АНА ТАҒДЫРЫ
93
Балалар, сендерге Қабыл ақсақалдан естіген
бір аңызымды айтып берейін бе? - деп сұраулы
жүзбен күлімдеп қарайды. Дәменов Қабыл ақ-
сақалды білмейтін бала жоқ. Ол кісі әңгіме, ертегі
айтудың хас шебері. Және өзі кітаптарда кездес-
пейтін, бұрын-соңды
адам естімеген аңыз-әң-
гімелерді жақсы біледі. Шуылдаған балалары-
ның тына қалғанын көрген әкеміз лезде әңгімесін
бастап кетеді:
Ерте, ерте, ертеде біздің осынау ұланғайыр кең
даламызда құралайын ерткен киік үйірлері өріп
жүріпті. Ол уақытта адамдар әртүрлі кәсіппен
айналысады екен. Бір адамдар егін егіп, мал бақ-
са, енді біреуі балық аулап, аң атып күнделікті та-
мағын тауыпты. Адамдар аңшылық, мергеншілік
тәрізді өнер түрлерін тек күн көріс үшін пайда-
ланады екен. Ішіп –
жеміне ғана қажетті аңын
аулағаны болмаса, сауық-сайран үшін жан-жану-
арларды қыруды обал санап, киесіне ұшыраудан
қорқыпты. Әсіресе киіктер лақтайтын уақытта
және жас төлдерін өргізетін кезде оларды аулауға
тыйым салады екен. Киіктердің лағын өргізетін
94
ИТЕҒҰЛОВА САЯ
уақыты қазіргі мамыр айының соңғы аптасына
сай келеді. Сол күндері қатты жел тұрып, соңы
кей жылдары бұрқасынға ұласады. Жергілікті
тұрғындар бұл желді «құралайдың желі»
деп те
атайды. Аналық киіктер осы қатты желде құра-
лайларын желге қарсы алғаш рет жүгіртеді екен.
Сонда құралайдың танауынан кірген жел кеуде
қуысын кеулеп өтіп, тұяғындағы тесіктен сыртқа
шығады-мыс. Осыдан кейін құралай желмен жа-
рысқан жүйрікке айналады екен.
Осы өңірде Боташ есімді құралайды көзінен
атқан мерген жігіт өмір сүріпті. Оның мергендігі
сонша аспанда ұшып бара жатқан құсты көздемей
атып, құлатып түсіреді екен. Онымен бәсекеге
түсетін, өнері одан асып түсетін мерген болмаған-
дықтан, ел арасындағы
жиын-тойларда жамбы
атуға тігілген бас бәйгені сайыссыз-ақ Боташқа
беретін болыпты. Осынша даңққа мастанған Бо-
таш саятшылық өнердің өз ішіндегі кей талапта-
рын бұзып, аңды күнкөріс үшін емес, ермек үшін
атуға көшіпті.
Бірде Боташ мерген ен далада зерігіп келе
жатып суат басында жусап жатқан бір үйір киік-
тің үстінен шығыпты. Топ киіктің ішінде бір ақ
шашты, ақ сақалды қария «Атқаныңды атып ала-
сың, атпағаныңды жаралы қыласың» деп, киік-
тердің жарасына темір қыздырып басып жүр екен.
Күбірлеп жүрген әлгі қарияға назар да бөлместен,
әлгі мерген бір семіз маралды көздеместен-ақ
атып жібереді. Сонда қария қатты ашуланып: «Ей,
ынсапсыз. Осыған дейін атқаның аз болды ма?
Шыққыр, Боташ, көзің шықсын», - деп қарғайды.
Сол жерде Боташтың екі көзі ағып түсіп, қос тө-
беге айналған екен.