1. Фольклор жанрлары. Фольклор, оның ерекшеліктері мен жіктелуі



бет71/148
Дата26.04.2022
өлшемі266,62 Kb.
#32361
1   ...   67   68   69   70   71   72   73   74   ...   148
78.Қазақ эпосының​ түрлері:

Батырлар жыры. Қазақ халқының көне эпостық жырларына батырлар жыры жатады. Батырлық эпос халықтың сан ғасырлар бастан кешкен тарихын, елін, жерін қорғауды дәріптейді. Бұл жырлар белгілі тарихи оқиғалардың дәлме- дәл көшірмесі болмағанымен, сол заманның тыныс-тіршілігін, жалпы тарихи болмысын аңғартады. Белгілі бір соғыстың немесе тартыстың ауқымында қалу, соны тарихи дәлдікпен суреттеу эпосқа тән емес. Эпос өмірде болған оқиғалардың санын да, ретін де қуаламайды.  Қазақтың қаһармандық эпосының ең жарқын үлгілеріне «Алпамыс батыр», «Қобыланды батыр», «Ер Таргын», «Қамбар батыр» жатады. Ел жадындабатырлық, күштілік атаулының бәрі сақтала бермейді.

Әлеуметтік-тұрмыс эпосы. Қазақтың эпостық мұрасының қомақты бір бөлігі —әлеуметтік-тұрмыс эпосы, оны кейде лиро-эпостық поэмалар дейді. Бұл шығармаларда ерлік, батырлық, ел қорғау мақсаты емес, жекебастың мүддесі — махаббат еркіндігі мәселесі алға шығады. Кезеңдік дамуы жағынан алып қарағанда, ғашықтық жырлар — архаикалық, қаһармандық эпостан кейін туындаған шығармалар. Фольклортанушылардың пікірінше, лиро-эпостық мұра — көне эпостан жазбаша романга өтер жолдағы аралық саты,  аралық деңгей. Тарихи жырлар. Қазақ фольклорының тағы бір қомақты бөлігін тарихи жырлар құрайды.  Тарихи жырларда кейде оқиғалар жазба тарих сарынына сәйкес баяндал-са, екінші бір түста қиялдау, көркемдік жинақтау түрінде беріледі. Түркі халықтарына ортақ ноғайлы заманының тарихи жырларына Едіге батыр жайындағы жыр, аңыздар жатады. Бұл жыр қазақ, ноғай, қарақалпақ, башқұрт, татар, көшпелі өзбектер, келеді. Шешендік сөздер жазба әдебиетке жақын  жанр. Оқиғаларының реалистігі, тілінің әдебилігі және белгілі халық  ойшылдарының (Майқы би, Аяз би, Жиренше шешен), шешен, билердің (Төле би, Қазыбек би, Әйтеке би) аттарымен  айтылатындығы бұл пікірді растай түседі. Шешендік сөздердің көпшілігі  әуелгі қалпында сақталмаған. Жаттап алып таратушылардың, әр буынның  өңдеп өзгертуімен, уақыттың сынынан өтіп, ұзын-ырғасы, тобықтай  түйіндері, түйіп айтқан тұжырымдары қалған. Ішінара айтушылардың  есімдері де сақталған. Негізінде қоғамдағы қиянаттарға, әділетсіздіктерге  қарсы қарапайым халық өкілдері білдірген наразылық ретінде туындаған  Шешендік сөздердің нұсқалары өзін тудырған қоғаммен, себептермен  бірге жойылып, біздің заманымыздағы қызметі көркем әдебиетке ауысты.  Шешендік сөздер – тапқырлық пен шешендікке үйрететін көркем сөз үлгісі  ғана емес, халықтың көне тарихымен бірге жасап келе жатқан тәрбиелік  мәні зор халық даналығы. Ол түркітектес халықтардың көпшілігінде



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   67   68   69   70   71   72   73   74   ...   148




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет