111.Тарихи жырлардың тақырыптық-идеялық ерекшелігі.
Тарихи жырлар - белгілі тарихи окиғаға байланысты туған эпиалық шығармалар. Тарихи жырларда окиғаның дәлдігі сақтала бермейді.
"Тарихи жырлардың батырлық эпостан жанрлық айырмашылығы бар. Яғни тарихи жырларда эпостық баяндауға тән обьективтік сарынның орнын оқиғаларды тікелей кабылдаған автордың әсері араласқан субьективтік баға басады" (Әуезов М., "Уакыт және әдебиет", 1962, 75-бет).
Тарихи жырлардың шығу, пайда болу мерзімдері әр халықтың фольклорында әр түрлі. Қазақ ауыз әдебиетінде тарихи жырлар 4 кезеңге бөлінеді.
Алғашқы кезеңдегі Тарихи жырлар Алтын Орда, Ноғайлы, Астрахан, Қырым хандықтарына карсы феодалдық соғыстар (14 - 17 ғ.) суреттеледі ("Едіге", "Нұрадин", "Орақ-Мамай", "Қарасай-Қази", "Мұсахан", "Телағыс", т.б. жырлар).
Жоңғар, қалмақ шапқыншылығына қарсы жорықтарды (18 ғ.) қамтитын екінші дәуірде Қабанбай, Бөгенбай, Олжабай, Өтеген, Жәнібек батырлар туралы жырлар туды.
Үшінші дәуірде ұлт-азаттық, бостандык жолындағы күресті (19 ғ.) сипаттайтын жырлар шьпсғы: "Исатай-Махамбет", "Бекет батыр", "Досай батыр", "Жанқожа батыр", т.б.
Төртінші кезең 20 ғ-дың басындағы төңкеріс жылдарындағы елеулі оқиғалар және 1916 жылғы патша үкіметіне карсы халық көтерілісі жайындағы жырлармен шектеледі ("Туар ма екен бізге күн", "Еріксіз келдім елімнен", "Зарлы заман кезінде", "Құлақасқа", "Бекболат", "Ұзақ батыр", "Амангелді" т.б.).
Әр кезеңнің тарихи-әлеуметтік, коғамдық-саяси бет-бедері көркемдік тұрғыдан қорытылып бейнеленеді. Бұл жанрда ру-тайпалық мақсаттар қаға-беріс қалып, жалпы халықтық мемлекеттік мүдделер басты сипат алады. Батырлар жырында кездесетін ғайыптан туу, жар іздеу, құда түсу, батырдан туған ізбасар сияқты оқиғалар Тарихи жырларда ұшырамайды. Сондай-ақ, әсіресе көркемдеу құралы.Тарихи жырларда мүлде әлсірейді. Бұл жырлардың бәрі - ертеде туғандары да, кейінірек шығарылғандары да анық тарихи оқиғаларға негізделген, ал басты кейіпкерлер - тарихта болған адамдар. Тарихи жырлардың авторлары - көбінесе, сол оқиғаларды көзімен көрген тұстастары. Авторлар көзімен көрген, өздері бастан кешірген оқиғаларды уақытына карай рет-ретімен баяндайды. Ол ерекшеліктердің бастысы—тарихи жырдың өмірде болған оқиғалар негізінде шығатындығы, яғни батырлық эпосқа қарағанда тарихқа жақындығы. Міне, осыны ескерген ғалым. Ғалымның мына еңбектерін қараңыз: «Предания и легенды Большой киргиз-кайсацкой орды»; «Песни Урака»; «Исторические предания о батырах ХVІІІ в.»; «Шуна батыр» и др. // ... тарихи жырлар хақында.М.Жармұхамедов бар назарын 1916 жылғы көтеріліс туралы өлеңдердің идеялық мазмұнын зерттеуге аударады. 1916 жылғы көтеріліс жайындағы халық ауыз әдебиетін Х.Ищанов та зерттеді Ол поэзиялық шығармаларды лири калық өлең жанрына жатқызып, онда тарихи сипат басым екенін қоштайды.
112.Тарихи өлеңдердің халықтық сипаты.
Тарихи өлеңдерге қатысты ғылыми зерттеудің жаңаша бағыт-бағдар алуы өткен ғасырдың 60-80 жылдар аралығы деуге болады. Атап айтсақ, 1962 жылы М.Жармұхамедовтің «1916 жылғы көтеріліске қатысты қазақ халық поэзиясы» атты кандидаттық диссертациясы қорғалса, 1968 жылы орыс тілінде «Қазақ әдебиет тарихының» көп томдығының бірінші томы жарық көріп, онда қазақ фольклорының XVIII-XIX ғғ. тарихи шығармаларға арналған бөлімді С.Қасқабасов пен Е.Тұрсынов, XX ғасырға арналған бөлімді Е.Ысмайылов жазады. Қазақтың тарихи жырлары мен аталған ғасырларға қатысты мұнда да бағалы пікірлер айтылған еді. М.Мағауиннің «Қобыз сарыны» (1968) атты монографиясының жарық көруі, диссертациялық еңбегінің қорғалуы да көне мұраны жаңғыртып, жаңаша көзқарас қалыптастыруға ықпал етті деуге болады. Себебі бұл еңбектерде тарихи өлеңдер туған дәуірлерге байланысты байыпты байлам, ғылыми жаңаша тұжырымдама қалыптасқаны аян.
Белгілі ғалым Б.Уахатов «Қазақ халық өлеңдері» (1974) атты монографиялық еңбегінің бір тарауын тарихи өлеңдерге арнады. Бұдан бұрынғы тарихи жыр мен тарихи өлеңдерді бірге қарап, арасына шек қойылмай келген мәселелерге автордың бұлайша концепция ұсынуы тарихи өлеңдерге байланысты жаңаша бір бағыт әкелді деуге болады. Зерттеудің мақсаты – ең алдымен, қазақ халық поэзиясының осы уақыт аясындағы зерттеулер арқылы жанрлық жіктелісіне назар аударып, оның ішінде тақырыпқа қатысты тарихи өлеңдердің алатын орнын анықтау. Сөйтіп, тарихи өлеңдердің жиналуы мен зерттелуі, жанрлық ерекшеліктері және поэтикалық мәселелеріне тиянақты жауап беру болды. «Тарихи өлеңдердің көркемдік сипаты» деп аталатын үшінші бөлімнің «Көркем бейнелеу құралдары және олардың тарихи өлеңдегі қызметі» атты бірінші тарауында тарихи өлеңнің поэтикасы арнайы сөз болды. Ең алдымен «Тарихи өлеңдердің шығарушысы, таратушысы кім?» деген сауалға тарихи өлеңдерді алғаш зерттеуші А.Байтұрсынов, М.Әуезов, Е.Ысмайылов т.б. тарихи өлеңдердің айтушылары сол оқиғаны көзбен көріп, көңілге түйген ақындар екен деген пікірлері дәлелді айтылған. Тарихи өлеңдердің композициясына үңілгенде онда эпикалық кеңдік барын байқаймыз. Бірақ ондағы бастан өткен қым-қиғаш оқиғалар, ел мен жердің тағдыр-талайының бәрі - өлеңді айтушы ақын атынан баяндалады. Бұл тұрғыдан алғанда тарихи өлеңдердің ең көне түрлері бізге ел мен жерге қатысты қоштасу, жоқтау, түрінде айтылған. Эпикаға тән ерекшелік бар. Бұл – батырлықты дәріптеуге тән эпика емес. Эпоста кейіпкерді даралау, қаһармандар тұлғасын жасауға қатысты оқиға қалыңдай түседі. Тарихи өлеңдерге, сол көлемді сюжетті қалыптастырудағы сарындар көзге түседі. Тарихи өлеңдердің айтары оқиға қалай, қашан болды, оның себебі мен салдары халықтың қандай күйге түскендігін жеткізу дәстүрге айналған. Тарихи жырда теңеу, эпитеттер т.б. көбірек жыр желісін қалыңдата түссе, тарихи өлеңде айшықтауларға орын берілген. Жалпы оқиғаның себебі мен салдарын жеткізудегі тарихи өлеңнің өзіне тән формасы осылай тұрақтанған. Ондағы айшықтаулардың басты үлгісі – арнаулар. Елі мен жерінен айрылған халықтың азалы әні, атамекеннен алыстаған жұрттың жайы тарихи өлеңдерде көбіне зарлай арнаудың үлгісін танытады.
Мысалы:
Зор күн туды, зор күндер,
Кетті күлкі мол күндер.
Жылау менен қоштасу,
Келер ме қайтып ол күндер!
Зарлай арнауға жауап беретін тарихи өлеңдер қатарына 1879-1880 жылдардағы адам өліп, мал қырылған «Қазақ қайғысы» және «Аштықтан халық қамалды» деп аталатын 1891-1892 жылы болған жұтқа қатысты тарихи өлеңдерді атауға болады.
Достарыңызбен бөлісу: |