126ЖМ Назарқұл Еркебұлан
- Гормондар алыстан әсер етеді - гормон әсер ететін мүшелер мен жүйелер оның пайда болу
орнынан алыс орналасады;
- Гормондардың өзіне тән арнайы әсері бар. Сол себебті, белгілі бір гормон жетіспесе оның
орнын екінші гормон алмастыра алмайды;
- Гормондардың биологиялық белсенді болып келеді;
- Гормондар гумаральдық реттеуде аралық қызмет атқарады;
- Гормондардың әсер етуі өте тез әрі қысқа.
Эндокриндік бездер – сөлдерін бөлетін түтіктер болмайды, сондықтан қанға гормондарды
бөледі.
Бұл бездерге гипофиз, эпифиз, қалқанша,
қалқансерік бездері, айырша без,
бүйрекүсті, ұйқы және жыныс бездері жатады.
Эндокриндік бездердің морфофункционалды ерекшеліктері:
1) сыртқа шығаратын өзегі болмайды;
2)
оларда безді эпителий болады;
3) заттар алмасудың жоғары қарқындылығымен және гормондардың бөлінуімен
байланысты қанмен мол
қамтамасыз етіледі;
4) оларды диаметрі 20-30 мкм болатын капиллярлар желісі бар;
5) вегетативтік жүйке талшықтарының көп мөлшерімен қамтылған;
6) эндокриндік бездердің арасында гипоталамус және гипофиз басты рөл атқарады.
Гормондардың әсер ету функциялары өте күрделі болып келеді. Сондай-ақ биохимиялық
жағынан қамтылған. Осы гормондардың әсер етуінің бірнеше түрлері бар:
1.
Тіндер мен ағзаларға гормондар тікелей әсер етеді.
Бұл кезде гормондар
мембранадан жасушаға жеңіл өтіп, мембранамен байланысқа түседі.
2.
Гормондардардың тіндер мен ағзалардың қызметіне тікелей әсер етіп қана қоймай,
олардағы қан тамырдарының әртүрлі хеморецепторларына рефлекстік әсер етеді.
3.
Сондай-ақ гормондар ағзалар мен тіндерге орталық жүйке жүйесі арқылы әсер етеді.
Олар белгілі бір жүйке орталықтарын құрайтын жасушалардың кернеуін төментету несесе
жоғарлату арқылы қозғыштығын өзгертеді.
4.
Гормондар кейбір кездерде шартты рефлекс түрінде де әсер етеді.
Достарыңызбен бөлісу: