1. Фольклор жанрлары. Фольклор, оның ерекшеліктері мен жіктелуі


Аңшылық, егіншілік, малшылық, наурыз өлеңдерінің ерекшелігі



бет25/148
Дата26.04.2022
өлшемі266,62 Kb.
#32361
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   148
Байланысты:
1. Ôîëüêëîð æàíðëàðû. Ôîëüêëîð, îíû? åðåêøåë³êòåð³ ìåí æ³êòåëó³

25. Аңшылық, егіншілік, малшылық, наурыз өлеңдерінің ерекшелігі.

Аңшылық өлеңдер — еңбек пен кәсіпке байланысты туған тұрмыс салт жырының бір түрі. Қазақ халқы ерте кезде төрт түлік мал өсірумен қатар аң аулауды кәсіп еткен. Ол үшін қажетті құрал-сайман ұстап, жүйрік ат, құмай тазы, қыран құс баптаған. Сөйтіп, аңшылық күн көріс кәсібіне айналған. Бертін келе саятшылық құру, құс салу ойын-сауықтың, бой жазудың, қызық көрудің бір түріне айналған. Халық аңшы мергендерді құрметтеп, оларды өлең-жырға қосқан, ертегі, аңыз-әңгімелер шығарған. Аңшылық өлеңнің ең көне нұсқасы Орхон-Енисей (5-8 ғ.) жазба ескерткіштерінде, Махмұд Қашқаридың «Диуани лұғат-ат-түрік» сөздігінде (11 ғ.) кездеседі. Аңшылық өлеңінде аңшылармен қатар аңшылық құрал дар, тазы, ат, құс сипатталып, олардың тигізетін пайдасы, атқаратын қызметі жырланады. Аңшылық қазақ ауыз әдебиетіне күрделі тақырып болып енді. Батырлардың бейнесін жасағанда «арыстандай айбатты», «жолбарыстай қайратты», «қырандай алғыр», сұлу қыздарды суреттегенде «аққу мойын», «құралай көз», «сұңқардай сыланған» деп, әдемі эпитет, метафоралар қолданады. Аңшылық, мергендік туралы қазақ халқы ерте кездің өзінде-ақ әр алуан ұсақ өлеңдер, әңгіме-жыр, ертегілер шығарған. Бұлардың қайсысында болса да, аң аулап кәсіп етуді халық жақсылық іс, өнер деп түсінген және осы жолда ерлік жасап, ел-жұртын аңның, құстың етімен асыраған адамдарды ардақтап жырына қосқан; оларды ер атандырып, батырлық тұлға беріп суреттеген.

Дәл аңшылық кәсібіне байланысты өлеңдер сияқты,егіншілік туралы өлеңдерде халық өмірінде маңызды орын алған.Халқымыз аңшылықтан өзге дәнді-дақылдарды өсіріп,күн көріс көзі ретінде пайдаланған. Арпа, бидай –Ас екен,Алтын, күміс –Тас екен. Деген ұғым осыдан қалыптасса керек.

Тұрмыс-салт жырларының ең бай және кең тараған түрі – төрт түлік малға байланысты туған өлең-жырлар. Төрт түлік туралы өлең-жырлар ерте заманнан бері халықпен бірге жасасып келеді. Ерте кезде адамдарда әр түліктің иесі бар деген түсінік болған, оларға ат қойған, әрқайсысының жаратушы иесі бар деп түсініп, оларға жалбарынған. Мысалы; Қой атасы – Шопаната, Сиыр атасы – Зеңгібаба, Жылқы атасы – Қамбарата, Түйе атасы – Ойсылқара, Ешкі атасы – Шекшеката. Шопанатадан «Тегене құйрық қошқар бер, малды берсең, қойды бер», Қамбаратадан «Айғыр берсең үйірі толған байталды, өңкей мама бие бер», Зеңгібабадан «Сиыр берсең, өңкей сүттісін бер», Ойсылқарадан «Маң-маң басқан, маң басқан, шудаларын шаң басқан, жүнді, сүтті, күшті түйе бер», – деп жалбарынады. Тұрмыс-тіршілігі төрт түлікпен тығыз байланысты болған қазақ халқы әр түліктің ерекшелігін де тани білген және оған байланысты көптеген өлеңдер туғызған. Соның бірі – «Малдың баласын сүюі» өлеңі.

Қой сүйеді баласын «қоңырым» деп,

«Ештеңені білмеген момыным» деп.​

Сиыр сүйеді баласын «торпағым» деп,

«Қараңғыда баспаған қорқағым» деп.

Түйе сүйеді баласын «боташым» деп,

«Жаудыраған көзіңнен тоташым» деп.

Ешкі сүйеді баласын «лағым» деп,

«Тастан-тасқа секірген шұнағым» деп.

Жылқы сүйеді баласын «құлыным» деп,

«Тұлпар болар жүгірген жұрыным» деп.

Ертеден келе жатқан тұрмыс-салт жырларының бір түрі – Наурыз жыры. Қыстың ызғары кетіп, елдің ауыр еңбектен қолы босап, аққа аузы тиеді. Оны кәрі-жастың «құшақтасып көріскен, жаңа ағытқан қозыдай жамырасып өріскен Ұлыстың ұлы күні» дейді. Наурыз күні:

Ұлыс күні қазан толса,

Ол жылы ақ мол болар.

Ұлы кісіден бата алса,

Сонда олжалы жол болар..

Төрт түлік ақты болсын,

Ұлыс оң болсын!

Ақ мол болсын,

Қайда барсаң жол болсын!

Бәле-жала жерге енсін!..–деген өлең жолдарымен үлкен-кіші, кәрі-жас бір-біріне игі тілек тілеген.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   148




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет