1. Фольклор жанрлары. Фольклор, оның ерекшеліктері мен жіктелуі


Мақал – мәтелдердің тақырыптық, логикалық жіктеулер туралы түсінік



бет25/112
Дата02.12.2023
өлшемі0,72 Mb.
#132087
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   112
31.Мақал – мәтелдердің тақырыптық, логикалық жіктеулер туралы түсінік 
Мақал-мәтелдердің тақырыбы алуан түрлі, себебі мақал-мәтелдердің бойына бір ғана көркем сөз тәсілінің ауқымына сыя бермейтін көптеген басқа да қасиеттер мол шоғырланған. Ол халықтың әлеуметтік, шаруашылық, рухани өмірін түгел қамтиды. Мұнда өмірдің сан алуан құбылыстарына баға беріліп, үлкен түйін жасалады, халықтың ғасырлар бойғы тәжірибесі қорытылады. Халықтың өмір сүру барысындағы барлық тәжірибенің өнегелі өсиеттері айтылған, халық даналығы сақталған. Негізгі тақырыбы: еңбек пен ерлік, достық пен қастық, ақыл мен өнер-білім, ынтымақ пен бірлік, отан туралы болып келеді. Көркем сөз өнерінің тілдік және поэтикалық бұлақтары санатына жататын мақал – мәтелдер мән – мазмұнның тереңдігімен, өткірлігімен, өміршеңдігімен ерекшеленеді. Мақал-мәтелдер - халықтың тарихы, саяси өмірі, тыныс – тіршілігі, дүниетанымы, рухани және материалдық мәдениеті жан – жақты көрініс тапқан. Терең ойды алдай қалыпқа сыйғызған халық даналығын, шешендігі мен асқан шеберлігін танытатын да осы ұлттық сипатқа ие. 
32. Мақал-мәтелдердің құрылысы мен ырғақ, ұйқасқа құрылатындығы
​Мақал - мәтелдер - образды, ұйқасты, тұжырымды әрі үлгі-өнеге ретінде айтылатын жалпы халықтық нақыл сөз. Мақал-мәтелдердің тілі қарапайым және өте көркем, сөздік құрамы бар. Сөйлем құрылысы жағынан жеңіл, әсерлі болып келеді. Халық мақал-мәтелдердегі қолданылған сөздердің тек қана сыртқы сұлулығына қарамай, сонымен қатар құрамындағы сөз мағынасының шебер, орынды қолданылуына назар аударады. Мақалдар көбіне өлең үлгісінде кейде қара сөзбен де айтылады. Ұйқасқа ( « Бұланайдан үлкен тау болмас,
Бұланнан үлкен аң болмас»), аллитерацияға (“Өзінің шарқын білген,
Өзгенің нарқын біледі”), ассонансқа (“Жақсы сөз — жан азығы.
Жақсы еңбек — ырыс қазығы”) құрылады. Кейбір мақалдар өлеңнің жеті-сегіз буынды жыр түрінен жасалып, бір шумақтан тұратын өлең секілді. Мысалы, "Ат басына күн туса, ауыздықпен су ішер, ер басына күн туса, етігімен күн кешер", "Арық деген жамантай, жазға шығып ат болар, жамандығың сезілсе, жақын кісі жат болар". Мақалдар тура және ауыспалы мағынада. Көбінесе ауыспалы мағынада ( Ақыл – тозбайтын тон,
Білім – таусылмайтын кен). Ауыспалы мағынадағы сөздер ішкі астары бар, тұтас бір ойды білдіреді. Мақал-мәтелдердің өн бойынан поэзияға тән жинақылық, үнділік, саздылық, ұйқас ырғақты кездестіреміз. Сөздер көркем ұйқаса, сөйлемдері ықшам, басы артық сөз болмайды. Мақал-мәтел – сөз мәйегі, асыл саф алтыны. Олардың қайсысынан болсын проза, поэзияға тән ырғақ, үйлесім, сөз, интонация – барлығы бар. Негізінен мақал – мәтелдер дыбыс үндестігіне негізделіп жазылған. Мақал-мәтелдер ойды кейіптеу, теңеу арқылы жақсы беріледі. Оларда көп қолданылатын көркем өрнек – синтаксистік параллелизм. ( Өлең не қара сөздерде бірінші сөйлем құрылысы екінші сөйлем құрылысында бірен-саран ғана сөзі өзгеріп, басқа сөз тіркестері сол қалпында қайталанса, синтаксистік параллелизм деп атайды. Мысалы:
Жақсылық көрсем – өзімнен,
Жамандық көрсем – өзімнен. ) 
Мақал - мәтелдердің өзара айырмашылығы бар. Бұл айырмашылық түйіндеу, құрылысы жағынан байқалады. Мақалда бір-бірімен қарама-қарсы ұғымдар мен нәрселерді салыстыру арқылы ой - пікірді айқындай түсу басым келеді. Мақал шендестіруге құралады, дәлелдеу мен қорытынды пікір бірдей жүріп отырады. Ал мәтелде ғана бар мағына ашық емес, қорытынды пікір, дәлелдеу жоқ болады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   112




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет