1 Итеғұлова Сая Ағанасқызы Астана, 2015 2



Pdf көрінісі
бет2/39
Дата14.08.2023
өлшемі2,88 Mb.
#105266
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   39
Байланысты:
(pdf) Ана тағдыры (Сая Ағанасқызы)

І ТАРАУ
Асылдың сынығы
Көк теңіз бүгін де толқып тұр екен. Бірақ ас-
пан ашық. Қазбауыр бұлттар аспанда жеп-жеңіл 
болып қалқып, тербеле жүзіп жүргендей кейіпте 
көрінеді. Жал-жал толқындар бірін-бірі қуалап, 
кісі беліндей биіктікке көтеріліп, қарап тұрған 
адамның көңіліне аздаған үрей ұялатқанымен, 
адуынды көрініс жағаға жеткенше басылып, буыр-
қанған толқынның ыдырай шашылған көпіршігі 
ғана кемеге соғылып жатыр.
Бұл жолы да кемеге мінем деушілердің қарасы 
мол көрінеді. Шығарып салушылар да бар, жолау- 
шылар да бар, әйтеуір сапырылысқан адам. Осы 
адамдардың ішінде «жан бауырым, кетпе» деп 


6
ИТЕҒҰЛОВА САЯ
шұрқырасып жыласқан екі қыздың даусы жүргін-
шілердің біразының назарын өздеріне аударып-ақ 
тастады.
Оның естиярлауы жолаушылардың алған беті-
нен қайтпасын сезді ме, әлде ет жақын адамдарын 
бұдан әрмен қинағысы келмеді ме, көзінің жасын 
қолымен сүрткен күйі теріс айналып, ауылды 
бетке ала жүгіре жөнелді. Ал екіншісі, үш жасар 
Лиза, әкесінің қолынан жетелегеніне көніп, әйтсе 
де артына қарайлай-қарайлай кемеге көтерілетін 
басқышқа беттеді.
Ақілгек отағасы мен қызының соңынан үнсіз 
еріп келеді. Көңілі алай-дүлей. Бір жағы кіндік 
қаны тамған қасиетті туған өлкесінен кететініне 
көңілі бұзылса, екінші жағынан мұнда өткізген 
қиыншылық пен өксік аралас қыз ғұмырын ұмы-
тып, үмітке толы жаңа өмірді бастайтындарына 
қуанып, жаратқан иесіне жалбарынып келеді... 
Кенет осыдан 22 жыл бұрын болған, өкініші талай 
жылдар өзегін өртеген оқиға есіне түсіп, жүре-
гінің атқақтай соқпасы бар ма?!
Ақілгектің бұл кемеге осыдан 22 жыл бұрын 
мінуі керек болатын. Бірақ тағдыр өз дегенін жа-
сап, тоғыз жасар ағасы Төленбай кемеге мініп 
кетті де, үш жасар сіңлісін жетелеген алты жа-
сар Ақілгек бір құлап, бір жығылып, жағада қала 
берді. Кейін осы өзек жарған өкінішті оқиға көзін 
жұмса түсіне кіріп, көзінің жасы моншақтап, 
көкірегін ыза мен өксік кернеп, булығып ояна-
тын. Егер сол жолы қара басып ұйықтап қалмай, 
сіңлісін дер кезінде жетелеп келіп, ағасымен бір-
ге кемеге мініп кеткенде бұлардың тағдыры мүлде 
басқаша болар ма еді? Кім білсін? Әйтсе де сол 
жолы кемеге үлгермей қалғаны үшін Ақілгек әлі 


АНА ТАҒДЫРЫ
7
күнге өзін кінәлайды. Әттең, үлгергенде ғой, бұл 
күнде сіңлісі де тірі болып, бұрала басып қасында 
жүрер еді. Көздері мөлдіреген, еліктің лағындай 
үркек те сүйкімді болатын. Мүмкін, бұл күнде 
өзінің теңіне ұзатылып, бала әлдилеп отырар ма 
екен?!
Осындай ешқашан орындалмайтын күнәсіз ар-
ман Ақілгекті бір мезет тәтті әлемге қарай тербете 
тартқанымен, өткеннің ащы запыраны кілт тоқта-
тып, жүрегін тыз еткізе тіліп өтті.
Бұл уақытта қызы мен отағасы кемедегі өздері-
не белгіленген жерге жайғасып та алған еді. Ақіл-
гек те олардың қасына келіп, қолындағы жүгін 
қойып, отыра кетті. Бірақ өткеннің зіл батпан ащы 
уыты екі иығын басып, жаншып барады.
Алакөз ағайындар әке-шешесін «халық жауы» 
деп ұстатып, алмағайып заман олардың атын 
атауға тыйым салғанымен, бала жүректен олар-
дың бейнесін де, берген тәлім-тәрбиесін де жоя 
алмаған болатын. Ақілгек ата-анасын еске алған 
сайын ойына олардың аса сауатты, жаңашыл жан 
болғандары оралатын. Әкесі Жадырасын атына 
заты сай азамат еді. Ұзын бойлы, келбетті келген 
ақсары кісі. Үнемі жадырай амандасып, кісінің 
көңіліне кірбің ұялатпай, білген-түйгенін елмен 
бөлісетін жан. Жасында ауыл молдасынан мұ-
сылманша хат таныған Жадырасынды әке-ше-
шесі орыс мектебіне берсе керек. Бірақ, балам 
шоқынып кетеді деп қорқып, жыл өтпей-ақ кері 
алдыртқан көрінеді. Білімге, жаңалыққа жаны құ-
мар Жадырасын сол кездегі «Қазақ» газетін сонау 
Орынбордан арнайы алдыртып, оқып отырады 
екен. Осы көзі ашықтығы түбіне жетті. «Қазақтың 
жауы – қазақ» болған сұрапыл заманда сол аңқыл-


8


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   39




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет