1. Физиология пәні, басқа ғылымдармен байланысы, медицинадағы маңызы. Уник 100%



бет13/79
Дата21.03.2023
өлшемі243,73 Kb.
#75638
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   79
Байланысты:
физиология сессия Nazarkul E.S. 2021surak

Мембрананың қызметі:

1) жасушаны коршаған ортадан және озара оқшаулайды немесе оны бiрнеше бөлікке (компартментке) бөледi;


2) манызды ферменттері арқылы мембранада өтетін заттардын ағынын қадағалайды;


3) тіршілікке қажетті биохимиялык әсерленістер жылдамдығын және бағытын айқындайды;

4) еткiзгiштiк және арнамалы тасымал тетіктері арқылы жасуша iшiндегi әсерленгіш жерлерінің қасиеттерін реттейді. Сөйтіп эн доцитоз (ішке болу) және экзоцитоз (сыртка бөлу) үрдістеріне жагдай жасайды;


5) беткейлік орналасқан байланыстырушы жүйелердің көмегімен тiндегi немесе ағзаның құрамындағы жасушалардың іс-әрекетін үйлестiредi;


6) беткейлiк орналасқан арнамалы қабылдағыштар арқылы гор мондар (қоздырғыштар), медиаторлар (дәнекершілер), баска биологиялык дәртті заттардың және дәрілердің алмасуын камтамасыз етедi;
7) мембрананың бетiнде антигендер мен ұқсас таңбалардан құрал ған танитын жерлері болады, олар ішкі қадағалаушы жүйелердің таныс жасушаларды бөгде дене ретiнде жоюдан қорғайды;
8) мембрананын кейбір жерлері көршілес жасушаларды танып,олардың жайылуын (пролиферацияны) шектейді. Мембрананың қызметтері бұзылған жағдайда көптеген дерттер пай да болады. Мұны анықтайтын және емдейтін ғылым саласы мембра нология деп аталады.
Мембрана арқылы тасымал. Жасушаның бүкіл тіршілік әрекеті мембрананың өткізгіштігіне байланысты болады.
Өткізгіштік – жа сушаның әртүрлі заттарды өз қабықшасы арқылы екi жагына бiрдей еткізу қабілеті.
Жасушаның өткізгіштігі - заттарды ішi мен сыртына қарай тасымалдау және қалыпты жағдайда, оларды мембрана бетінде немесе астарында таратып белу тетіктерінен құралады. Сейтiп зат алмасу, биопотенциалдар өндіру үрдістерін қамтамасыз етеді.
Тасымал - қоректік және куаттық заттардың жасушаға келуін, қал дық өнімдер мен биологиялық дәртті нәрселердің одан шығарылуын, иондардың алмасуын қамтамасыз етеді. Тасымалдың бірнеше түрі бар диффузия, белсенді тасымал, экзо- және эндоцитоз Диффузия - бұл заттардың мөлшері көп жағынан аз жағына қарай, яғни мөлшерлік айырмашылығына (градиенттке) сәйкес өтуі. Мембрана арқылы оттек (О2) және көмірқышқыл газы (Co.) осы тәсілмен етеді. Иондар, глюкоза мен амин қышқылдары, майлар баяу өтеді. Диффузия ағынының бағыты иондардың мөлшеріне және электрохи миялық зарядына байланысты болады. Олардың таралысы қарама-қарсы зарядка және аз мөлшерлік бағытта жүреді. Диффузия селкос, жеңілде ген тәсілдер мен осмос және сүзіліс (фильтрация) түрінде болады.Селкос тасымал заттарды өткізу кезінде зат алмасу энергиясын жұмсамайды. Бұл мембрананың екі жағында заттардың мөлшері бірдей болып теңескенге дейін жүреді.Судан сескенетін заттар липид қабатында еріп барып етеді. Су және онда жақсы еритін заттар мембрана саңылауы немесе уақытша болатын ақаулары (кинки) арқылы кіреді. Еріген заттар мембранадан ете алмаған жағдайда, су олардың мөлшері көп жағына қарай итерме (осмостык) күшке сәйкес жайылады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   79




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет