АНА ТАҒДЫРЫ
63
дықтан ба, алыс ағайындарын да, көрші-көлемді
де жанына жақын тартып, бірін аға, бірін іні
қылып жүретін. «Мал таппайтын еркек жоқ, құра-
рын айт, Ұл таппайтын әйел жоқ, тұрарын айт»,
– деп халық мақалында қате айтылмаған. Ақілгек
пен Сейітмұхамбеттің заманында жас балалар-
дың шетінеуі жиі кездесетін. Сондықтан ба ерлі-
зайыптылар жалғыз қыздарының тілеуін ғана
тілеуші еді. Ер бала асырап алу туралы ойды қа-
перлеріне алмайтын.
Сейітмұхамбеттің Тұяқ деген аталас ағасы бар
еді. Әйелі Дәржан ата салтын ұстанатын, иман
жүзді адам болатын. Өзі он құрсақ көтергенімен,
көбі бала күнінде шетінеп кетіп, Құтыш есімді
қызы мен Мұқыш есімді ұлы ғана қалған екен.
Бірде Ақілгек пен Сейітмұхамбет Тұяқ ағасының
үйіне барып, келіндері Алтынсарының үшінші
ұлын жас босанып отырған сәтінің үстінен түседі.
Қайын інісінің балаға мейірлене қарағанын
байқап қалса керек:
– Шүкір, келініміздің қойыны құтты болып
үйдің іші шүпірлеген балаға тола бастады. Біз
баланы көпсінбейтін халықпыз. Келінім жас, жа-
ратушының берген баласын әлі де таба берер.
Ілескен жалғызсырамасын. Мына сәбиді сендер
бауырларыңа басыңдар – деп Дәржан абысы-
ны жаңа туылған шақалақты Ақілгектің етегіне
әкеліп салады. Жеңгесінің бұл ұсынысына риза
болған Сейітмұхамбет орнынан қозғалақтап, ба-
лаға қарай ұмтыла бергенде:
– Шешей, ниетіңізге рақмет. Жомарттығыңызға
тәнтіміз. Бірақ өздеріңіз де қай бір толып отырсыз-
дар. Баланы ала алмаймыз, – деп абысынының
қолына береді.
– Бұл жомарттық емес. Ашаршылық жыл-
дары бір үзім нанды бөлісіп жеп, қайын ағамы-
64
ИТЕҒҰЛОВА САЯ
здың арқасында аман қалып ек. Қайын ағамыз
болмағанда Мұқышым да, мына немерелерім де
болмас еді. Сендер де келін, бала жұмсап, қызығын
көріңдер, – деп Ақілгектің алдына қайта тастайды.
– Шешей-ау, адам ағайынына жасаған жақ-
сылығын міндет ете ме? Атамның бір кездері жа-
саған жақсылығының өтеуін сұрағанымыз дұрыс
болмас, – деп баланы кері қайырады.
– Екі дүниеде де сұрауы жоқ. Өзімнің ішімнен
шықты деп ойла да, баланы бауырыңа бас, – деп
Дәржан абысыны келінінің етегіне үшінші рет тас-
тайды.
– Жасаған ием берейін десе мені көрмей қалып
па?! Уызына жарытпай, анасының көкірегінен айы-
рып, жас нәрестенің обалына қалғым келмейді, –
деп, Ақілгек баланы көтеріп алып, көрші бөлмеде
отырған келіні Алтынсарыға апарып беріпті.
Қайтар сапарында Сейітмұхамбет: «Алдыңа
үш рет әкеліп берген баланы үш рет кері қайтар-
дың. Сенің бұл әрекетіңді қалай түсінуге бола-
ды?» – деп сұрақ қойғанда, Ақілгек:
– Мені Ақмоншақтан, Даңғылдан, Ізбасар мен
Сәлимадан ажал айырды. Бауыр еті балаңнан ай-
рылудың өзекті өртер ащы дәмін менен артық еш-
кім білмес. Алтынсарыны Жолдасбайынан айы-
рып, ажалдың кебін кигім келмейді, – деген.
Зайыбының жүрегіндегі айықпас дерттің қара
қотырланған ауызын тырнап алғанына өкінді ме,
болмаса отағасының аузына қарап, айтқанын екі
етпейтін жарының мұндай маңызды шешімді бір
өзі қабылдағанына ренжіді ме, болмаса ғайыптың құ-
сындай ерте ұшып кеткен сәбилерін еске алды ма, Сейіт-
мұхамбет те ауылға жеткенше қайтып жақ ашпады.
Ақілгек Ағанасты туған ұлындай көруші еді.
Өзі ауырыңқырап жүрсе де, балаларының қамын
ойлайтын ана емес пе?!
АНА ТАҒДЫРЫ
65
– Қарағым Лескен, маған осы Ағанасымның
қимылы ұнамайды. Жас адам сияқты емес, сыл-
быр. Қимылы шалт емес, – деді бірде.
– Мен бе шалт емес? Мен сендер бес санаған-
ша ауланы екі айналып келемін, – деп орнынан
тұруға ұмтылған Ағанас аяғы бастырмай, ұмтыла
беріп қайта отырып қалған еді.
– Аяғым ұйып қалыпты. Қап, ұят болды-ау, –
деп Ағанас та, өзгелер де күлген де қойған. Ана
жүрегі баласының науқастаныңқырап жүргенін
сезсе керек.
– Ай, қайдам. Сенің қозғалысыңнан қорқам... –
деп күбірлеген күйі Ақілгек үнсіз қалды.
Ана көңіліне бұл күдік тегін кірмепті. Бір
жылдан кейін Ағанас жұмыстан ауырыңқырап
оралды. Үйіне келсе, Лизаның да қызуы қатты
көтеріліп, тұмауратып жатыр екен. Отағасының
ауырыңқырап тұрғанын байқағанымен, дене қы-
зуы көтеріліп, сөйлеуге шамасы әрең-әрең жетіп
жатқан Лиза:
– Басым сынып барады. Егер ренжімесең, шай-
ыңды өзің қойып іше сал. Асыңды даярлап, тоңа-
зытқышқа салып қойдым, – дейді.
Жарының халін көрген Ағанас өзі шай қойып
ішіп, жатып қалады. Осы тұмаудың аяғы Аға-
насты ауруханадан бір-ақ шығарды. Алдымен
суық тиген деп емдеп, Ағанас теміржолшылар
ауруханасында бір айға жуық жатады. Емдерінен
ешбір нәтиже шықпағасын дәрігерлер тұмаудың
асқынған түрі деп емдейді. Бұдан да ешбір нәти-
же болмайды. Тек кейінірек қана миының сол жақ
бөлігінің зақымдалғандығы анықталып, терапия
бөлімінен неврология бөліміне ауыстырылды.
Ағанас пен Лизаның жұбайлық өміріндегі тір-
шілік үшін күрес төрт жылға созылды. Ауыр нау-
қасқа шалдыққан жарын сүйрелеп Лизаның бар-
66
ИТЕҒҰЛОВА САЯ
маған жері, баспаған тауы жоқ. Қай жерде білікті
дәрігер, қай жерде білгір емші бар десе, сол жер-
ге апарады. Бірақ, Ағанастың көрер жарығы күн
сайын азайып, қимыл-әрекеті күн сайын бәсең-
деп, ауруы әбден меңдеп бара жатты.
Ағанас алғашында жұмыстан үшінші дәрежелі
мүгедек санатында босаса, кейін бірінші дәрежелі
мүгедекке айналды. Көзін тырнап ашқалы еңбекке
араласып, талай мақтау-мадақтауларға ие болған,
Еңбек ардагері медалімен марапатталған Ағанас
үшін жұмыстан қол үзіп отырып қалу ауыр соққы
болды. Оған қоса үлкен отбасының жалғыз ғана
асыраушысы өзі екенін бес саусағындай білетін
отағасын отбасының ендігі материалдық ахуалы
да алаңдатушы еді.
Жарының сарғайған жапырақтай солып бара
жатқан жүзіне қарап, Лизаның жүрегі қарс ай-
рылатын. «Аурудан аяған күштірек» деп халқы-
мыз тегін айтпаса керек. Ағанас төсек тартқан
төрт жыл ішінде Лиза қатты қартайып кетті. Са-
май шаштарына дейін тұтаса ағарып, бетіндегі
білінер-білінбес әжімдер тереңдеп, ауру жанына
батқан жолдасымен бірге шөге берді, шөге берді.
Қыстың ызғарлы суық кештерінің бірінде он
сегіз жасында өзіне серік етіп, отыз жыл бойы бір
ішшай деспеген қосағы, балаларының ардақты
әкесі, бауырларының арқа сүйер қорғаны, небір
қиыншылыққа мойымаған нар тұлға Ағанасы
өмірден өтті.
Дүлей тағдырдың не тосарынан хабарсыз Лиза
қанаты қатаймаған балапандарын бауырына ба-
сып, сұм жалғанмен жалғыз алысып қала берді.
АНА ТАҒДЫРЫ
Достарыңызбен бөлісу: |