парасат, сабырлық, шығармашылық қасиеттерін бойынан аша 

білетін  тұлға.  Қазіргі  уақытта  математика  ғылымы  кең  етек  алып  дамуда.Сондықтан 

математиканы  оқытудың  мазмұнын  ашуды  жүзеге  асыру  үшін  жаңа  ақпараттық 

технология  қүралдары  ауадай  қажет.  Қазіргі  ақпараттық  технологияның  озық 

жетістіктерін  математика  сабағында  қолдану  арқылы  танымдылық  іс-әрекеттерін 

ұйымдастыра отырып, оқушылардың құзіреттілігін дамытуға болады. 

Педагогикалық  оқытуда  ақпараттық  технологияларды  пайдаланудың  бірнеше 

жолдары  бар,  солардың  ішінде  өз  тәжірибемдегі  қолданып  жүрген  әдіс-  тәсілім 

мынадай:  күнделікті  дәстүрлі  сабағымда;  оқулық,  көрнекілік  құралдар,  электрондық 


ҚР және ТМД елдеріндегі ғылым және білім беру жүйесінің өзекті мәселелері 

Актуальные проблемы науки и системы образования РК и в странах СНГ 

 

 

394 



 

оқулықтартарды;  компьюторлық  құрылғыдан:  презентация  ,дисктер,мультимедиа 

құралдарын,  интернет-технологиясынан:интернет дербес ақпарат көзі  ретінде, е-mail-

ақпарат алмасу құралы ретінде, т.б. жиі пайдаланамын. 

Қазіргі  кезде  тестік  әдістің  көмегімен  оқушылар  білімі  жиі  сараланады.  Тестің 

саналылығы  оның  құру  жүйесіне  тәуелді  және  оған  енетін  тапсырмалардың 

күрделілігімен  байланысты.  Тест  тәсілін  қолдануды    жүзеге  асыру  үшін  жан-жақты 

ойластырып методикалық нұсқаулар, әдістемелер болуы қажет. Компьютер көмегімен 

тестік бақылау өткізуге болады. Компьютер бір мерзімде топтың, не сыныптың білімін 

тексеруге мүмкіндік береді. Ақпараттық технологиялардың оқу үрдісінде қолданылуы 

оқушылардың  мүмкіндіктерін  кеңейтеді.  Ақпараттық  технологияның  міндеті-

оқушыларды  білімге  қызығушылығын,  ізденушілікке  баулу.  Заман  талабына    сай 

сабақта  қолданылатын  электрондық  байланыс  оқушылардың  қызығушылығын 

арттырып,  зейін  қойып  тыңдаумен  қатар,  түсінбей  қалған  сәттерін  қайталап  көруге, 

тыңдауға және алған мағлұматтарды нақтылауға мүмкіндік береді. 

 Өз  сабағымда  оқушыларды  шығармашылыққа  жұмылдырып,  электронды 

оқулықты  пайдаланамын.  Компьютердің  мультимедиалық  мүмкіндіктерін,  анимация 

мүмкіндігін,  ілеспені,  дыбыс  меншіктеуді,  гиперсылка  көріністерін  пайдаланып,  осы 

көріністерді  пайдалану  әрекеттерін  қолданып,  тамаша,  көрнекті,  оқушыларды 

қызықтыра  түсетін  білім  беру  сабақтарын  ұйымдастырған  ыңғайлы.  Электрондық 

оқулықпен  оқытудың  негізгі  мақсаты-оқыту  үрдісін  үздіксіз  және  толық  деңгейін 

бақылау,  сонымен  қатар  ақпараттық-ізденіс  қабілетін,  шығармашылық  қабілетін 

дамыту. Мұның тиімді жағы: электронды оқулықта әр сабаққа арналған бейне көрініс, 

анықтама  сөздік,  есептердің  шығарылу  жолы,  фигуралардың  кеңістікте  орналасуы, 

диктант,  тест  тапсырмаларын,  қайталау  сұрақтарын  пайдалана  аламыз.  Электронды 

оқулықты  қолдану  арқылы  сабақта  техникалық  құралдарды,  дидактикалық 

материалдарды  қолдану  тиімділігі,  оқушының  пәнге  қызығушылығы,  білім,  білік, 

дағды  деңгейін  қалыптастыруы,  білімнің  тереңдігі,  тексеру  түрлері,  бағалауы, 

практикалық  дағдыларды  игеруі  артады.  Оқушылардың  өздері  де  алынған  ақпаратты 

көшіріп  алып,  онымен  өз  ыңғайына  қарай  жұмыс  істей  алады.  Мен  өзімнің 

сабақтарымда оқытудың ұйымдастыру формаларының жеке, топтық, ұжымдық жұмыс 

жасау түрлерін пайдаланамын. 

Математика  сабағында  компьютерді,мультимедиялық  және  электрондық 

оқулықтарды және интерактивті тақтамен презентацияны бірге қолданған сабақтарым 

өте нәтижелі өтуде.  

Оқушылардың  көпшілігінің  естігенінің  5%  және  көргенінің    20  %-ын  есте 

сақтайтыны  белгілі.Аудио  және  видео  ақпаратты  бір  мезгілде  қолдану  арқылы  есте 

сақтауды 40-50 % -ға арттыруға болады деп ойлаймын. 

Ендігі  сөзді,  өзім  сабағымның  құрылымына  ішінара  енгізіп  жүрген  ГеоГебра 

бағдарламасы жайлы болмақ. 

ГеоГебра  –  геометрия  және  алгебраны  байланыстыратын  компьютерлік 

интерактивті  бағдарлама.  Әлем  бойынша  ең  көп  таралған,  150-ден  астам  елде 

қолданылып  отырған  математикалық  бағдарламаның  бірі.  Авторы  -  австриялық 

математик,  PhD  докторы  Маркус  Хохенвартер.  Бағдарлама  50-ге  жуық  тілге 

аударылған және осы бағдарлама төңірегіндегі жұмысын 2001 жылы бастаған. 

www.geogebra.org  сайтынан  ақпарат  ала  аламыз,  кез-келген  компьютерге  тегін 

орната беруге болады. Проекторы бар әр сыныпта математика сабағында пайдаланып, 

сабағыңды көрнекі етіп өтуіңе болады. Оқушылар абстрактілі түсініктерді өз көзімен 

«көре  алады».  Әрбір  жаңа  тақырыпты  өту  барысында  осы  бағдарламаны  қолданған 

тиімді. Бұл оқушыларға ерекше қызық әрі түсінікті болады деп ойлаймын. 

ГеоГебра арқылы: 



ҚР және ТМД елдеріндегі ғылым және білім беру жүйесінің өзекті мәселелері 

Актуальные проблемы науки и системы образования РК и в странах СНГ 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   58   59   60   61   62   63   64   65   ...   71




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет