1. Фольклор жанрлары. Фольклор, оның ерекшеліктері мен жіктелуі


 Жұмбақ - өмірдегі зат пен құбылысты тану құралы



бет33/148
Дата26.04.2022
өлшемі266,62 Kb.
#32361
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   148
37. Жұмбақ - өмірдегі зат пен құбылысты тану құралы. 

Жұмбақ– адамның ой-өрісін, алғырлығын, білімін сынау мақсатында нақты бір зат немесе құбылыс тұспалдап сипатталатын шағын әдеби жанр.

Жұмбақтың адам бойындағы әсемдік сезімін ұштайтынына тоқтала келіп, Ш.Әлібеков қызғылықты пікір айтады:«Жұмбақтарды оқып отырғанда халық тұрмысы, эстетикасы, өмір тынысы көзге елестейді. Жұмбақтар кішкене құбылыстарды суреттегенімен, өмірдің үлкен шатқалаңдарын, қоғам бейнесін, адам тұрмысын көрсете біледі. Заман көрінісін, мәдениетін танумен бірге, әсемдік жайлы ойлары мен көзқарасын білдіреді. Жұмбақтар адам бақытын, өмір көркін, сәнді тұрмысты, астарлы, ойлы, нақышты сөзбен суреттсп көпшілікті желпіндіріп отырады.Жұмбақ – таным құралы, сондықтан бір құбылысты түрлендіре құбылту арқылы әр тарап, сан қырынан тануға болады. Кейде байламның барлық қасиеттері толық суреттелмей, бір ғана белгісі айтылуы мүмкін. Сондықтан Жұмбақ шешуін табудың ауыр-жеңілдігі нысан суретінің қаншалықты толық, дәл берілуінде. Жұмбақты шешу – сипаттамадан соң сыңар бейнеден байламды табу арқылы жүреді. Сипаттамада байламның белгілері айтылады, осы белгілерге қарап нысанды ойша кескіндеу, елестету, мәтінді ести отырып, ұқсастырылған нәрсе мен байлам арасындағы байланысты зерделеу процесі өрбиді. Жұмбақта белгілі бір өлеңдік қалып сақталмайды. Оның ырғақтық-ұйқастық құрылымы сан алуан жолдармен өрнектеледі. Жұмбақ жанрына тән басты ерекшелік – көлемі шағын, құрылымы жұп-жұмыр, шымыр болып, аз сөзбен көп нәрсені айта білуге бейімділік. Жұмбақ сөйлемдері көбінесе қысқа, жинақы келеді, кейде образбен өрілген кішкене ғана ұғымды білдіретін сөйлем, не сөз тіркесі түрінде кездеседі. Жұмбақтың ең басты поэтикалық құралы – метафоралық тәсіл. Жұмбақта тұспалдап айтылатын нәрселер дайын, ап-айқын күйінде көрінбей, емеурінмен елес береді. Тұспалдау арқылы байламның сыңар бейнесі сомдалады, оның бейнесі басқа құбылысқа көшіріледі. Жұмбақтар түрлі жағдайларды суреттеуді мақсат етпейді, оқиғаларды да баяндамайды, тек әр түрлі заттар мен құбылыстардан образдарға нақыш боларлықтай өрнектер табады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   148




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет