1. Фольклор жанрлары. Фольклор, оның ерекшеліктері мен жіктелуі


Адамдардың құдірет күштерге сенуі жан-жануарлардың,өсімдіктің иесіне сенуі



бет63/148
Дата26.04.2022
өлшемі266,62 Kb.
#32361
1   ...   59   60   61   62   63   64   65   66   ...   148
70.Адамдардың құдірет күштерге сенуі жан-жануарлардың,өсімдіктің иесіне сенуі.

Алғашқы қауымдық қоғамдағы адамдардың діни дүние танымының негізгі ерекшелігі, олар өздерін қоршаған табиғи ортадан бөлген жоқ. Өндірістік аумақ, оның жануарлары, өсімдіктері мен минералдық байлықтары, оған әсер ететін табиғи күштер мен осында тіршілік ететін адамдардың топтары –барлығы біртұтас болып қабылданды. Сондықтан табиғатқа адамға тән қасиеттер, ал адамға табиғат қасиеттері тән деп түсінді.Бұл діни түсініктердің барлық алғашқы түрлерінде — фетишизм, тотемизм, анимизм және магияда ерекше көрініс тапты.Фетишизм – кейбір жансыз денелердің ерекше құдіретті күштеріне сену, мысалы, үңгірлер, тастар, ағаштар, белгілі бір еңбек құралдары мен тұрмысқа қажетті заттар, т.б. Фетишистік түсініктер — жансыз денелерді жанды дүние ретінде қабылдау. Мысалы, адамдарды өлімнен сақтап қалушы үңгір немесе ашаршылықта адамдар жемісін қорек еткен ағаш, аң аулағанда қолданылған садақ т.б. – фетиш болып саналды.Тотемизм Австралия аборигендерінде толық сақталған – тотем болып табылатын белгілі бір жануар не өсімдік түрлері, немесе басқа да заттар мен табиғат құбылыстары аборигендер арасында тығыз байланыс бар екендігіне сену. Туыстың аты оның өзінің тотемінің, мысалы, кенгуру не пияздың атымен аталып, олар өз тотемімен қандас туыспыз деп есептеді. Тотемге сиынған жоқ, бірақ оны басқалардың “әкесі” не “ағасы”, т.б. деп санады. Тотемі бір туыстарға өз тотемін өлтіруге, не оған зияндық жасауға не оны тамаққа пайдалануға тиым салынады. Әрбір туыстың өзінің қасиетті орталығы болды, онда тотемдік әдет-ғұрыптар сақталып, олармен байланысты салт-дәстүрлер орындалды. Жалпы алғанда, тотемизм туыстың табиғи ортамен байланысының идеологиялық көрінісі, бейнесі болды.Анимизм – белгілі бір денелер бойында болатын ерекше құдіретті күш иелеріне сену. Анимистикалық сенімдер табиғатқа жан бітірумен байланысты болды. Олардың бастамалары алғашқы қауымдық қоғам кезеңінде-ақ: тасманиялықтарда, австралиялықтарда, отты жерліктерде және басқаларда қайтыс болған адамдардың жаны, шайтандар мен аруақтар туралы түсініктер болды.Магия немесе сиқыршылық — адамдардың басқа адамдарға, жануарларға, өсімдіктерге, тіпті табиғат құбылыстарына әсер ету қабілетіне сену. Бақыланып отырған құбылыстардың өзара байланыстарының шын мәнін түсінбей, кездейсоқ сәйкестіктерді дұрыс түсінбей, кей адамдар сөз және белгілі бір әрекеттер  арқылы басқа адамдарға көмектесуге не керісінше зиян етуге болады деп сенді. Магия: “ақ” (қорғаушы) және “қара” (жамандық жасаушы) болып бөлінді. Магияның басқа да систематикасы  әсер ету объектісіне байланысты: өндірістік, махаббат, емдік, т.б. магия болып бөлінді.Көптеген ғалымдардың пікірінше, магия дін бола коймаған, өйткені адамнан күшті құдірет иесін емес, адамның мүмкіндіктерін дәріптейді. Бірақ фетишизм, тотемизм мен анимизмде табиғаттан тыс құдірет қауымдық қоғам кезеңінде-ақ: тасманиялықтарда, австралиялықтарда, отты жерліктерде және басқаларда қайтыс болған адамдардың жаны, шайтандар мен аруақтар туралы түсініктер болды.Ертедегі жер иеленушілік қоғамда Аспан еркек мен  Жер әйелдің арасындағы неке туралы қарсы жағымсыз күштерді бағындыруға тырысты.Егін шаруашылығының пайда болуына байланысты өсірілетін өсімдіктер мен олардың өсіуіне тікелей әсер ететін Күн мен Жердің күші деген ұғым қалыптасты. Мысалы, ирокездер маис, бұршақ және асқабақ “үш апалы-сіңлілер“, “біздің өмір“ не “бізді асыраушылар“ деп олардың рухына табынды. Ирокездердің алты мейрамдарының төртеуі егін шаруашылығына байланысты болды: жаңа жыл, егін себу, көк дән және өнім жинау. Күн – күш иесі, Жер топырақ құнарлылығын көтереді, жаңбыр шақырады, т.б. магиялық ұғымдар кең тарады. Осы сияқты мал шаруашылығында да ұғымдар қалыптасты.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   59   60   61   62   63   64   65   66   ...   148




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет