1. Философия білімнің ерекше түрі және рухани қызметтің ерекше түрі ретінде


Ойлау және тіл. М. Қашқари тілінің философиясы



бет27/97
Дата26.12.2023
өлшемі0,65 Mb.
#143863
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   97
29. Ойлау және тіл. М. Қашқари тілінің философиясы.
Тіл – адам баласының барша тіршілік болмысымен ұштасып жатқан құндылығы, ұлттың рухани тағлымы, ұлт болмысының түп қазығы. Кез келген ұлтты тану үшін, сол ұлттың бойына сіңген ұлттық құндылықтарды тани білуіміз қажет. Ұлт үшін маңызды ұлттық құндылықтардың бірі – тіл. Кез келген ұлт үшін тілдің философиялық мәні, адамзат өмірінде орыны айрықша. Тіл қоғамда адамның рухани жетілуіне, кемелденуіне қызмет ететін рухани құндылықтардың бірі. Әрбір ұлттың рухани байлығы тілмен астасып жатыр. Қоғамдық өмірде саналы адам тәндік қажеттіліктен әлдеқайда кең, әлдеқайда терең әлемде өмір сүруді аңсайды. Ол ‒ рухани әлем. Адамның өмір сүруінде екі әлем бар: биологиялық және рухани әлем. Биологиялық әлем адамның тәндік қажеттіліктерін ғана қанағаттандырса, рухани әлем ‒ адамды мәңгіліктің аясында өмір сүруге шақыратын әлем. Философияда тілдің қалыптасуын қоғамдық құбылыстармен байланыстыра отырып, белгілі бір қажеттіліктен туындаған құбылыс ретінде таниды
Тіл - түркі әлемі үшін бірте-бірте құдіретті күшке айналғанын санасымен жете түсінген М.Қашқари өзінің негізгі
шығармасында сөз бен ойдың өзара байланысын, немесе олардың әлеуметтік ортадағы диалектикасын төмендегідей
тұжырымдармен жеткізеді:
Шақпақты жақса - от тұтанар
Сөз ұғындырылса - ой білінер [3].
Яғни ғұлама жоғарыдағы нақты тұжырымдар арқылы белгілі іс-әрекеттің нәтижесі ретінде көрініс беретін рухани
құбылысқа адамның ойын, ойлау жүйесін жатқызады. Шығыстың ойлау жүйесіндегі ерекшеліктер нақты
тұжырымдарды осындай поэтикалық жолмен жеткізуінде болып тұр. Осыған орай Ә. Нысанбаев қазақ философиялық
ойының тарихта өмір сүру тәсілін поэзиямен тіклей байланыстырып, «…қазақ поэзиясы философиялық ойдың бірден-
бір өмір сүру формасы» екендігін пайымдайды [4]. Ой ешқашанда кездейсоқ болмайды, ол адамды белгілі бір
бағыттағы іс-қимылға бастайтынын түркілік ғұлама көрсетіп тұрғаны анық. Ал адам өзінің сөзіне де, ойына да
жауапкершілікпен қарауы тиіс екендігін үнемі ескертумен болады. Әрине, бұл жерде түркілік әлемге тән негізгі
басымдылық болатын этикалық құндылықтардың ойшыл дүниетанымында басымдақ күйде орын алғанын байқаймыз.
Кейінгі қазақ мәдениетіне, оның философиялық ойына, халықтық дүниетанымына осы қасиеттердің тарихи
сабақтастықпен берілгені туралы тұжырымдарды көптеген отандық беделді зерттеушілердің, қазіргі заманның өзінде
мемлекет қайраткерлерінің еңбектерінен оқимыз [5]. Махмұд Қашқари түркілердің 20 тайпасының тілдік құрылымы
өз тарихи дәуірінде түркілер әлемінде негізгі тілдік-мәдени басымдық танытатын деңгейде екенін айтады. Шын
мәнінде, әл-Фараби өз заманында араб елдеріне білім іздеп барғанда өзінің түркілік тілін ұмытты деп қалай айтуға
болады. Ол туралы халық даналығын әдебиетші зерттеуші мамандар мен ғалымдар өз шығармаларында поэтикалық
жолдарды жинақтайды [6]. Яғни әл-Фарабидің қыпшақтың ұлы болғанын танататын жыр жолдары келтіріледі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   97




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет