1 Итеғұлова Сая Ағанасқызы Астана, 2015 2



Pdf көрінісі
бет10/39
Дата14.08.2023
өлшемі2,88 Mb.
#105266
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   39
Байланысты:
(pdf) Ана тағдыры (Сая Ағанасқызы)

АНА ТАҒДЫРЫ
29
алдынан шығып, молданы есегінен жұлып алып, 
шыбықпен сабап-сабап, есегіне теріс мінгізіп қоя 
беріпті. Осындай әрекетке баруын барғанмен, бұл 
ісі әкесінің құлағына тисе оңдырмасын білетін 
Сейітмұхамбет келесі күні молданың сабағына 
зорға келеді. «Батырға да жан керек дегендей» 
молдадан қаймығып, жан-жағына жалтақ-жалтақ 
қарай берсе керек. Баланың бұл кескінін көрген 
молда мырс етіп бір күліпті де қойыпты. 
Молданың осы қылығы Сейітмұхамбетке кісіге 
кек сақтамауды үйретті. Сейітмұхамбет үнемі жа-
нынан таяқ тастамайтын. 
«Сейтеке, таяқ ұстайтындай қарт емессің. Осы 
таяқты неге тастамайсың» деген құрдастарына: 
«Мен кілең жаудың ортасында бір өзім отыр-
мын (ондағысы Тілеу-Қабақтардың ортасындағы 
бір үй ғана Жаңғылышпын дегені). Қолымнан 
таяғым түссе, тап береді» – деп күлетін. Сейіт-
мұхамбеттің бұл сөзін көршілері де кек тұтпайды. 
Ағаш қасық, ожау, нан тақтай, оқтау тәрізді ошақ 
басына қажетті бұйымдардың елде қат кезі. Қажет 
дүниесін жасап беретін ұстаны кім жек көрсін? 
Ауылдың небір кербез келіншектеріне дейін Се- 
йітмұхамбетті көргенде көз жанарлары жарқ етіп, 
өзгеріп сала беретін. Ал сылқымдығымен аты 
шыққан бірер бәйбішенің Сейтекеңнің ұстахана-
сына келгіштеймін деп отағасыларынан қамшы 
жеген кездері де болып қалып жүрді.
Сейтім ұстаның ұстаханасы әрдайым ашық 
тұратын. Осы көшенің жоғарғы жағына ел ара-
сынан тері-терсек алатын, өңделмеген шикізат 
жинайтын ел аузында «терісклад» деп аталған 
мекеме орналасқан. Сол мекеменің бастығы 
Көпенов Үмбет, есепшісі Бегимов Қыдыр деген 


30
ИТЕҒҰЛОВА САЯ
азаматтар Сейтім ұстамен тез тіл табысып, кейін 
дос-жар адамдарға айналды. Әсіресе үйі шойын 
жолдың арғы бетінде орналасқан Үмбет Ақіл-
гектің тұздап, сорықтырып, пештің ішіне ыстап 
асқан етін жеп отырып, Сейтекеңмен әңгіме-дү-
кен құрғанды ұнататын. Үмбеттің Сүлеймен, 
Лиза, Зина, Гүлнар, Әбілбәкір есімді ұл-қыздары 
бар. Әсіресе осы Әбілбәкірін Ақілгек пен Сейтім 
бауырларына тартады. Ол да кімнің баласысың 
дегендерге «Сейтімнің баласымын» деп жауап бе-
ретін. Ал Үмбеттің Лиза есімді қызы Сейтекеңнің 
Лизасымен тай-құлындай тебісіп бірге өсті.
Үмбетті Сейтім де ерекше қадірлейтін. Әт-
тең, әйелі Сарқыттың қазасын көтере алмады ма, 
болмаса жазмыш солай ма, Үмекең өмірден ерте 
өтті. Сарқыт атына заты сай, салт – дәстүрді ерек-
ше ұстанатын, кісінің ала жібін аттамайтын, иман 
жүзді әйел болатын. Ақілгекпен туған абысынын-
дай сырласатын. 41 жасында артына үйелмелі 
– сүйелмелі тоғыз баласын қалдырып, бақилық 
болды. Көп ұзамай ол дүниеге Үмбет те аттанды. 
Сейітмұхамбет пен Ақілгек Шалқар топырағы-
на қоныстанып алысымен, бұл жақтағы ағайын-
дарын іздей бастады. Жаңғылыштар негізінен 
Жаңақоныс ауылында мол шоғырланған екен. 
Олар да ерулікке шақырып, шаңырақ көрсетіп, 
жандары қалмай бәйек болып қабылдайды. Осын-
дай отырыстардың бірінде үй иесінің ықыласына 
риза болған Сейітмұхамбет:
- Мына қойдың етінің дәмдісін-ай. Бал-құрақ 
жеп өскен бағлан қозының етіндей балбырап тұр 
екен. Жастау кезімде мұндай дәмді етті өзгелердің 
қолын табаққа бір мәрте де салдыртпастан бір 
өзім тауысатынмын, - дейді мақтауын асырып. 


АНА ТАҒДЫРЫ
31
Жаңа табысып отырған туысын сынағысы келді 
ме, әлде нағашысын ұрымтал тұстан қағытып қа-
лайын деді ме, отырған жиен жігіттердің біреуі: 
«Нағашы жездем темір-терсектің ұстасы ма де-
сем, өтірік сөз, бос мақтаныштың да ұстасы екен 
ғой», – деп қалады. Қашаннан намысқой Сейітмұ-
хамбеттің бұл әзіл шымбайына қатты тиеді. Дереу 
әлгі жігітпен бір бұзаулы сиырға бәстесе кетеді. 
Лезде бір қой сойылып, оның еті қара қазанға 
асылады. Ортада Сейітмұхамбет отыр. Алдын-
да тау болып үйілген бір табақ ет. Не керек, сол 
қойдың етін түгел тауысып, Сейітмұхамбет пен 
Ақілгек жолға шығады. Ақілгекті ат арбаға отыр- 
ғызып, қасқыр ішігін жаурамасын деп үстіне 
орап, Сейтмұхамбет атты шылбырынан жетелеп, 
жаяулатып жолға түседі. Уәделескен бұзаулы 
сиырды жаз шыға жеткізбекші болып әлгі жігіт 
қала береді. Абырой болғанда, уақыт қыс мезгілі 
болғандықтан, Сейітмұхамбет желінген қойдың 
етін бойына тез сіңіреді. ««Өлімнен ұят күшті» 
деп жегеніммен, кейін қатты қиналдым, жаз айы 
болғанда мұндай етті асқазаным қорытпас еді, 
аман қалмас та едім» - деп, Сейітмұхамбет бұл 
әрекетін кейініректе бас шайқап еске алатын. 
Абырой болғанда сол түн борансыз, ашық бола-
ды. Сарышұнақ аяз бетті шымырлатады. Сол түні 
Сейітмұхамбет киімшең күйінде аулаға түнейді. 
Ертеңгісін оянғанда терге малынып жатыр екен. 
Маңдайын саусағымен сипағында алақаны аппақ 
майға шыланады... 
«Қолы білген құм үстінен кеме жүргізер» дейді 
халқымыз. Сейітмұхамбет те аз уақытта шаруа-
сын дөңгелетіп, үйлі-жайлы болып алды. Бір күні 
жас шамасы жағынан Сейітмұхамбеттен азғана 


32


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   39




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет