1. Ген туралы түсінік. Гендердің жіктелуі анықтама


Геномтуралы түсінік. Прокариоттар геномы. Эукариоттар геномы. Вирустар геномы



бет3/19
Дата11.04.2023
өлшемі64,07 Kb.
#81430
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   19
Байланысты:
мб мг рубежка 2

3. Геномтуралы түсінік. Прокариоттар геномы. Эукариоттар геномы. Вирустар геномы.
Геном – бір түрге жататын организмнің гаплоидтық хромосомалар жиынтығындағы тұқымқуалаушылық материалдың толық жиынтығы. Геном әрбір түрге тән. Көбею процесінде жыныстық ұрықтану кезінде екі ата- ананың жыныс жасушаларының геномы бірігіп, жаңа организмнің генотипін түзеді. Генотип – жасушадағы барлық тұқымқуалаушылық ақпараты бар гендер жиынтығы
ПРОКАРИОТТАР геномы-ішек бактериясында (Е соІі) ,жақсы зерттелген.Бактерия хромосомасы 3,2х10-6 н.ж тұратын сақиналы Днқ.Бактерия гендері сызықты орналасқан.Днқ репликациясы Тета репликация типімен (ори) нүктесінен басталады.Хромосрма иницияция сайтымен бірге өздігінен репликацияланатын молекула репликон болып табылады. Бактерия геномында 2500дей ген болады.
Гендер белсенділігі(экспрессиясы) оперон типі сияқты реттелінеді,себебі бактериялар гендері оперондық құрылымға ие.
Ішек бактериясында (Е соІі) бактерия хромосомасының репликонынан басқа да репликондар кездеседі. МЫСАЛЫ эписомалар және плазмидалар
Плазмида-бактерия хромосомасынан тәуелсіз репликацияланатын сақиналы хромосомалық элемент ,оның өлшемі шамамен бактерия хромосомасының 10-20%дай,1-3гені болады.Ең негізгі плазмидаларға бактериялардың антибиотиктер әсеріне төзімділігін қалыптастыратын ,төзімділікті тудырушы факторлар жатады.Олар10-15 көшірме күйінде кездеседі.
ЭПИСОМАЛАР-бактерия хромосомасынан бөлек,автономды кездесетін не оған жалғанатын сақиналы хромомсомалық элементтер.Ең жақсы зерттелген эписома ,бұл Ғ фактор.(фектильдік фактор).Ол бактериялардың жыныстық процессін анықтайтын және аталық жасушаларда кездеседі.Эписомалардың кейбіреулері инфекциялы болып келеді. Егер эписомаларда антибиотиктерге төзімділікті қалыптастыратын гендер болса,онда олар бактерия жасушаларына жеп жеңіл өтіп медицина үшін үлкен проблема туғызады.
Бактерия геномында қозғалтқыш генетикалық элементтер де кездеседі.
ЭУКОРИОТТАР. Көлемі және құрылысы жағынан күрделі болады.Олар
Нуклеотидтер-кодондар-гендер мен ген аралық учаскелер-күрделі гендер-хромосрма иіндері-хромосомалар-гаплоидты хромомсома саны сиякты бірте-бірте күрделенетін құрылымдардан тұрады.
Эукариоттар геномының көлемі өте үлкен болады.себебі олардың нуклеотидтік бірізділігі тек қана қайталанатын және өте жиі қайталанатын учаскелерден тұрады.Сол сиякты эукориоттар геномының өте үлкен болуын гендердің экзон-интрондық құрылысына да байланысты.

Эукориоттар геномы ядролық және ядродан тыс орналасқан ДНҚ молекулаларынан тұрады.Соңғысына цитоплазманың сақиналы днқсы-ПЛАЗМИДАЛАР, ЭПИСОМАЛАР,МИТОХОНДРИЯ,ПЛАСТИДТЕР ДНҚсы жатады.Ядролық ДНқ хромомсомасына тыс орналасқан гендер жиынтығын ПЛАЗМОНДАР деп атайды,Олар цитоплазмалық тұқым қуалаушылықты анықтайды.


Эукориоттар геномына қозғалтқыш генетикалық элементтер-транспозондар да тән,олар гендер белсенділігін реттеуге қатынасады,яғни бұрын пассив күйде болып келген гендерді активтендіреді немесе керісінше.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   19




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет