1 Итеғұлова Сая Ағанасқызы Астана, 2015 2



Pdf көрінісі
бет18/39
Дата14.08.2023
өлшемі2,88 Mb.
#105266
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   39
ИТЕҒҰЛОВА САЯ
лапты мүлтіксіз атқаратын. Ал ол талап біреу ғана 
– оқуда озат болып, жоғары білім алу, мәртебелі 
мамандыққа қол жеткізу. 
Бір жылдан кейін жас шаңыраққа шырыл-
дап сәби келді. Бірақ, Айжан есімді нәресте бұл 
жалғанға көп тұрақтамай, екі айлық кезінде ға- 
йыптың құсындай пыр етіп ұшып кетті. 
Айжан екі айлық қана болғанымен аппақ болып 
торланып қалған еді. Саусақтары салалы, көздері 
ботаның көзіндей үлкен, қап-қара болатын. Бала 
бірнеше апта жөтеліп жүрген. Ал бір кеште қат-
ты қызулап, әне-міне дегенше жүріп кетеді. Әл-
дилеп емізіп отырған баласын орап алып, көтеріп 
әкеткенде Лизаның жаны да сәбиімен бірге кет-
кендей болды. «Бөбегімді соңғы сапарға аттан-
дыруға еріп барайын» дей алмады. Оған «Жүре 
ғой, барып топырақ салып, мауқыңды баса ғой» 
деген адам да болмады. Ағанастар қайтып келген-
де баланы қайда жерлегендерін сұрады. «Андағұл 
қорымында, бір жақын аталарымыздың бауырына 
салдық» дегенін ғана естіп, талықсып кетті. Есін 
жиғанда басының қатты ауырып жатқанын бай-
қады. Үйдің іші жым-жырт. Төргі бөлмеге қарап 
еді, қайын сіңлісі Қаншайым қабағын түйіп алып, 
үйді сыпырып жүр екен. «Е, соңынан ерген сіңлісі 
еді. Қайғысын сездірмейін дегені екен ғой. Мен 
де тұрып кешкі астың қамына кірісейін», – деп 
орнынан тұрмақшы болған. Бірақ, табанының 
астында жер төңкеріліп бара жатқандай сезіліп, 
төсекке қисая кетті. Өкініш пен өксік кеудесіне 
қорғасындай құйылып, езіп-жаншып барады.
Айжанның шетінеп кеткеніне Ақілгек пен 
Сейтім де қатты күйзелді. «Екі айлық шарана-
ның өкпесіне қайдан суық тиеді? Қызымыздың 
әлі жас, күйеу баламыздың жұмысбасты екенін 
білесің. Неге барып баласын бағыспадың? Сен 


АНА ТАҒДЫРЫ
55
кемпір осы күнұзаққа үйде не шаруа бітіресің?» – 
деп Сейтім ашуын Ақілгектен алады. 
– Мен қайтейін. Кеткен қыздың соңынан шеше-
сінің сүмеңдеп бара бергенін кім жақсы көрсін?! 
Елдің шымшыма әңгімесінен қаймықтым. Әйтпе-
се жалғызымды көрмей, бір күн шыдап отырады 
дермісің? Соның босағасында болдырып өлуге 
бармын, – деп Ақілгек кемсеңдеді. 
Сөйтіп, екі қария көптен күткен немерелерінің 
қазасынан қан жұтып жүргенде Лиза сүтімен тағы 
нәресте көтеріп, оны сегіз айлық етіп шала туады. 
Бірінші май мерекесі. Ертеңгілік мерекелік шеруге 
бармақшы болып тұрған Лиза ішінің төменгі жағы 
тартып тұрғанын сезген болатын. Бірақ, бұған 
мән бермей, қайын сіңлісі мен қайын інілерінің 
киімдерін кигізіп, мектептеріне шығарып салды. 
Артынша, толғағы шыдатпай бара жатқан соң, 
Ағанастан ауруханаға апаруын өтінеді. 
Мереке күні дүниеге келгендіктен баланың 
аты ешбір талассыз Мая деп қойылады. Баланың 
өмірге келгеніне үй ішіндегілер түгелдей қуанға-
нымен «Сәби бұл жарық дүниеде ұзақ тұрмайды» 
деп жорамалдаушылар көп болды.
Кешкі шай үстінде Ақілгек Сейтімге:
– Жеті айлық баланың жетіліп, адам болып кет-
кені көп, бірақ сегіз айлық баланың тұрып кетуі 
қиын – деп жайсыз бір әңгіменің ұшығын шығар-
ды.
– Сен кемпір не деп оттап отырсың?! – деп көз-
дерінен от шаша Ақілгекке жалт қарады Сейтім.
– Айы-күні жетіп, ақ сазандай торланып қалған 
Айжанымыздың өзіне суық тигізіп алғандары 
анау. Әлі балалығы қалмаған, оның үстіне бір үйлі 
жанның бар тірлігі бір өзіне қарап отырған қызы-
мыз шала туған нәрестені баға алар ма екен дей-
мін, – деді Ақілгек даусын бәсеңдетіп. Артынша:


56
ИТЕҒҰЛОВА САЯ
– Сен құдағайыңмен сөйлес. Екеуің «Сәке», 
«Сейтеке» деп жақсы сыйласасыңдар, саған қарсы 
шыға қоймас. «Бір баланы жер құшағына тапсыр-
дыңдар. Енді осы баланы менің құшағыма тапсыр. 
Мен сәби сүйіп, кеберсіген ернімді жібітейін» деп 
айт. Сенің сөзіңді тастамас, бетіңді қайтармас, – 
деп іштегі байламын ақтарып тастады.
Бұл байлам Сейтімнің де көптен көкейінде 
жүрген ой еді. Айжан шетінеп кеткен кезде-ақ, 
«Әттең, өзім бауырыма бассам бұлай болмас па 
еді» – деп өкініштен аһ ұрған болатын.
Маяны ауруханадан шығарып әкелген күні Сей-
тім мен Ақілгек қызының үйіне бірінші боп жетті. 
– Сәке, (құдағайының атын Сәлима деп тура 
атамай, осылайша сыйласып отыратын) неме-
реңіздің бауы берік болсын! Балаларыңыздың 
ортасында қаңғыр-күңгір тірлікпен құдамыз 
Кәдірханның жоқтығына мойымай өмір сүріп жа-
тырсыз. Біз Ілескеніміз тұрмысқа шықты дегенде, 
жас деп қимай қынжылсақ та, өсіп-өнген шаңы-
раққа барыпты деп батамызды берген едік, – деп 
әңгімені арыдан бастады. 
– Біздер Ақілгек екеуміз осы қызымыздың шол-
жаңдап жылаған даусымен таңды атырып, ойын- 
нан әбден шаршап құлаған сәтімен күнді батыр- 
ған адамдармыз. Бар тілеуіміз осы қарағымның 
амандығы болатын, – деп тамағын бір кенеп алды. 
Үй ішіндегілер тым-тырыс. Құдасының бір 
қолқа салғалы отырғанын Сәлима да сезді. Әйтсе 
де әліптің артын бағайын деп үнсіз отыр.
– Ана жолы өзіңнен «Аймырзаны менің тәр-
биеме бер, әкенің орнына әке болайын, жалғыз 
қызымнан артық көрмесем, кем көрмейін» деп 
өтініш қылғанымда келіскендей сыңай танытып, 
қол беріскенмен, артынша айнып қалып едің. 
«Жарайды, Жақайымның қаны, құдай қосқан 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   39




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет