1 глоссарий агглютинация – қосымшалардың бірінен соң бірінің жалғануы Адвербиалдану


Сөйлемдегі сөздердің қосымша арқылы байланысы



бет56/61
Дата16.12.2022
өлшемі202,78 Kb.
#57663
1   ...   53   54   55   56   57   58   59   60   61
Байланысты:
1 глоссарий агглютинация – осымшаларды бірінен со біріні жал

Сөйлемдегі сөздердің қосымша арқылы байланысы дегенде қосымшаның барлық түрі емес, тек жалғау деп аталатын түрі ғана қамтылады. Өйткені жалғаудың ғана синтаксистік байланыс орнатуға қатысы бар. Жалғаудың үш түрі: көптік, тәуелдік, септік жалғаулары зат есімнің қосымшалары болып табылады. Сондықтан олар – зат есімді немесе зат есімнің орнына жұмсалған (субстантивтенген) басқа сөздерді сөйлемдегі келесі бір сөзбен байланыстыру үшін қалыптасқан морфологиялық тұлғалар. Дегенмен бұл қосымшалардың сөз байланыстыру үшін қолданылу жиілігі, қабілеттері, сөзге мағына үстеу қырлары, соған орай атқаратын қызметтері бір деңгейде емес.
Көптік жалғаудың Сендер шәкіртсіңдер, сіздер келіңіздер сияқты екінші жақтағы жіктеу есімдіктерінің құрамында келген кезде ғана сөз бен сөзді байланыстыруға қатысы бар. Өйткені есімдіктердің көптік мағынада болуы баяндауыштағы жіктік жалғаудың да көпше нұсқада келуіне әсер еткен. Дәлірек айтқанда, сендер шәкіртсің немесе сен шәкіртсіңдер түрінде қолдансақ, бастауыш пен баяндауыштың сандық (көптік) мағыналары үйлеспей қалады. Ендеше бұл жерде көптік жалғау жіктеу есімдігінен болған бастауыштың құрамында келіп, сандық қиысуға негіз болған.
Көптік жалғау бастауыш қызметінде келген екінші жақтағы жіктеу есімдігінің құрамынан басқа қолданыстарында сөз бен сөзді байланыстыруға еш қатысы жоқ қосымша. Бұл кезде ол зат есімге сол заттың көп екендігін білдіретін мағына (кейде басқа мағыналар да) немесе т.б. мағыналар үстейді. Ал бұл мағынаның басқа сөздермен мағыналық үйлесімге келу үшін еш қатысы жоқ. Мысалы, Кітап алынды – кітаптар алынды, баланың ойыншығы – балалардың ойыншығы – баланың ойыншықтары –балалардың ойыншықтары. Зат есімдердің бірі көптеліп келгенде, ол байланыстың екінші компонентінің де көпше тұлғада тұруын немесе басқа қосымша қабылдауын талап ете алмайды.
Тәуелдік жалғау өзі жалғанған сөзге зат үш жақтың бірінде тұрған басқа затқа ортақ немесе оңаша тәуелді (қатысты) екенін білдіретін мағына үстейтін қосымша. Сондықтан тәуелдік жалғау өзі жалған сөзді сол сөзде аталған зат басқа (үш жақтың біріндегі) затқа ортақ немесе оңаша тәуелді, қатысты етіп байланыстырады. Мысалы, ағаштың бұтағы дегендегі басыңқы сөздің құрамындағы тәуелдік жалғауы бұтақ деген заттың үшінші жаққа оңаша (жекеше) қатысы барын білдірген. Бұтақ сөзінің өзінде, тәуелдік жалғаусыз тұрғанда, көрсетілген мағына жоқ, ол заттың атын ғана атайды. Ал тәуелдік жалғауын қабылдағаннан кейін сол зат (бұтақ) үшінші жақтағы басқа затқа (ағаш) тәуелді екені білдірілді. Ендеше, тәуелдік жалғаудың өзі жалғанған сөзге үстеген осы мағынасы сол сөздің басқа сөзбен (ағаш сөзімен) байланыс орнатуына негіз болған. Сондықтан бұтақ сөзі ағаш сөзімен тәуелдік жалғауы арқылы байланысқан дей аламыз. Тіркестегі басыңқы сөздің құрамынан тәуелдік жалғауды алып тастасақ (ағаштың бұтақ), сөздердің арасындағы мағыналық үйлесімділік бұзылады, яғни, синтакситік байланыс та үзіліп қалады. Бұл факті де тәуелдік жалғаудың сөз бен сөзді байланыстыруға қатысы барын дәлеледей түседі. Рас, кейде матаса байланысқан сөз тіркестерінің басыңқысы құрамындағы тәуелдік жалғаулары ықшамдалып (түсіріліп) қолданылатын фактілер де кездеседі. Мысалы, біздің ауыл, біздің сынып, біздің үй, сіздің үй, Қобыландының Тайбурыл, Базарбайдың Төлеген, т.б. Дегенмен басыңқы сөздердің құрамында тәуелдік жалғау қолданылмағанмен, заттардың бірінші, екінші немесе үшінші жаққа қатыстылығы бағыныңқы компоненттер арқылы белгілі болып тұр және сол мағынаның (заттың үш жақтың біріне тәуелді немесе қатысты екені) тіркес бойында (басыңқы компонент бойында) сақталуы тәуелдік жалғау нөлдік формада жұмсалған деуге негіз болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   53   54   55   56   57   58   59   60   61




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет