#42*! 15 жастағы ер жігіт ауруханаға келген: 3 күн бойы қалтырау, бас ауыруы, денесінің сынып ауыруы, субфебрильді дене қызуы, тамағындағы және трахея бойындағы ауыру сезімі, дөрекі «ит үрген» сияқты жөтел мазалаған. Қарап тексергенде: жағдайы орташа ауырлықта. Аңқасында: шырышты қабаттың орташа деңгейдегі гиперемиясы, бадамша бездері үлкеймеген, жабындылары жоқ. Мұрыннан көптеген серозды сұйықтық бөлінеді. Дауысы сырылдаған. Жүрек тондары бәсеңдеген, ырғағы дұрыс, пульсі – 82 рет/мин., ҚҚ - 100/60 мм с.б. Іші жұмсақ, ауыру сезімісіз. ЫҚТИМАЛ диагнозды атаңыз? * Грипп
*+ Парагрипп
* Риновирусты инфекция
* Аденовирусты инфекция
* Респираторлы-синцитиальді инфекция
#43*! 16 жастағы ер жігіттің оқу орнында жедел респираторлы аурумен бірнеше оқушы ауырған. Ауруханаға ауруының 6-шы күні түскен. Ауру бірте-бірте дамыған: тұмау мен жөтел, аздаған тамағының ауыруы пайда болған. Барлық күндері субфебрильді дене қызуы сақталған. Эпигастрий аймағындағы ауыру сезімі, 1-2 рет іштің өтуі болған. Қарап тексергенде: конъюнктивит, беті қызарған, жұтқыншақтың артқы қабырғасы қызарып түйіршіктенген. Мойын, жақ астындағы лимфа түйіндері үлкейген. Бір жақтық конъюнктивит. ЫҚТИМАЛ диагнозды атаңыз? *Грипп
*Парагрипп
*Риновирусная инфекция
*+Аденовирусная инфекция
*Респираторно-синцитиальная инфекция
#44*! 28 жастағы ер адам ауруханаға келген. Шағымдары: орташа деңгейдегі бас ауыруы, мұрынның бітелуі, құрғақ жөтел, тамағының аздап ауыруы. Қарап тексергенде: Дене қызуы - 370С, склералары қан тамырлары инъекцияланған, аңқадағы шырышты қабаты орташа қызарған, жұтқыншақтың артқы қабырғасындағы фолликулдер гипертрофияланған. Мойын, жақ астындағы лимфа түйіндері үлкейген. Ішкі мүшелерінің патологиясы жоқ. Сипатталған ауруға тән синдром болып табылады? *Грипп
*Риновирусная инфекция
*Парагрипп
*Энтеровирусная инфекция
*+Аденовирусная инфекция
#45*!18 жастағы бойжеткен жедел ауырып бастаған: әлсіздік, бас ауыруы, мұрынның бітелуі, мұрын-жұтқыншақтағы құрғақтық және тырнау сезімі пайда болған. Кейіннен мұрыннан серозды, содан соң шырышты сұйықтық бөлінген, түшкіру пайда болған. Объективті: Дене қызуы– 37,4С. Риноскопия: мұрынның шырышты қабаты қызарған және ісінген, айқын ринорея. Мұрын қуысының кіре-берісі мацерацияланған. Жүрек тондары бәсеңдеген, ырғағы дұрыс. Пульсі – 80 рет/мин., ҚҚ - 110/60 мм с.б. Іші жұмсақ, ауыру сезімісіз. Зәр шығаруы қалыпты.