1. Фольклор жанрлары. Фольклор, оның ерекшеліктері мен жіктелуі


Өлең сөз, оның құрылысы: ырғақ, шумақ екі тармақты, төрт тармақты, алты тармақты



бет143/148
Дата26.04.2022
өлшемі266,62 Kb.
#32361
1   ...   140   141   142   143   144   145   146   147   148
Байланысты:
1. Ôîëüêëîð æàíðëàðû. Ôîëüêëîð, îíû? åðåêøåë³êòåð³ ìåí æ³êòåëó³

147. Өлең сөз, оның құрылысы: ырғақ, шумақ екі тармақты, төрт тармақты, алты тармақты.

Өлең – шағын көлемді поэзиялық шығарма. Ырғағы мен ұйқасы қалыпқа түскен, шумағы мен бунағы белгілі тәртіпке бағынған нақысты сөздер тізбегі.

Ырғақ, яки ритм – қимылдың, құбылыстың, үннің, жүйелі, мерзімді, мөлшерлі қайталануы. Ырғақ – жасанды емес, – дейді З.Қабдолов – табиғи нәрсе, өнерге ғана емес, өмірдің өзіне де тән нәрсе, мезгілімен келіп, мерзімімен кетіп тұратын жаз бен қыс, көктем мен күз, күннің шығуы мен батуы, толқынның жағаға соғуы мен қайтуы, – Тютчевше айтсақ, мәңгілік тасу, тартылу – түп-түгел ырғақты құбылыстар. Прозада ырғақ бар екенін бүгінде бәріміз болмасақ та, бірталай жұрт мойындап қойды. Өйткені, кез келген шығарманы белгілі бір ырғақпен, белгілі бір әуен жүйесіне салып айтатынымыз жасырын емес. Керек десеңіз, қолына қалам ұстамаған кез келген әңгімешінің өзіне ғана тән әңгіме айту машығы, өзіне ғана тән ырғағы бар екенін көз алдыңызға елестете аласыз. Поэзияда мынадай да түсінік бар, кей ақындар мойындағандай бірінші ырғағын тауып алып, сосын оны сөзбен толықтырады деген.

Шумақ - мағыналық өзек-желісі, өрнек-кестесі ортақ жүйелі үйлесімге негізделген тармақтар тобы, ұйқастық тәртіппен кезектесуі, белгілі бір әуезділіктің сақталуы, өлең сөйлемдерінің жарасымдылыққа, ұнасымдылыққа, мәнерлілікке құрылуы, дауыс толасының, сөз, сөз тіркестері жігінің нақ-нағымен қабысып отыруы. Бұл-ұйқастық, ырғақтық, әуендік тұтастықтан, тепе-тең құрылыстан, түйінділіктен, етек-жеңі жинақылықтан туған, байланыстар үйлесуінен пайда болған сурет. Абайға дейінгі қазақ өлеңінің Шумағы үш түрлі: үш тармақты, төрт тармақты және көп тармақты болды.

Шумақ – өлең сөзде бірнеше тармақтың белгілі ретпен топтасуы. Өлең-жырларда бір Шумақ екі жолдан, яғни тармақтан басталады. Мағынасы, ішкі құрылысы жағынан жекеленген екі тармақ (екі жол өлең) Шумақтың қарапайым, ықшам түрі. Бұл Шумақ, әсіресе, мақал-мәтел, нақыл сөздерде мол қолданылады. Көлемді өлең-жырларда ең көп кездесетіні төрт тармақты Шумақ.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   140   141   142   143   144   145   146   147   148




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет