14. Ежелгі философиядағы жан мен ақылдың космологиясы. Аристотель «Жан туралы». Ежелгі Шығыстың Үнді және Қытай мәдениетіндегі адам-ның санасы өз-өзін дамытуға, ішкі рухани күшін көбейтуге бағытталған.
Батыстың әрекетшіл адамының санасы сыртқы дүниені өзгертуге бағытталған.
Ежелгі үнді философиясында ғарыштық дүниежүзілік жан – «Брахман», жеке дара (индивидуалдық) жан - «Атман» деп аталады. Упанишады бойынша, «Атманның арқасында көру, есту, иістерді ажырату, сөздерді айту, тәтті мен тәтті еместі ажырату мүмкін» [Упанишады. М., 1991]
Субъекттің біртұтастығында жеті құрамдас бөліктері бар: дене, өмірлік қуат, сезімдер, интеллект, таза зерде («жоғарғы Манас»), Атман («Мен») және Брахман. Таза зерде мәңгі, ал бұзылатын деңгейлерге жанның өсімдік түрі (дененің өмірлік қуаты), сезімталдық және менталдық түрлері жатады. Олар уақытша өмір сүретін және өлімнен кейін жойылатын адамды құрайды. Ежелгі Үнді дәстүрінде Атман мен Брахманның, психикалық пен ғарыштықтың тепе-теңдігі туралы идеяның негізінде жанның өлместігі және оның қайта туылуы туралы ілім қалыптасқан. Брахманизм философиясындағы жан туралы түсініктер Брахман – 1) ғарыштық жан, абсолют; 2) діни қызметкер, абыз; 3) жоғарғы каста, одан абыздар мен ел басылар шығады
Атман – жеке адамның жаны
Сансара – жанның мәңгілік өмір сүруі, осы дүниеге қайта оралуы (реинкарнация)
Карма – тағдыр немесе жазмыш заңы: жанның бұл өмірде қандай бейнеде туылуы оның өткен өмірдегі іс әрекетіне байланысты
Мукти – жанның өткен өмірдегі кінәсін өтеу, карманы азайту
Мокша – жанның кармадан құтылуы
15. Пәлсафе дәстүріндегі жан туралы түсінік. Ибн-Синаның жан туралы ілімі. Орта ғасырда пайда болып, жаңа заманға дейін философия тарихында көрнекті орын алған,
еңбектерін араб тілінде жазған, негізінен мусылман елдерінен шыққан ойшылдар тобының ілімін
ғылымда фалсафа ден атау дәстүрі бар. Фарабидің көзқарасы бойынша, жасампаз акыл немесе ғарыштық (космостық) ақылай асты әлеміндегі бүкіл қозғалыстардың себебі ғана емес, ол -- жер бетіндегі тіршілікке тән ақыл, бұл дүниенің заңдылығын реттеуші, билеуші. Әрбір тіршілік иесінің ақылы тек әлемдік, космостық ақылға қатысты дамиды, өркендейді. Ал әлемдік ақыл мәңгілік. Жеке тіршілік иесі өткінші. Осыдан барып жан өлмекші емес деген қағида теріске шығып діннің сара жолымен философияның талас мәселесі жанның ауысып, көшіп жүреді деген идея мансұқ етіледі. Фараби бұл аса маңызды да, мәңгі проблема бойынша анық бір пікірді ұстамағаны байқалады. Көп жағдайда ол жан өлмейтіні жайлы тезисті ашық қуаттайды. Бірде ол Аристотельдің идеясын қолдап дамытып жанның мәңгілігін бір адам үшін емес жалпы адамзатқа тән қабілет ретінде қарастырады. Енді бірде қайырымды, парасатты адамдардың жаны өлмейді, ал қайырымсыз, надан да пасық адамдар жаны оның тәнімен бірге өледі деген идеяны қолдайды. Бұл жағдайда ол жақсы адамның артында қалдырған ісінің.
ізінің өшпегені, оның жанының өмір сүргені дегенді меңзейтін сиякты.