1 Итеғұлова Сая Ағанасқызы Астана, 2015 2



Pdf көрінісі
бет12/39
Дата14.08.2023
өлшемі2,88 Mb.
#105266
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   39
АНА ТАҒДЫРЫ
35
Қатира Ленинградқа аман-есен жеткеннен ке-
йін бір құлаш етіп хат жазып, бірталай сыйлықтар 
беріп жіберіпті. Ішінде осы барқыт жапқыш та 
бар. Қолынан іс келетін Ақілгек екі шетіне кес- 
телеп ою салып еді, тіпті құлпырып шыға келді. 
Шынымен-ақ көздің жауын алады.
Барқыт жапқыштың үстінен төрт құс жастық 
орын алыпты. Екі жастық бос тасталып, ал бос 
тасталған жастықтардың үстіне үш құлақтана қос 
жастықтан қоныпты. Жастықтардың беті үлбіре-
ген ақ шілтермен жабылған. Керуетке жалғаса 
киім ілетін үлкен қара жәшік орналасқан. 
Шаңырақты тіреп, ортада адалбақан тұр. Мұн-
да домбыра мен күміс әбзелдер ілінген. Төргі 
бөлмедегі қос терезенің бірінің алдында Сейітмұ-
хамбеттің қара қобдишасы, екіншісінің алдында 
Ақілгектің тігін машинасы тұр. Жерде оюлап ба-
сылған ақ текемет жайылған. 
Ақілгек осы төргі бөлмеде күйбеңдеп шаруа 
жасап жүрген. Сықырлауық есіктің ашылғаны 
сезіліп, артынша отағасының біреумен сөйлес- 
кен даусы шықты. Жылдам басып ауыз үйге қа-
рай беттеген Ақілгек жарма пештің алдына келіп, 
қатып тұрды да қалды. Қарсы алдында күлімдей 
қарап жасы отыз бес – қырықтар шамасындағы
ер адам тұр. Сондай таныс әрі бейтаныс бейнеге 
қарап қалшиып қалған Ақілгектің жүзі тірі аруақ 
тәрізденіп қуарып кетті. Тек аспан түстес көгіл-
дір көздерінен үздіксіз ағылған мөлдір тамшылар 
ғана иесінің тірлігінен хабар бергендей. 
Ұзын бойлы, аздап толқынданған қоңыр 
шаштарын кері қайырған, қой көзді ақсары жігіт 
те Ақілгекке не жақындарын білмей, не жақын-
дамасын білмей, бір сәт кібіртіктеп, кідіріңкіреп 


36
ИТЕҒҰЛОВА САЯ
тұрып қалған еді. Кенет қатты дауыл ығыстыра жө-
нелгендей бір жойқын күшпен алдыға ұмтылып, 
Ақілгекті қарулы қолдарымен қапсыра құшақтап 
алды. Құшағын сәл ғана босатса, алдындағы бей-
неден айрылып қалатындай...
Ақілгек алғашында тосырқап қалған. Бірақ, бұл 
жігіттің кім екенін дөп басып айта алмағанымен, 
ішкі түйсігімен бөтен адам еместігін сезеді. Са-
на-сезімі бейтаныс адамды өгейсімей қабылдауда. 
Ия, таныс дауыс, таныс сұлба, таныс иіс. Жанына 
сондай жақын иіс. Бұл құшақ, бұл дауыс, бұл иіс 
Ақілгекті соонау артта қалған бақытты балалығы-
на бір-ақ сәтте апарғандай болды. 
Ақілгек Төленбайдан екі елі қалмай, үнемі 
тіркесіп бірге жүретін. Араларының үш-ақ жыл 
екеніне қарамастан ол әрқашан ағалық қамқор-
лығын танытушы еді. Ақілгектің Төленбайдың 
соңынан ермейтін бір-ақ сәті бар. Ол Төленбай-
дың оқуға баратын кезі. Әкесі Жадырасын ауыл 
сыртынан бір үйді бөліп, сол жерден балаларға 
мектеп аштырған. Мұғалім жігітті де қаладан 
алдыртқан болатын. Ақілгек Төленбаймен бірге 
мектепке барғысы келіп, қанша өтінсе де, ата-ана-
сы жібермейтін. 
Бір күні анасы Ақілгекті таңсәріден оятты. 
Ақілгек бала болып бір шолжаңдауды білмей-
тін, аса тілалғыш сәби болатын. Құманда құюлы 
тұрған жылы сумен жуынып-шайынып келіп
дастархан басына жайғасты. Анасы дастархан 
жайып, сары бауырсақты төгіп тастапты. Бір
тостақанда жылқының майына мейіз араласты-
рып шылаған жент тұр. Бір тостақанға қаймақты, 
енді бір жерге құрт пен ірімшікті қойыпты. Ақіл-
гек тары салып шай ішкенді, жібіген тарыға жаңа 


АНА ТАҒДЫРЫ
37
ғана сүттің бетінен алынған қаймақты қосып же-
генді ұнатады. Төленбай ер бала болғандықтан 
ба тамақ талғамайтын, ал Ақілгек ондай емес. 
Өзі тамаққа таты, сүйген асының өзін кішкентай 
торғайларға ұқсап шұқылап қана отырғаны.
Анасы сандықтың үстінен Ақілгектің қосе-
тек қызыл көйлегін алып кигізді. Өзі өте көңілді. 
Ыңылдап ән салып жүріп, қызының шашын қос 
бұрым етіп өрді. Үкілі тақиясын, сырмақ кеуде-
шесін кигізіп, өз қолымен жетелеп әкеліп мұғалім 
жігітке тапсырды. Төленбаймен бірге мектепте 
оқитынын сезген Ақілгектің көктен іздегені жер-
ден табылған. Қуанышында шек жоқ. 
Бірақ қуанышы ұзаққа созылмады. Алдымен 
әкесін, кейін анасын тұтқындап әкетіп, «балапан 
басына, тұрымтай тұсына» кеткен заман туды. Бір 
жолы мұғалім жігіт «А» әрпін дұрыс жазғаны үшін 
кездеме мата берген болатын. «А» әрпі де, кезде-
ме мата да Ақілгектің балаң санасында өшпестей 
болып жатталып қалды. Тағдыр тауқыметі иығы-
на ерте түскен Ақілгек осы әріптен басқа хат тани 
алған жоқ, өзге адамнан өмірінде алған алғашқы 
да соңғы да сыйлығы болып сол бір кездеме қала 
берді. Үш жетімнің маңдайынан сипар, көкірек 
сарайы ояу мұғалім жігітті де әскери киінген үш 
адам жетелеп әкеткен...
– Жаратқан-ау, Төленбаймысың? – деген Ақіл-
гектің даусы тұншығып естілді.Төленбайда жауап 
жоқ. Тек басын изей береді, изей береді... 
Лезде қазанға ет салынып, дастарқанның үсті 
жылы-жұмсаққа толып кетті. Қашаннан дастарқа-
ны мол үй бүгінгідей ақ түйенің қарны жарылған 
күні неден аянып қалсын?! Әлгінде сойылған қой-
дың ішек-қарнынан жасалған қуырдақ та келіп 


38


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   39




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет