1 Итеғұлова Сая Ағанасқызы Астана, 2015 2



Pdf көрінісі
бет11/39
Дата14.08.2023
өлшемі2,88 Mb.
#105266
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   39
Байланысты:
(pdf) Ана тағдыры (Сая Ағанасқызы)

ИТЕҒҰЛОВА САЯ
үлкендігі бар, әйтсе де сақал-шашын түгелдей ақ 
жапқан Бимырза келіп, Сейтімге қолқа салды.
– Сейтеке, сен шебер болғаныңмен, мал бағып, 
қара жұмыспен айналысуға жоқсың. Аулаңдағы 
маңырап тұрған қойларға қарауға Ақілгектің қау- 
қары жете қоймас. Әрі ол малды көбейте берген-
нен не табасың? «Қайратыңа әдісіңді жолдас ет» 
демекші, екеуміз бір шаруа бастайық. Сен келіп 
жатқан қойларыңды менің аулама әкеліп байла. 
Мен сойып сатайын. Еттің келісін үш сомнан 
сатып, саған екі сомын беріп тұрамын. Сойып 
сатқан ақым үшін өзім бір сомын алып тұрайын, – 
деп ұсынысын айтты. 
Айтарын айтса да, Сейітмұхамбеттің жақтыр-
мағанын бетің бар, жүзің бар демей тіке айтатын 
кесірлеу мінезінен қаймығып тұрған сыңайы да 
байқалады. Сейітмұхамбет үнсіз отыр. 
– Алыпсатарлық ес біліп, етек жапқалы кәсіп 
етпеген ісім еді. Не тапсам да, маңдай теріммен 
тауып, қазаныма адал ас қайнатып келген жан-
мын. Бұл ұсынысың қалай болады екен?! – деп 
ойланып қалған ол артынша:
– Ел мені ұста Сейтім, тентек Сейтім деуші 
еді, енді қасапшы Сейтім атандырайын дегенің бе 
бұл, – деп Бимырзаға ежірейе қарады.
Әншейінде қоңырқай жүзіне жараса кететін 
қияқ қара мұрты ашудан едірейіп кеткен, өңі де 
қарасұр тартып, ерекше сұстанып тұр.
Ақілгек еш уақытта ерінің шаруасына аралас-
пайтын. Күнгейде ұршығын иіріп отырған. Бір 
жағы еріне басу айтпақ ниетпен, екінші жағы 
көңілге қонымды ұсынысты жіберіп алмау мақ-
сатында осы жолы отағасы мен Бимырзаның әң-
гімесіне араласты: «Ілескеннің әкесі-ау, Бимыр- 


АНА ТАҒДЫРЫ
33
заның сөзінің жаны бар. Құдай көп көрмесін, 
сіздің еңбегіңізге риза болған ел күн құрғатпай бір 
қойын байлап кетуде. Ілескеннің ішіп-жеміне көк 
сиырдың сүті де жетеді. Бимырза қойды өзім сой-
ып, өзім сатамын, еңбегімді келіскендей етіп ала-
мын деп өзі ұсыныс айтып отыр. Маңдай теріңмен 
тапқан малыңды сатып, шай-суыңды айыр-
ғанның несі күнә болсын? – деді жайлап қана.
Сейітмұхамбет пен Бимырзаның тамырлығы 
осылай басталған. Соғым уақытында етке қарық 
болатын ауыл адамдары жазғытұрым, жаз айла-
рында еттен қақсып отырады. Бимырзаның үйінде 
сойылатын қойдың етін пышақ үстінен үлестіріп 
әкететін. 
Сейтім ұста қойдың ішегін ешкімге бермеуші 
еді. Екі бөлмелі қоржынды тамның төргі бөл-
месінде адалбақан орналасқан. Сол адалбақаннан 
сықырлауық есікке дейін қойдың ішектерін созып 
тартып қояды. Сөйтіп, соза-соза бұл ішектерден 
домбыраның шегін жасайды.
Домбыра жасайтын ағашты да Сейітмұхам-
бет өзі табатын. Шалқар көлінің жағасында бітік 
өскен жиде ағаштары бар. Сол ағаштарды аралап 
жүріп, домбыра жасауға лайықтысын таңдайтын. 
Кейде лайықты ағаш іздеп, Шалқардың маңын-
дағы қоныстарды былай қойғанда, Сарыбұлақ, 
Айшуақ, Аяққұм тәрізді елді мекендерді де ара-
лап кететін.
Осы жолы да Сейітмұхамбет «домбыра жасай-
тын ағаш қараймын» деп кеткен еді. Лизаны әкесі 
де, өздеріне қарасты ағайын-туыстары да Ілескен 
атандырған. Олары Лиза деген есімді Лизахан деп 
еркелеткендері. Бертін келе Лизахан Лизкенге
Лизкен Лескенге айналды. Ақілгекке Ілескен деп 


34
ИТЕҒҰЛОВА САЯ
атаған тіпті ұнайды. «Соңымыздан ілесіп, аман- 
есен жүрсе екен» деп күндіз-түні жаратушы иесі-
не жалбарынады. Сол Ілескені Ақілгектің ермек 
болсын деп жасап берген қуыршағымен сәкінің 
үстінде ойнап отыр. Үй ортасынан пешпен тар-
тылған екі бөлмеден тұрады. Төргі бөлмеде төсек 
жинайтын темір керует тұр. Керуеттің үстіне 
Ақілгектің қолдан басқан бірер текеметі мен қы-
зыл алаша жиналыпты. Бұл – Ілескенге арнап да-
ярлаған алғашқы жасауы. «Қызыма тілекші болып 
тұрсын. Құтты жеріне қондырған кезімізде төріне 
апарып төсейміз» деген ырыммен өзі бас болып, 
ауылдың әйелдерін жинап бастырған болатын. 
Текеметтің үстіне жағалай құс төсектер жина-
лыпты. Төсектің беті қызыл барқыттан жасалған 
жамылғымен жабылған. Бұл барқыт жамылғыға 
қызықпайтын адам болмайтын. Бұл дүниенің де 
өз тарихы бар. Ана жылы сонау Ленинградтан Қа-
тира (Екатерина) атты орыс қыз келген. Өзі қазақ 
халқының қолөнерін зерттеп жүрмін деп, апталап 
үйде жатып, отағасының саптама етікті қалай ті-
гетінін, домбыраны қалай жасайтынын, зергер-
лік бұйымдарды қалай соғатынын көріп кеткен. 
Кетерінде отағасы аяғына ішінен қызыл мақпа-
лы шығып тұратын саптама етік кигізіп жіберді. 
Сондағы Қатираның қуанышты жүзі Ақілгектің 
әлі есінде. Отағасының бетінен қайта-қайта сүй-
месі бар ма?! Сейітмұхамбет аса келбетті, қарсы 
келген әйел артына бір бұрылып қарамай өтпей-
тін сері жігіт ағасы болатын. Десе де, Ақілгек оны 
бір әйел атаулыдан қызғанып көрмеуші еді. Осы 
Қатирадан сол жолы қызғанып, ішінің қылп ете 
қалмасы бар ма?! Сол қылығына әлі күнге ұялып, 
есіне түссе бетінің оты шығады. 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   39




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет