1. Фольклор жанрлары. Фольклор, оның ерекшеліктері мен жіктелуі


Жұмбақ заттардың қызметіне, түсіне, сыртқы көрінісіне, дыбысына қарай жасалуы



бет28/112
Дата02.12.2023
өлшемі0,72 Mb.
#132087
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   112
36.Жұмбақ заттардың қызметіне, түсіне, сыртқы көрінісіне, дыбысына қарай жасалуы.
Жұмбақта фантазиядан да деректілік, нақтылық басым келеді. Жұмбақ өз көлеміне енетін заттарды сыртқы белгісі, сыртқы кескін көрінісімен сипаттайды. Мұнымен қатар жұмбақ әрбір затты құлаққа естілетін дыбыс белгісімен де бейнелейді. Мысалы: «Әуеден күбі түсті, күбінің түбі түсті» деп күннің күркіреуін жұмбақтайды.Жұмбақтың өзіне тән ерекшелігі – жұмбаққа алынатын нәрселерді атқаратын қызметіне қарап көрсетуінде. Мәселен, құлыпты жұмбақ етіп жасырғанда: 
Ә, керемет бір ит бар,
Үй бағады, үрмейді, 
Аяғы жоқ жүрмейді.
Рұқсатсыз ол иттен, 
Ешкім үйге кірмейді, - деп келеді. Жұмбақтардың көпшілігінде осы ерекшелік көзге түсіп отырады. Кейдежұмбақәрбірзаттыңнеденістелгенін, тегіқандайекенін, кейіннен, қандайкүйгетүскеніндесипаттайды. Жұмбақтардакөпкездесетінерекшеліктердіңбірі – затыжақынзаттардыпарлап, қосарлапайтуында. АйменКүн, ЖерменКөк, қыспенжаз, күнментүн, қолменаяқт.б. жұбыменалыныпжұмбаққақосылады. Бұлретте, мысалы, КүнменАймынатүрдежұмбақетіледі:
Біреудіңбірұлыбаржәнеқызы, 
Біледіолекеуіндүниежүзі.
Ұйықтайдыұлытүнде, қызыкүндіз, 
Жүргендебілінбейдібасқанізі.Жұмбақтыңқайсысыболсаданегізгіойдыобраз, оралымдыұшқырсөзарқылыбілдіреді. Көркемдіксуреттеуқұралыболатынтеңеу, метафоражұмбақтакөпқолданылады. Жұмбақтардыңшығуынатаудыңәсері. Жұмбақзаттардыңқызметіне, дәміне, түсіне, сыртқыкөрінісіне, дыбысына, қандайнәрседенжасалатыныынақарайойластырылады. Жұмбақ — өмірдегізатпенқұбылыстытануқұралы. Жұмбақтарбасқажанрлармен (ертегі, айтыс, мақал-мәтел, шешендіксөздер) байланыстыболады.

37. Жұмбақ - өмірдегі зат пен құбылысты тану құралы. 

Жұмбақ– адамның ой-өрісін, алғырлығын, білімін сынау мақсатында нақты бір зат немесе құбылыс тұспалдап сипатталатын шағын әдеби жанр.
Жұмбақтың адам бойындағы әсемдік сезімін ұштайтынына тоқтала келіп, Ш.Әлібеков қызғылықты пікір айтады:«Жұмбақтарды оқып отырғанда халық тұрмысы, эстетикасы, өмір тынысы көзге елестейді. Жұмбақтар кішкене құбылыстарды суреттегенімен, өмірдің үлкен шатқалаңдарын, қоғам бейнесін, адам тұрмысын көрсете біледі. Заман көрінісін, мәдениетін танумен бірге, әсемдік жайлы ойлары мен көзқарасын білдіреді. Жұмбақтар адам бақытын, өмір көркін, сәнді тұрмысты, астарлы, ойлы, нақышты сөзбен суреттсп көпшілікті желпіндіріп отырады.Жұмбақ – таным құралы, сондықтан бір құбылысты түрлендіре құбылту арқылы әр тарап, сан қырынан тануға болады. Кейде байламның барлық қасиеттері толық суреттелмей, бір ғана белгісі айтылуы мүмкін. Сондықтан Жұмбақ шешуін табудың ауыр-жеңілдігі нысан суретінің қаншалықты толық, дәл берілуінде. Жұмбақты шешу – сипаттамадан соң сыңар бейнеден байламды табу арқылы жүреді. Сипаттамада байламның белгілері айтылады, осы белгілерге қарап нысанды ойша кескіндеу, елестету, мәтінді ести отырып, ұқсастырылған нәрсе мен байлам арасындағы байланысты зерделеу процесі өрбиді. Жұмбақта белгілі бір өлеңдік қалып сақталмайды. Оның ырғақтық-ұйқастық құрылымы сан алуан жолдармен өрнектеледі. Жұмбақ жанрына тән басты ерекшелік – көлемі шағын, құрылымы жұп-жұмыр, шымыр болып, аз сөзбен көп нәрсені айта білуге бейімділік. Жұмбақ сөйлемдері көбінесе қысқа, жинақы келеді, кейде образбен өрілген кішкене ғана ұғымды білдіретін сөйлем, не сөз тіркесі түрінде кездеседі. Жұмбақтың ең басты поэтикалық құралы – метафоралық тәсіл. Жұмбақта тұспалдап айтылатын нәрселер дайын, ап-айқын күйінде көрінбей, емеурінмен елес береді. Тұспалдау арқылы байламның сыңар бейнесі сомдалады, оның бейнесі басқа құбылысқа көшіріледі. Жұмбақтар түрлі жағдайларды суреттеуді мақсат етпейді, оқиғаларды да баяндамайды, тек әр түрлі заттар мен құбылыстардан образдарға нақыш боларлықтай өрнектер табады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   112




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет