1. Фольклор жанрлары. Фольклор, оның ерекшеліктері мен жіктелуі


Тарихи жырлардың зерттелуі



бет103/148
Дата26.04.2022
өлшемі266,62 Kb.
#32361
1   ...   99   100   101   102   103   104   105   106   ...   148
114.Тарихи жырлардың зерттелуі.

Тарихи өлең мен тарихи жырды ХХ ғасырда кең түрде жинап жарыққа шығару, ғылыми тұрғыдан зерттеуге мүмкіндік туғанын айту керек. 1920-30-жылдардың өзінде ұлттық фольклорымыз мақала түрінде де, оқулық көлемінде де зерттеу объектісіне айналды. Мәселен, Ахмет Байтұрсынұлы, Халел Досмұхамедов, Мұхтар Әуезов, Сәкен Сейфуллин сынды ғалым дарымыз бен жазушыларымыздың еңбегін айрықша атау керек. Олар эпос жанрына ерекше көңіл бөліп, батырлар жы ры мен тарихи жырларды әрі жариялап, әрі зерттеп, оларды ха лық тарихын бейнелейтін шығармалар деп есептеді. Сөйтіп, олар қазақ фольклорын саралап зерттеу, терминологиялық ұғымды қалыптастыру ісін дереу қолға алып, оны орнықты түрде жүзеге асыра білді. Мәселен,эпостың осы екі түрі бөлек жанр екенін Ахмет Байтұрсын ұлы «Әдебиет танытқышында»анық айтқан. Ол кісі былай деп жазады: «Тарихи жыр деп тарихта бар, мағлұм уақиғалар турасында өлеңмен шығарған сөздер айтылады. Қазақта өз тілінде жазылған тарих болмағанмен, қазақта болған уақиғалар,қазақтан шыққан адамдар турасында басқа жұрттардың тарихында жазылған мағлұматтар бар, халықт ың өзінің есінен кетпеген, қазақ басынан кешірген уақиғалары толып жатыр.Солар туралы өлең етіп шығарған сөздер болса, солар тарихи жыр болады. Мәселен, «Орақ-Мамай», «Абылай», «Кенесары, Наурызбай», «Ерназар», «Бекет» өлеңдері тарихи жырлар болады» Тарихи жырдың өз алдына дара жанр екенін М.Әуезов баса айтып, ол туралы былай деп жазады: «Бұл жырлардың бәрі де, ертеде туғандары да, кейінірек шығарылғандары да анық тарихи оқиғаларға негізделген, ал басты-басты кейіпкерлер тарихта   болған адамдар. Жырлардың авторлары көбінесе сол оқиғаларды көзімен көрген тұстастары. Авторлар көзім ен көрген, өздері бастан кешірген оқиғаларды уақытына қарай сап-сабымен баяндайды. Тарихи жырлардың батырл ық эпостан жанрлық айырмашылығы бар. Яғни тарихи жырларда эпостық баяндауға тән объективтік сарынның орнын оқиғаларды тікелей қабылдаған автордың әсері араласқан субъективтік баға басады»

115.Тарихи жырларла өмір шындығының суреттелуі.

Қазақ халық поэзиясында мазмұны жағынан тарихи деректілігімен, жанрлық табиғаты жағынан сан-алуан поэтикалық ерекшеліктерімен көрінетін өлеңдердің бірі – тарихи өлеңдер. Тарихи өлеңдер өзіндік қалыптасу және дамуы жағынан тек бір ғана дәуірдің рухани құндылықтары емес, онда сандаған ғасырлардың шытырман оқиғаларының сәулесі мен ізі бар.

Халық поэзиясындағы жоқтау, қоштасу, лирикалық өлеңдермен тарихи өлеңдердің өзара қарым-қатынасы бар. Бірақ тарихи өлеңдерді отбасы әдет-ғұрып поэзиясына жататын азалау фольклорымен шатастыруға болмайды. Онда жеке адамның өмірден өтуі, тіршіліктегі тағдыр-талайы айтылса, тарихи өлеңде жалпы халықтың елі мен жеріне деген шынайы махаббаты, қимастық сезім сырлары сипатталады. Лирикалық өлеңдермен сабақтастығы да осы тұста көрініп, тарихи өлеңдердің әнге айналуы байланыс-бірлігін дәлелдейді. Солай десек те, тарихи өлең таза лирикалық өлең емес, тарихи өлең көбіне оқиға болып жатқан сәтте туындап, оқиғаның себеп-салдарын түсіндіруге бағытталады.

Тарихи жырдың өзінің болмыс-бітімі, айтылу ерекшелігі, мазмұны мен формасы жағынан эпикалық мұралар қатарына енетіндігі талас тудырмайды. Эпосқа тән белгілердің бәрін табуға болатындығы да толық иландырады. Тарихи өлеңде жоғарыдағы айтылғандай ел мен жер тағдыры, қоғам психологиясы жатқаны рас. Тарихи өлең өте жедел, оқиға болған сәттен туындап әлеуметтік өмірдің тыныс-тіршілігін көз алдыңа жайып тастайды. Сол себептен онда көңіл-күй ахуалы лирикалық тұрғыдан беріліп, әділетсіздіктің шынайы сипаттамасы беріледі. Түйіндей тоқталар болсақ, тарихи өлеңдердегі елдің сезім-сырлары, түрлі әлеуметтік қайшылықты оқиғалар сыры тарихи жырдан қалыс қалмаған. Себебі екі жанрдың белгілі дәуірлерге қатысты айтары ел тағдыры, халықтың ашу-ыза кегі болып отыратындығымен бір-бірімен байланысты болып шыққан. Айырмашылық екі жанрдың бірінің оқиғаның сол сәтінде жедел туғандығы болса, екіншісі араға көптеген уақыт салып, өткенді ой-елегінен өткізіп, кезеңге қатысты асыл сөздерді жинақтау арқылы көлемді эпикалық шығармаға айналуында жатқандығы анық.

Олай болса, тарихи өлең мен тарихи жыр бір-бірімен байланысты болып келетін, бірақ өзінше дербес түр болып қалыстасқан рухани құндылықтарымыз болып табылады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   99   100   101   102   103   104   105   106   ...   148




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет