1. Мүктерден антибиотик-гликозидтер алуға негізделген микробиологиялық
синтез. Бұл инъекцияға арналған стерильді ұнтақ немесе ампула түрінде
шығарылатын тұрақсыз қосылыстар; Бұл тәсілмен антибиотиктерді алу үшін,
микроорганизмдердің жоғарғы өнімді штаммдарын және оларды өсіретін
арнайы қоректік орталарын пайдаланады. Мысалы, бұл тәсілмен
пенициллинді алады.
2. Табиғи антибиотиктерді химиялық модификациялау
- микробиологиялық
және химиялық синтездің үйлесі. Бұл синтез негізінде жартылай синтетикалық
антибиотиктер пенициллин, цефалоспорин, тетрациклин алынады.
3. Химиялық синтез - oрганикалық қосылыстардан структурасы күрделі емес
ситетикалық антибиотиктер алу тәсілі. Бұл тәсілмен - левомицетин және оның
туындылары алынады.
Антибиотиктердің қолданылуы
Антибиотиктер
медицинада және ветеринарияда, тағамдық өндірісте, ауыл
шаруашылығында қолданылады.Медициналық практикада антибиотиктер
жұқпалы инфекцияларды (тырысқақ, оба,
дизентерия, туберкулез, және т.б.)
емдеуде және шартты патогенді микроорганизмдерден туатын басқа көптеген
инфекцияларды емдеуде кең қолданылып келеді. Ісікке қарсы (блеомицин),
иммуносупресорлы (циклоспорин) әсері бар антибиотиктер де бар. Тағамдық
және консервілеу өндірісінде низин тағам өнімдерін консервілеу үшін
қолданылады. Жануарларға жемдік қоспа,
өсуді ширатушы ретінде
жиырмадан астам антибиотиктер қолданылады.
29. Амин қышқылдарының өндірісі. Амин қышқылдарының жіктелуі
және олардың негізгі қасиеттері. Олардың медицинада қолданылуы.
Амин қышқылдары деп – карбон қышқылының молекуласындағы
көмірсутегідегі сутегінің орнын амин тобы басқан органикалық қосылыстарды
айтады. Амин қышқылдарының
физиологиялық маңызы өте зор, өйткені
олардың қалдықтарынан ақуыздар құрылады және олардан ферменттер,
витаминдер, гормондар түзіледі. Амин қышқылдарын
көбінесе тривиалды
(шығу тегі бойынша) атаумен айтады. Мысалы: NH2СН2СООН – глицин.
Сонымен қатар, амин қышқылдарын атау үшін сәйкес карбон қышқылының
атына «амин» деген сөз қосып, амин тобының орнын грек алфавитімен
көрсетіп атайды. Мысалы: – аланин немесе α-аминпропион қышқылы.
Достарыңызбен бөлісу: