1. Физиологиялық қызметтерді зерттеу әдістері


Енді іс-әрекет алгоритміне тоқталатын болсам



бет13/21
Дата03.12.2023
өлшемі78,98 Kb.
#133124
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   21
Байланысты:
Физиология практика се ссия 2022

Енді іс-әрекет алгоритміне тоқталатын болсам, зерттеуші жазылған сөз тіркестерін, сынақтан өтушіге оқып береді. Сынақтан өтуші, әр бір сөз тіркесіне әріп пен санды қолданбай дәптеріне жауап ретінде сурет салуы керек. Сынақтан өтушіні тапсырманы орындап болған соң, сынақтан өтуші өзі салған суреттерді түсіндіріп береді. Осылайша сынақтан өтушінің есте сақтау мен бейнелеу көрсеткіштерін есептей аламыз. Яғни, сынақтан өтушінің сигналдық жүйесінің қаншалықты басымдылық көрсеткенің есептей аламыз.
24. Айзенк сұрағы бойынша ЖНІӘ типтерін анықтау. Уник90
Айзенк тесті - ағылшын психологы Ханс Айзенк жасаған IQ тесті. Сегіз түрлі Эйзенк сынақ нұсқалары белгілі.
Алғашқы бес сынақ бір-біріне өте ұқсас және ол адамның нұсқауларын мұқият орындаған жағдайда жалпы интеллектке баға береді. Бұл сынақтар кейде командалық сынақтар деп аталады. Олар есептерді шығарудың әртүрлі тәсілдері бар ауызша, сандық және графикалық материалдарды қолдана отырып, зияткерлік қабілеттерін жалпы бағалауға арналған. Осылайша, артықшылықтар мен кемшіліктерді өзара бейтараптандыруға болады; мысалы, ауызша тапсырмаларды жақсы орындайтын, бірақ арифметикалық есептерді жақсы шеше алмайтын адам ешқандай артықшылыққа ие болмайды, бірақ сонымен қатар кемшіліктерге тап болмайды, өйткені тапсырмалардың екі түрі де тесттерде шамамен бірдей ұсынылған.
Айзенк анкетасы бойынша бізге 57 сұрақ беріледі. Тестке жауап беруші адам уақытты созбай тез әрі нақты жауап беруі тиіс. Және сұрақтарға Ия немесе Жоқ деп жауап береді. Алғашқы сұрақтар оңай, кейіннен сұрақтар қиындай береді. Кейбір сұрақтар бір бірімен мағынасы бойынша ұқсас та болып келеді.
Қорытындылай келе бұл тест Жеке адамның құрылымдық компонeнттepiн сипаттайды, экстроверсия, интроверсия, нейротизм және жaлғaн көрсеткiштерді бағаулаyға мүмкiндiк бередi. Темперамент түріне жататын нәтижелер координаттар жүйесін қолдана отырып анықталады, оның нәтижелері «нейротизм» және «экстроверсия» масштабында белгіленеді.Айзенк тестті арқылы адамның қандай темперамент қатарына жатқызылады анықталады. Холерик, Сангвеник, Флегматик, Меланхолик.

25. Психикалық функцияларды зерттеудің физиологиялық әдістері.


Адамның жоғары психикалық функциялары
Ес деп ақпаратты есте қалдыру, сақтау және өңдеуді атайды. Қысқа- және ұзақ уақыттық ес деп бөледі. Қысқа уақыттық ес деп, ақпараттың бірден өңделуі кезіндегі ақпараттың есте қалдырылуын түсінеді.
Барлық психикалық үрдістер бір-бірімен өзара байланысқан. Ұзақ уақыттық ес қолайлы ақпаратты таңдау және ақпараттың келесі кезекте қайта өңделуімен қатар, ұзақ уақыт бойы сақталуын қамтамасыз етеді. Бұл үрдісте тікелей қабылдаудаудан басқа елестету, елес қалдыру, ойлау қатысады.
Жұмысқа қажетті: алдын-ала дайындалған 18 және одан жоғары «дәмді кешкі ас», «көңілді мейрам», «қайғы», «достық» және т.б. осы типтес алаңдаушылық түсініктері қолданылады
Зерттелушіге: мұқият тыңдаңыз, сізге бірнеше сандар көрсетіледі, соларды есте қалдыруыңыз керек-деген нұсқаулар беріледі. Хаттамада есте қалдырған сандарыңызды көрсетілген тәртіп бойынша жазыңыз. Менің бұйрығым бойынша жазыңыз. Қысқа қатардан бастап, зерттеуші әрбір қатардағы сандарды нақты дауыстап, бір рет оқып шығады. Әрбір қатарды оқығаннан 2-3 с. өткеннен соң, зерттеуші бұйрық бойынша «Жазыңыз» деп көрсетеді. Зерттелуші алдын-ала дайындалған хаттамада есте қалдырғандарын өз кезегімен жазып шығады. Нақты мәліметтер алынуы үшін, тәжірибені 4 рет қайталайды. Жұмыс нәтижелері және оларды бейнелеу. Көрсетілген материалдардаң әрбір сериясындағы нәтижелерді салыстырыңыз. Табылған нәтижелерді талқылаңыз және есте қалдыруды анықтаңыз.
Жұмыстың жүргізілуі. Зерттелушіге «Сізге бірқатар түсініктер көрсетіледі» деген нұсқау беріледі. Берілгендерді есте сақтау үшін, көрсетілгендердің өзіңіз қабылдаған ассоциациясы бойынша, оны қағазға сурет немесе белгілер (бірақ сөз түрінде емес) түрінде түсіріңіз. Түсініктерді қайта өңдеуде, Сіз өзіңіздің белгілеріңізді қолданасыз. Түсініктерді нақты қайта өңдеуге тырысыңыз. Тәжірибеші дауыстап және анық түрде бір рет 18 түсінікті үзіліспен (үзіліс зерттелушінің белгілерін жазуға қажет) оқып шығады. 30 – 60 мин кейін зерттелуші өзінің белгілерінің астына барлық 18 түсінікті жазып шығады
ҚОРЫТЫНДЫ:Сонымен, психодиагностикалық әдістер мен әдістемелердің барынша бай арсеналы адамның зияткерлік, тұлғалық ерекшеліктерін және еріктікафференттік жай-күйін анықтауға мүмкіндік береді.Алайда қазіргі кезде стандартты тесттерді психодиагностикалық талап бойынша қазақ қоғамына сай бейімдеу, қазақ тіліне децентрациялық аудару процедурасы өзекті мәселе.
26. Әр түрлі есте сақтау типтерін зерттеу әдістері.
Есте сақтау – кез келген тітіркеністен кейін қалатын іздік процесс.
Адамның есте сақтау қабілеті арқылы - даму, өсу, оқу, қоршаған ортамен байланысты дамыту іс-әрекеттері орындалады.
Есте сақтау: қабылдау, жинақтау, сақтау, өңдеу және қайтадан қалпына келтіру.
Зерде/ есте сақтау – ми қызметінің күрделі түрі,қабылданған ақпаратты сақтау және еске түсіру.
Зерде түрлері:
І. 1. Түрлік;
2. Жеке (дара).
ІІ. Сақталу ұзақтығына байланысты:
1. Тікелей түсіріп алу (иконикалық);
2. Қысқа мерзімді (секунд);
3. Аралық мерзімді (бірнеше күн, апта)
4.Ұзақ мерзімді (жылдар, өмір бойы).
ІІІ. Сигналдық жүйелердің қатынасына байланысты:
Сезімді – бейнелік; Қисынды – мағыналық; Механикалық;-Логикалық.
ІV. Сенсорлық (көру, сезу, жанасу және т.б.).
V. Эмоциялық.
Есте сақтау, түрлері:
Генетикалық (түрлік) – шартсыз рефлекстер мен инстикт негізінде қалыптасады.
Фенотиптік – организмнің индивидуальды ерекшеліктеріне байланысты ақпаратты қабылдау
және есте сақтау қабілеті (қимыл – қозғалыс, эмоция, бейне)
Зерде үш процестен тұрады:
- Мидың ақпараттарды қабылдауы;
- Мида ақпараттарды сақтау;
- Ақпараттарды еске түсіру (жаңғырту).
Зерде деңгейлері:
- Есте сақталған мәліметтерді толық қайталау
(ең жоғарғы деңгейі);
- Бір көргеннен бейнені тану;
- Жеңілденген зерде (қайталанғанда).
Зерде теориялары.
1. Шартты-рефлекстік;
2. Нейрондар моделдерінң теориясы;
3. Ассоциативтік;
4.Биохимиялық
Қорытынды:
Адам өзінің өмірде көріп, естіп білгендерін, басынан
кешіргендерін, түрлі ойлары мен сезімдерін, әрқилы іс-әрекеттерін
ұмыта бермейді. Олар баста сақталады, қажет кезінде қайта
жаңғыртылады. Біздің әрбір толғанысымыз, әсерленуіміз бен
әрекет қылығымыз санамызда біршама уақыт сақталып, қажетті
жағдайларда қайта жаңғыртуға келетін іздер салаты на баршаға
мәлім.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   21




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет