1. Фольклор жанрлары. Фольклор, оның ерекшеліктері мен жіктелуі


Халықтың тұрмыс-тіршілігіне, кәсібіне байланысты байланысты өлеңдер



бет24/148
Дата26.04.2022
өлшемі266,62 Kb.
#32361
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   148
24. Халықтың тұрмыс-тіршілігіне, кәсібіне байланысты байланысты өлеңдер.

Тұрмыс-салт жырлары - қазақ халқының әдет-ғұрып, салт-жораларына байланысты туындаған өлең-жырлар.

Тақырыбы жағынан, қандай мақсатта қолданылуына орай бірнеше топқа жіктеледі:

•​тұрмыс-салт өлеңдері (төрт түлік туралы өлеңдер, наурыз өлеңдер),

•​дінге байланысты салт өлеңдері (жарапазан, арбау, жалбарыну, бақсы сарыны, бәдік),

•​үйлену салт өлеңдері (тойбастар, жар-жар, сыңсу, беташар),

•​мұң-шер өлеңдері (қоштасу, естірту, көңіл айту, жоқтау),

•​өтірік өлеңдер, т.б.

Тұрмыс-салт жырларында көне эпостық шығармаларға негіз болған мұң-шер өлеңдері мен саят жырларынан бастап, халықтың күнделікті тұрмыс-тіршілігіне байланысты, қуаныш пен сүйініш-күйінішті көрсететін лирикалық ән-өлеңдер де, тарихи шағын жырлар да кездеседі. Соның ішінде наурыз жырлары, төрт түлік мал туралы өлеңдер ең көне түр болып саналады.Кәсіпке байланысты өлеңнің озық үлгісі:

Аңшылық өлеңдер — еңбек пен кәсіпке байланысты туған тұрмыс салт жырының бір түрі. Қазақ халқы ерте кезде төрт түлік мал өсірумен қатар аң аулауды кәсіп еткен. Ол үшін қажетті құрал-сайман ұстап, жүйрік ат, құмай тазы, қыран құс баптаған. Сөйтіп, аңшылық күн көріс кәсібіне айналған. Бертін келе саятшылық құру, құс салу ойын-сауықтың, бой жазудың, қызық көрудің бір түріне айналған. Халық аңшы мергендерді құрметтеп, оларды өлең-жырға қосқан, ертегі, аңыз-әңгімелер шығарған. Аңшылық өлеңнің ең көне нұсқасы Орхон-Енисей (5-8 ғ.) жазба ескерткіштерінде, Махмұд Қашқаридың «Диуани лұғат-ат-түрік» сөздігінде (11 ғ.) кездеседі. Аңшылық өлеңінде аңшылармен қатар аңшылық құрал дар, тазы, ат, құс сипатталып, олардың тигізетін пайдасы, атқаратын қызметі жырланады. Аңшылық қазақ ауыз әдебиетіне күрделі тақырып болып енді. Батырлардың бейнесін жасағанда «арыстандай айбатты», «жолбарыстай қайратты», «қырандай алғыр», сұлу қыздарды суреттегенде «аққу мойын», «құралай көз», «сұңқардай сыланған» деп, әдемі эпитет, метафоралар қолданады. Бұл — қазақ халқының ғасырлар бойы аңшылық, саятшылық өмір тәжірибесінен туған ой-түйіндеулері.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   148




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет