1 Итеғұлова Сая Ағанасқызы Астана, 2015 2



Pdf көрінісі
бет23/39
Дата14.08.2023
өлшемі2,88 Mb.
#105266
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   39
ИТЕҒҰЛОВА САЯ
Лиза келіндерінің ішінен қайын інісі Жұ-
батқанның үйіндегі Маниғаны ерекше құрметтей-
тін. «Кісі алдары бар, әр нәрсенің ретін біледі» 
деп өзгелерге үлгі етіп отыратын. 
«Қызға қырық үйден тыю» дегенді өмірлік 
ұстанымына айналдырған Лиза қыздарының 
тәрбиесіне үлкен мән беріп, бала кезінен қатты 
қарады. Қыздары да биязы, білімді, тәрбиелі бо-
лып өсті. Қулық-сұмдықты білмейтін, қақ-соқты 
көрмеген, қылтың-жылтыңы жоқ балаларын мек-
тептегі ұстаздары да, ағайын-туғандары да, көр-
ші-көлем де үнемі мақтаушы еді. 
Бірде ата-аналар жиналысында сынып жетек-
шісі оқушылардың жасырын туған күн өткізген-
дерін айтты. Сол туған күнге Лизаның қызынан 
басқа қыздардың бәрі барған екен. Сынып жетек-
шісі қыздардың ата-аналарынан ондай отырыс- 
тарға жібермеуін сұрады. Үйіне қайтар жолда 
Лиза қызына: 
– Көкем, сен неге туған күн туралы маған еш-
теңе айтпадың? Неге менен барайын деп сұранба-
дың? – деген-ді. Қызы:
– Мен сұрансам да сен бәрібір жібермейтін едің 
ғой. Оның үстіне өзіме ұрысып тастайсың. Сон-
дықтан сенен сұрануға қорқам», – демесі бар ма? 
Қызының бұл жауабына Лиза айтарлықтай мән 
бермеді. Бірақ, ақуыз балапандарының қанаттары 
қатайып, үлкен өмірге құлаш сермеген сәттерін-
де көп қиыншылықтарға тап болғанын көріп ана 
жүрегі қатты сыздайтын.
– Мен балаларымды адал, аңғал, кісіге сенгіш 
етіп тәрбиелеппін. Мұным қате екен. Өмірде зы-
миян ене, тұрлаусыз жар да болады. Сондайлар-
дан сақтаныңдар. Кей адамдардың сөзі басқа, ісі 
басқа болады. Кісіге сене бермеңдер, – деп үйрет-
пеппін деп өкінген сәттері де болды.


АНА ТАҒДЫРЫ
71
Ағанас қайтыс болатын жылы кенже қызы 
Сайра мектеп бітірді. Мектепті медальмен бітір-
гелі отыр, оның үстіне қазақ тілі мен әдебиеті 
пәні бойынша облыстық олимпиададан бірінші 
орын алып, Ақтөбе педагогикалық институтының 
филология факультетіне оқуға емтихансыз қабыл-
данатын болып келген. Бірақ, әкесінің мүшкіл 
халін көріп отырған қызы оқуға барудан бас 
тартты. Қызының бұл шешімін Лиза да амалдың 
жоқтығынан құптаған. 
Күн сенбі болатын. Қазақ мемлекеттік политех-
никалық институтын бітіріп, Шилісай фосфорид 
кен орнында мамандығы бойынша қызмет етіп 
жүрген Жанна жақсы хабармен келді. «Жақында 
бөлім бастығы етіп ауыстырды, ал кеше бір бөл-
мелі пәтердің кілтін берді,» – деп өз жетістігімен 
қуана бөлісті. 
– Көрдің бе, Сайра? «Оқығанның наны бір 
бөлек, оқымағанның наны бір бөлек» деп әжем 
дұрыс айтқан. Сен оқуға қайда баратын болдың? 
– деді. Ал сіңлісі болса:
– Мен осы Шалқардағы СПТУ-ға бара салам. 
Қызыл дипломмен бітірсем, сонда сабақ беруге 
қалдырады екен. Сосын сырттай оқуға түсермін, 
– деп жайбырақат отыр. 
– Ия, ия, солай ететін болды, – деді Лиза да 
құптап. 
Жанна үнсіз қалды. Бір аптадан кейін әлі 
кіріп үлгермеген үйінің кілтін тапсырып, отбасы 
жағдайы бойынша жұмыстан шығуға арыз жазып, 
Шалқарға қайта оралды. Шалқарға келіп, маман-
дығы бойынша қызмет табылмағандықтан үшін-
ші дәрежелі монтер болып қара жұмыс жасауға 
келісімін берді.
Ағанас өмірден озған сәтте Мая мен Гүлмира 
ғана аяқтанған болатын. Ағанас күйеу балала-


72
ИТЕҒҰЛОВА САЯ
рынан Жанкелді мен Сағынғалиды, немерелері-
нен Азамат, Жанмедет, Назерке мен Әділетті ғана 
көріп кетті. 
Жанына Шалқарда Маясы демеу болып, бала-
ларына Ақтөбеде Гүлмирасы бас-көз болып, Лиза 
тағдырдың ақ түтек боранына мойымай қарсы 
тұра алды. Жаннаның қолына келіп, нанын жегізіп 
жүргені Лизаға үлкен медеу болды. «Жыртық үй-
дің де Құдайы бар» дегендей, қалған балалары да 
білімділіктерін танытып, анасына ауыртпалықта-
рын салмай оқып жүр. Бибігүл мен Жанболат – 
медициналық институттың студенттері. Сайра да 
Жанна тәтесінің арқасында оқуына кеткен бола-
тын.
Сол бір қиын кездерден де өтті-ау. Балаңның 
даярлап берген асыңды ішіп, алып берген киіміңді 
киіп, көзіңнің алдында жүрген сәті аса бір тәтті 
әрі уайым-қайғысыз шақ екен. Балалары бір-бір 
мамандық иесі атанып, елге сыйлы қызмет етіп 
жүргендеріне ана көңілі марқайғанымен, олардың 
тағдырдан теперіш көргендерін байқап, жаны 
жараланып, жүрегі сыздайды. Баланы дүниеге 
әкелгенімен олардың бақытын бірге әкеле алмайтын-
дығын ұғынған сайын дәрменсіздігіне налиды. Осын-
дай сәттерде Лиза өткен өмірін еріксіз есіне алатын.
Қайын ағасы Серғазының көзі тірі кезі. Лиза бір 
топ әріптестерімен жұмысынан шығып, үйіне ба-
ратын жолға қарай бұрыла берген. Қарсы алдынан 
ағасының қара волгасы жарқ ете қалды. Ол кезде 
елде машина жоқтың қасы. «Волга» машинасына 
мінбек тұрмақ жақыннан көрудің өзі қарапайым 
халыққа арман кез. Балалығы басылмаған Лиза 
бір жағы қасындағы әріптестерінен қысылып, бір 
жағы қайын ағасынан ұялып, «Көрмей кетіп қал-
са игі еді» деген оймен жерге қарай еңкейіп, аяқ 
киімін шұқылай берген.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   39




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет