1 Итеғұлова Сая Ағанасқызы Астана, 2015 2



Pdf көрінісі
бет14/39
Дата14.08.2023
өлшемі2,88 Mb.
#105266
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   39
Байланысты:
(pdf) Ана тағдыры (Сая Ағанасқызы)

АНА ТАҒДЫРЫ
41
бұзып шығып, біздің әскерлерге жолықтық. Ал 
бірнеше рет біздің негізгі күштеріміз сырттан 
келіп шабуылдап, жауға тойтарыс бердік. Әсіресе 
Сталинград түбінде болған шайқаста көп шығын-
данып, талай жолдастарымыз шейіт болды, – деп 
үнсіз қалды. 
– Адамға шыбын жаннан тәтті не бар? Ұрыс 
даласында адам жаратушысынан аман қалуын 
тілейтін болар деп ойлайтын шығарсыздар. Ал 
біз жау қоршауында қалмасақ екен, жау тұтқыны-
на түспесек екен деп тілейтінбіз. Жауға тұтқынға 
түсу Отанын сатқанмен бірдей. Мен «Өлсем, абы-
роймен өлейін, тек жауға пенде болудан сақтай 
гөр» деп жасағанға талай сыйындым, – деп та-
мағын кернеп, көзіне келіп қалған жасты кері 
жұтты.
Екінші Украин майданы жасақталған кезде 
Төленбай 60-шы танк полкінің командирі шенін-
де жаумен алысып, Ұлы Жеңіс күнін осы май-
дан әскерлерінің қатарында автовзвод командирі 
шенінде қарсы алады. Екінші Украин майданы 
Ұлы Отан соғысының оң шешімін табуына зор 
үлес қосқан совет әскерінің шұғыл-стратегиялық 
бірлестігі болатын. Осы майдан әскерлерінің қа-
тарында жүріп, бірнеше нәтижелі әскери шабуыл-
дау операцияларына қатысады. Будапешт, Бу-
харест, Прага және Венаны жау қолынан босату 
үшін болған шабуылдарда ерлігімен көзге түсіп, 
«Ерен ерлігі үшін» медалімен, «Ұлы Отан соғы-
сының екінші дәрежелі орденімен» марапаттала-
ды. 
Соғыстың алғашқы күндерінен бастап оқ пен 
оттың бел ортасында жүрген Төленбай 1944 жыл-
дың қазан айына дейін не жаудың тұтқынына 


42
ИТЕҒҰЛОВА САЯ
түспей, не бірде-бір рет жарақат алмай аман-есен 
жүреді. 
– Мені жаудың оғынан ата-анамның аруағы 
қалқан болып қорғап қалды ма деймін, – деп сөзін 
жалғады Төленбай, – Талай қарша бораған сна-
рядтар жаныма түсіп, бірге жүрген жолдастарым 
қыршынынан қиылып жатты. Әсіресе, жаудың 
көміп кеткен миналарына түсіп, талай танктер 
жарылды. Соның өзінде менің темір тұлпарым 
аман шығатын. Бір жолы шынжыр табанды көлі-
гімнің дәл астынан минаның жарылмасы бар ма? 
Сол жолғы ажалдан мені жаратушы иемнің өзі 
арашалап алғандай болып көрінді маған. Өйткені, 
ондай жақын жарылған минадан танктің атыл-
май сау қалуы, ал ішіндегілердің аман қалуы тіпті 
мүмкін емес еді. Танк іші лезде көк түтінге толып 
кетті. Отқа оранған көліктен алдымен жолдасым, 
артынша мен шықтым. Айнала көк шаң, қараңғы 
түнек. Жан-жақтан атылған оқтардың, жарылған 
снарядтардың даусы ғана естіледі. Аяғым басуға 
келеді екен. Не де болса, алдымдағы окоптың 
ішіне түсейін деп жүгіре жөнелгенмін. Кенет 
бір дүлей күш аяғымның астындағы топырақпен 
бірге көтеріп алып, окоптың жиегіне қарай бұрқ 
еткізіп атып ұрды. Басыма: «Өлген жерім осы 
болды-ау. Қайран ата-анамның қасына бара ала-
мын ба екен?» деген ой жарқ етіп өтті де, бел-
гісіз тұңғиыққа қарай тарта жөнелді. Көзімді 
әскери госпитальда аштым. Жанымдағы майдан-
дас жолдасым қайтыс болыпты. Мен басымның 
желке тұсынан, арқамнан жарақаттанып, есімді 
жия алмай ұзақ жатыппын. Жарылған снарядтың 
жарқыншағы денемнің жұмсақ еттерін жұлып 
әкеткенімен сүйектерім сау екен. Госпитальда бір 


АНА ТАҒДЫРЫ
43
жарым ай емделіп, 1944 жылдың 28-қараша күні 
өзімнің әскери бөліміме қайта оралдым.
Әңгіменің осы тұсын айтқанда Төленбай-
дың ақсары жүзі қуарып кетті. Қатты қысылып, 
маңдайынан моншақтап төгілген терді салалы 
саусақтарымен бір іліп тастады. Тіпті өзінің жа-
рақаттанып қалғанына қысылатын тәрізді. Келе-
сі әңгімені «Айтсам ба, айтпасам ба?» дегендей, 
отырғандарға барлай бір қарап шықты. Жаудың 
оғынан жасқанбаған ер жігіт мұндағы ағайын-
дарына сырын ашуға қаймығатын сияқты. Кеңес 
үкіметінің солақай саясаты жүрегіне бала кезінен 
айықпас жара салып, өзгелерге сырын аша бер- 
меуге ерте бастан-ақ үйреткен. 
Әйтсе де, даусын сәл бәсеңдетіп, әңгімесін ары 
жалғады. 
«Болгария топырағын фашизмнен тазарту ба-
рысында, Петрич атты елді мекеннен Ванга есімді 
көріпкел әйелді кездестірдік. Ол әйелдің екі көзі 
су қараңғы. Алдына барған адамның қандай ауру-
мен ауыратынын айтып қана қоймай, қандай ем-
нен сауығатынын да айтып береді екен. Солдат-
тардың қоятыны бір-ақ сұрақ. Барлығы алда не 
күтіп тұрғанын білгісі келеді. 
Бізді Ванга жақсы қабылдады. Алдына бір-бір-
ден кірдік. Маған өткен өмірім туралы тұп-тура 
айтып берді. Осы сұрапыл соғыстың барысында 
бір ғана рет қатты жараланасың, алайда өз еліңе 
аман-есен ораласың. Еліңе барған соң адал сүт 
емген қызға кездесіп, бақытты өмір сүресің. Бірақ 
үшінші балаңды дүниеге әкелгеннен кейін алған 
жарың қайтыс болады, – деп айтты. Бұдан арғы-
сын айтпай-ақ қоюын өтініп, шығып жүре бердім. 
Дариға, жалған-ай, сүйген жарым о дүниелік 


44


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   39




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет