АНА ТАҒДЫРЫ
45
мек еді. Көкірегіне беріш боп қатқан өкініш көзі-
нен аққан тамшының ащы дәмімен араласып, он-
сыз да жаралы жанын одан әрмен күйдіретін. Бұл
жолғы жас соншалықты ашытпады. Қуаныштың
жасы болғандықтан ба, дәмі де кермек емес екен...
Осы оқиғадан кейін көп уақыт өте қойған жоқ.
Сықырлаған қыс кетіп, көктем лебі сезіліп қалған
шақ. Қоржынды үйдің ауыз бөлмесінде ертеңнен
кешке дейін үздіксіз ойнап тұратын радио бүгін
дыбыссыз. Бөлменің еденіне қара қағаз төселген.
Қара қағаздың үстіне қошқар мүйіз қызыл ою ба-
сылған тілдей қара текемет жатыр. Мұны Лизаның
аяғына сыз өтпесін деп, осы жерге өлшеп Ақіл-
гектің өзі қолдан басқан болатын. Үйдің бір қабы-
рғасын жарма пеш алып тұр. Көктем келгенімен
қыстың ызғары әлі кете қоймаған-ды. Қыс-
тағыдай шелектеп көмір жақпағанымен, астыңғы
жағына малдың тапайларын қалап, үстіне жаңқа-
ланып шабылған ағаштарды төсеп, Ақілгек жарма
пешті жағуға кірісті. От тамызықтап жана баста-
ды. Пештің астыңғы қақпағын ашып, отты көсеп-
көсеп жіберген Ақілгек түскі ас даярлауға кірісті.
Пешке жапсарластырып,
бөлмені ұзына бой-
лай сәкі құрылған. Сәкінің қақ ортасында шаңы-
рақты тіреп төргі бөлмедегі тәрізді адалбақан тұр.
Сәкінің үстіне ақ текемет төселіп, дөңгелек үстел-
ше қойылыпты. Үстелшені айналдыра, «п» әрпі
тәріздендіріп құрақ көрпелер жайылған. Шын-
таққа жастансын деп екі мақта жастық тасталып-
ты.
Сәкінің пешке жақын жағына шай көрпе
төселіпті. Жермай құйылған примус та, ақ құман
мен батсайы қызыл кеселер қойылған күміс пад-
нос та сол жерде тұр. Төрге арқардың қос мүй-
46
ИТЕҒҰЛОВА САЯ
ізін айқастыра орналастырған жасыл киім ілгіш
қағылыпты. Бұл бір жағынан үйге кірген адамның
назарын өзіне аудартып, әшекей бұйымның қыз-
метін атқарса, екінші жағынан Сейтімнің түлкі
тымағын кептіріп, иесінің қажетін өтейді. Сәкінің
жоғарғы жағына кісі
белі етіп айналдыра алаша
ілініпті. Мұны да Лиза арқасын сүйеп отырғанда
салқын өтпесін деп Ақілгектің өзі тоқыған.
Лизаның сабақтан келетін уақыты таяп қалған.
Бір кезде даладан жылап келе жатқан қыздарының
даусы естілді. Шүйкімдей шөңгенің өзін «жалғыз
қызымның табанына кіргенше менің маңдайыма
қадалсын» деп тілейтін ана сорлы табалдырықтан
сүріне-қабына сыртқа ұмтылған. Бірақ Лиза
оған қарамастан үйге жылап кірген бойы төрдегі
жайылған көрпеге барып құлай кетті.
Ұстаханада көрігін соғып отырған Сейітмұ-
хамбет те тосын дауысты естіп,
бар шаруасын
тастай сала үйіне кірген болатын. Келе сала қы-
зын бауырына алып, не болғанын сұрады.
Лиза жалғыз қыз болып, бұла өсіп келеді. Міне-
зі әкесіне тартқан, бірбеткей, адуынды,
қолдары
қарулы. Ауыл аймақтың ересектеу ер балалары-
ның өзі оның жұдырықтаса кететін мінезінен қай-
мығып, сөз таластыруға тайсақтайтын. «Әлде,
ересектеу бір баламен жұлқысып, әлгінің қолы
батып кетті ме екен?» – деп
Ақілгек те бәйек бо-
лып жатыр.
Жылап отырған Лиза дайын тұрған дастарқан-
ды көріп, жұлып алғандай: «Ұлы көсеміміз Ста-
лин жолдас өмірден озып жатқанда сендер қалай
тамақ ішкелі отырсыңдар?!» – демесі бар ма. Ақіл-
гек пен Сейітмұхамбет мән-жайды енді түсінді.
Сталиннің қайтыс болуына байланысты елде қа-