Халықаралық процессуалдық құқықтың қайнар көздері
«Құқықтың қайнар көздері» деген термин материалдық және ресми (заңдық) екі аспектіде қолданылады.
Халықаралық құқықтың атериалдық қайнар көздері ретінде халықаралық еңбек бөлінісі нәтижесінде дамитын және халықаралық құқық нормаларын түзетін бүкіләлемдік экономикалық қатынастарды айтамыз.
Сөйтіп, халықаралық құқықтың қайнар көздерінің - заңи мағынасы - бұл, оның субьектілерінің келісілген еркін білдіретін халықаралық құқық нормаларына айналған нысандар.
Қайнар көздерінің жүйесі негізгі және көмекші боып екіге бөлінеді. Негізгіге мыналар жатады:
Халықаралық шарт;
Халықаралық дәстүр;
Халықаралық құқықтың көмекші қайнар көздеріне мыналар жатады:
Халықаралық Соттың және Төрелік сотттың шешімдері;
Мемлекетшілік заңдар, ұлттық соттың шешімдері;
Халықаралық құқықтағы ғалымдар доктринасы;
«өркениетті ұлттар таныған құқықтың жалпы қағидалары».
Халықаралық шарт шарттасушы тараптар үшін құқықтар міндеттер түзеді, бұлар оның заң нормаларында бекітіледі. Осы қайнар көз халықаралық құқықтың негізгі қағидаларына сәйкес келетін заң нормаларын жасайды. Халықаралық құқық нормалар жасайтын мемлекетердің келісілетін еріктер аяқталған нысандар болғанда шарт жасалады. Соңғы жағдайда біз мемлекетер арасында жасалатын келісімдерді де айта аламыз. Ол үшін ереже бойынша жазбаша бекітілген немесе ауызша айтылатын белгілі бір мәтін болуы керек. Халықаралық құқық доктринасы халықаралық шарттардың құқықа сай болуының басты белгісі ретінде оларды жасау басындағы еріктілікті айтады. Сондай-ақ, шарт тиісті мемлекетердің тең құқылы ерік білдіруі болып табылған жағдайда құқықтың қайнар көзі болып саналуы мүмкін. Халықаралық шартта көп мәрте қолдануға есептелген жалпы нормалар немесе бір ғана жағдайда қолданылатын жеке нормалар да болуы мүмкін. Халықаралық шарттың құқықтық табиғатына, жасалыс сатылары “Халықаралық шарттар құқығы” деген тарауда кеңінен тоқталатын боламыз.
Халықаралық дәстүр шарттан кейін екінші орынға ие, бұрындары ол басым дәрежеге ие болатын. Әдетегі деген нормалар ұзақ мерзімде тәжербиені нәтижесін, құқық субъектілерін ондай норма заңи міндетті сипатын мойындағанан кейін пайда болады. шарттық және әдеттегі нормалар халықаралық құқықтың жалпы жүйесін құрайды, олар бір-біріне қанша келмейде, керісінше, халықаралық құқық нормаларын тиімді қолданылды қамтамасыз етеді.
Халықаралық дәстүр дегеніміз халықаралық тәжербиеде қалыптасқан тәртіп ережесі, халықаралық құқық субъектілерін оның заңи міндеті сипатын мойындайды. Дәстүдің шарттық нормадан айырмашлығы тиісті ережелерді нақты көрсететін заңдық құжат еместігінде. Дәстүр барлық немесе бірнеше мемлекетердің халықаралық әрекеттінің ұқсастықтарының кіші бойынша жинақталады. Ол ұзақ мерзім бойында қолданылады және құықтық заңдық міндетілігіне сенім сипатында болады. Сонымен, мемлекет тәжербиелерінің ұзақтығы салыстармалы сипатта. Бүгінгі таңдағы халықаралық қатынастарды әдетейдегі нормалардың қысқа мерзімде да кездеседі, мысалы, ғарыш құқығында, теңіз құқығында.
Сөйтіп, халықаралық дәстүрлер мыналардан тән:
Қолданылу мерзімінің ұзақтығы.
Мойындалуын жапылығы.
Заңдық міндеттілігін сенімділігі.
Халықаралық дәстүрдің пайда болуы үшін қайталанба тәжерибе керек. Халықаралық -құқықтың әдебиеттерінде кез келген қайталанудың әдеттегі нормалары жасалмайтыны жогінде аз айтылып жүрген жоқ. Қандай да бір әрекетердің қайталануы тәртіп нормасын жасауға әкелмеуі де мүмкін, ол жай әдетке айналып кетеді. Халықаралық әдет деп мемлекетердің заңдық міндеттілігі бар деп есептелінбейтін жалпы тәжірибелерін айтады.
Халықаралық қатынастарды, әсіресе депломатиялық қатынастар мен теңіс кеме қатынасында көп уақыттан бері әрекет етіп келе жатқан, дегенмен халықаралық құқық нормасы болып табылмайтын нормалар аз емес. Мәселен, дипломатардың жүктерін кеден бақылауынан тексермен өткезуге, үшінші мемлекетің аумағында дипломаттардың кейбір артықшылықтарының болуына, әдетте көптеген мемлекетер рұқсат етеді. Алайда 1961 жылы дипломатиялық қатынастар туралы Вена конвенциясы өз күшіне енгенге дейін мұндай нормалар халықаралық құқықтық деп емес, халықаралық сыпайыгершілік нормалары деп есептелетін.
Халықаралық дәстүр мен халықаралық шарт құқықтың негізгі қайнар көздері және жалпы халықаралық құқық нормаларын жасаудың екі түрлі тәсілі болып табылады. Сөйтіп, халықаралық құқықтың әдеттегі нормаларын шарттық жолмен өзгертуге көп кездесетін, әсіресе халықаралық құқықтың жүйеленуде кездесетінін баса айтқан жөн. Ал шарттық нормаларды әдеттегі нормаларға ауыстыру жағдайлары сирек кездеседі,яғни шарттық тәжірибе әдетте оларды өзгерту ережелерін немесе күшін жоюды қарастырады.
Халықаралық ұйымдардың шешімдері, қарарлары. Халықаралық құқықтың аталмыш қайнар көзінің маңызы халықаралық құқық субъектісі ретіндегі халықаралық ұйымдардың рөлімен бірге арта түседі. Аталған қайнар көз өз бетінше халықаралық құқық нормаларын жасай алмайды. Халықаралық ұйымдардың қаулылары ең бірінші Бас Ассамблея мен Қауіпсіздік Кеңесінің қаралары норма жасау процесіне қатысады.
Халықаралық Соттың және төрелік соттың сот шешімдері.
Халықаралық Сот пен төрелік сот қолданыстағы құқықтарды қолданады, талдайды, алайда құқық нормаларын шығармайды. Халықаралық Сот Статутының 38 – бабы, д тармағында олардың шешімдерін “құқықтық нормаларды анықтау үшін көмекші құралдар ” ретінде бейнелейді. Сот шешімдерінің маңызды ролі мемлекеттердің соттағы тәжірибелерін көрсетуінен шығып отыр.
“Құқықтың жалпы қағидалары” проблемасын Ұлттар Лигасы қозғаған болатын, алғашыда халықаралық әділ соттың Тұрақты Палатасы Статутының 38-бабында, кейін БҰҰ-ның Халықаралық Сот Статутында орын алды. “Құқықтың жалпы қағидалары” деген ұғым “ құқықтың негізгі қағидалары” деген ұғымнан өзгешелеу. Мәселен, “құқықтық жалпы қағидаларына” ұлттық құқық жүйелернде, сондай- ақ халықаралық құқықта да қолданылады түсіндіру және қолдану процесіндегі заңдық түсініктер, заң локикасының, техникасының ережелері жатады.
Халықаралық жария құқықтың қайнар көздерінің жүйесіне сәйкес, әдебиетерде “ қатаң құқық” және “ жұмсақ құқық” деген ұғымдар қолданылады.
“Қатаң құқық” санатына халықаралық шарттарды және үкіметаралық ұйымдардың міндеттейтін шешімдерін жатқызса, “жұмсақ құқыққа” – ұсыныстық қарарларды жатқызады.
Достарыңызбен бөлісу: |