1. Фольклор жанрлары. Фольклор, оның ерекшеліктері мен жіктелуі


  Тарихтағы оқиғалардың көшірмесі болған қаһармандық эпоста ерліктің жырлануы



бет64/148
Дата26.04.2022
өлшемі266,62 Kb.
#32361
1   ...   60   61   62   63   64   65   66   67   ...   148
71.  Тарихтағы оқиғалардың көшірмесі болған қаһармандық эпоста ерліктің жырлануы.

Ертегілік, мифологиялық сипаттар мен қабаттар қаһармандық эпоста аралас ұшырай беретіндігіне «Алпамыс» жыры да мысал бола алады. Бұл, әсіресе, екі-үш мәселеден айрықша көрінгендей. Алпамыс батыр Тайшық хан алып кеткен көп жылқының соңынан қуып келе жатқанда орта жолда оған кездесіп, баланы алдап, мас қылып, бәлеге ұшырататын мыстан кемпір болады. Бұл оқиға жырда кездейсоқ секілденбей, тартыстың шиеленісуіне ықпал етеді. Эпос оны «жасы үш жүзге жеткен... көрінгенмен ұрысқан, қабағы қатып тырысқан, дамбалы бұтына қатқан, өзін туғаннан құдай атқан, бір кез ширек бойы бар, адам таппас ойы бар, тізесіне шекпен жетпеген, басынан жаманшылық кетпеген, басы мүйіз...» 133 – деп мінездейді.

Сондай-ақ жау зынданында ұзақ хабарсыз кеткен: Алпамыстың әйелі Гүлбаршынды Ұлтанқұлдың зорлықпен алмақшы болу төркінін тек Ұлтанның «қараулығынан» деу мәселенің бір жағы. Батырдың алыс, қатерлі жолға аттануы адам баласы тарихының көне түкпіріне кететін «дәстүрлі» сапар болса, екінің бірінде-ақ мұндай жағдайда қаһарман қайта оралмауы табиғи еді. Жолда кездесетін белгісіз бөгесіндер, жат күштерді жеңіп өту қиынның қиыны саналған. Көп жолаушының үйде қалған қатын, баласы жесір, жетім қала беруі тағдыр жазуындай секілденген. Miнe «Алпамыс» жырындағы Гүлбаршын басына түскен қорлық түбірі осындай ежелгі түсінік шындығынан да елес береді.

Ақырында Алпамыс батырдың аты – Байшұбардың ерекше қасиет иесі болып көрінуі де жүйрікті ең жақын сенімді досына балаған, оған үміт артқан, қашсам құтылатын, қусам жететін көлігім деп сенген, ежелден қалыптасқан ұғымға қатысты.

Бұл және басқа мысалдар эпоста өмірдің нақтылы суреттерімен қатар қиял ғажайыптардың қатарласа, араласа келіп отыруы, әр дәуірдің санасын аңғартатын түрлі деңгейлердің біріне екіншісі қайшы келмей, қайта өзгеше, қайталанбас шындық пен әсірелеудің үйлестік табуы, кейде қаншама ерсілік, ақылға сыйымсыздық сияқтанып көрінгенімен, түптеп келгенде, эпикалық көркемдік жинақтаулардың, заңдылығына бағынатын құбылыс екенін сипаттайды.

Эпоста көне дәуірлер санасының бекем орын теуіп, біздің заманымызға дейін жеткендігінің мысалы ұлы ақын Жамбыл совет дәуірінде қайта жырлаған «Өтеген батырдан» да көрінеді. Жырда, негізінен алғанда, батырдың соңындағы еліне жайлы қоныс, шұрайлы жер іздеу әрекеті нақтылы бейнеленген. Сонымен қатар мұнда ел қорғаны – Өтегеннің асқан батыл, қайсарлығын әсірелей түсу үшін, оның түрлі жыртқыштардан тайсалмаған мақсаттылығы елестетілген. Ертегілік элементтер эпосқа өзгеше әсерлі, көтеріңкі қуат дарыта алатындығын бұл мысалдан да көреміз.

Зарлық пен Күлмесхан арасындағы оқиғада тағы да ертегілік сипат араласады. Ол – ханның қызы Құралайды тартып әкететін дию Қарадәу. Бұған қатысты суреттеу тәсілдері де ертегі дәстүрінде берілген. Зарлық «кәміл пірлері» медет болып, Қарадәуді жеңеді. Бұл көрініс былайша берілген.

...Зарлық батыр ал, сонда,

Қарадәуді сүйретті.

Сүйреткі қылып үйретті.

Шеттегі шеңгел, тікенге,

Өкпе, бауырын түйретті.

Тау мен тасқа соқтырып,

Қабырғасын күйретті.

Қарадәуді сүйретіп,

Дүрілдетіп келеді.

Ылдидан төмен құлатып,

Зырылдатып келеді.

Жүрегін тасқа қақтырып,

Сырылдатып келеді.

Төбет иттей ыржитып,

Ырылдатып келеді,

Қарадәудің торғайын,

Шырылдатып келеді...132.

Мына тұста ескерте кетерлік нәрсе – Зарлық әрекетінің әсерлі көрсетілгені ғана емес, оның Қарадәуден зәбір көрген күллі бір елдің кегін қуып, тәуекел етіп ұрысқа кірісуі. Осы көрініс жырдың эпикалық тынысын кеңейтеді...

Шаншархан мен Зарлықты кездестіруге де кәміл пірлер киік кейпіне түсіп, дәнекер болады. Адамның ғажайып, сыйқырлы күштерге сенетін кезінің елесі де бұл тұста жалт етіп көрінеді.

Бұл айтылғандардан «Мұңлық – Зарлықтың» нақтылы мазмұнымен қатар ертедсн келе жатқан жақсылық пен жамандықтың тайталасын адам қауымы қандай формада түсінгендігінен де хабар беретіп «астары» бар екендігі сезілсе керек. «Мұңлық – Зарлықтың» түп төркініндегі осындай белгілеріне қарап оны көне эпостар қатарында қарастыру орынды деп санадық...

 

 



 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   60   61   62   63   64   65   66   67   ...   148




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет