1 Итеғұлова Сая Ағанасқызы Астана, 2015 2



Pdf көрінісі
бет13/39
Дата14.08.2023
өлшемі2,88 Mb.
#105266
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   39
ИТЕҒҰЛОВА САЯ
жетті. Ақілгек құстай ұшып жүр. Аяғы аяғына 
тимейді. «Қуанған мен қорыққан бір» деген рас 
екен, бойының дірілі әлі де басыла қоймаған. Осы 
жерге көшіп келгелі екі үйдің біріндей болып қа-
тысып отырған Әбдікәрім мен әйелі Нәзираны, 
Ермекбай мен оның әйелі Айбаланы ғана шақыр-
тып алған. Қалған жекжат-жұрағат, көрші-көлемге 
білдіртуге әбден шайлығып қалған жүрек қорқа-
соқтап тұр.
Төленбай әкесі тәрізді сөзге шебер, ақкөңіл, 
жайдары жан болып өсіпті. Сонау жылғы кеме-
дегі оқиғадан соң екі қарындасын тірі көрем де-
ген үміті үзілген екен. Сейітмұхамбет іздеу салып 
жүр деген хабар келгенде «Өткенімді мойында-
сам ба екен, мойындамасам ба екен?» деп ұзақ 
ойланыпты. Бір жағы қарындасына деген сағы-
нышы өзегін өртесе, таразының екінші басына 
«арандатушылардың жасап отырған ісі емес пе?» 
деген күдік орнығып, шайлығып қалған жүрегін 
жаншыса керек. 
Әкесінің жолдасы Төленбайды «әке-шешесі 
шаруа адамдар, өз ажалдарынан қайтыс болған, 
тұлдыр жетім» деп жаздыртып, Шалқар қаласын-
дағы балалар үйіне орналастырыпты. Осы бала-
лар үйінде төрт класты үздік аяқтағаннан кейін 
оны Талдықорған қаласындағы комбайншыларды 
даярлайтын тоғыз айлық облыстық мектепке жі-
береді.
Бұл мектепті бітіргеннен кейін екі жылдай Тал-
дықорған МТС-ында комбайнер болып жұмыс жа-
сап, еңбек нормасын артығымен орындағаны үшін 
бірнеше мәрте ақшалай-заттай сыйлықтармен ма-
рапатталған көрінеді. «Талдықорған облысы жері 
шұрайлы, табиғаты жайлы өлке болғанымен ар-


АНА ТАҒДЫРЫ
39
тымда ата-анам тосып тұрғандай Шалқарға қарай 
тартатын да тұратын», – деп сөзін жалғаған Төлен-
бай, – Сенімен осы топырақта жүздесетінімді сез-
ген болуым керек» – деп көзін бір сипап қойды. 
«Қандыағаш-Гурьев теміржол құрылысына жұ-
мысшыларды алып жатыр» деген хабар құлағына 
тиісімен, Төленбай «елге жақын екен» деген ой-
мен сол жаққа қарай тартып кетеді. Үш айлық 
шоферлар курсын бітіріп, сол құрылыс орнында 
шофер болып қызмет атқарады. 
Білімге деген құштарлық ана сүті арқылы 
берілген Төленбай өзінің қара жұмыстың адамы 
еместігін сезгенімен, алға ұмтылуға әлдекім өткен 
өмірін қазбалай ма деп, қорқасоқтап жүреді екен. 
Бір күні комсомол комитетінің хатшысы шақырып 
алып: «Елімізге сен сияқты жігерлі жастар керек. 
Сенде тыңдаған адамды ұйытып әкететін қабілет 
бар. Сол қабілетіңді дамыт. Ұстаз бол. Жастарға 
білім бер!» – деп ұсыныс айтады. Көктен іздегені 
жерден табылған Төленбай сол сәтте-ақ қуана 
келісімін беріп, Ақтөбе қаласындағы оқытушы-
лар институтының екі жылдық дайындық курсы-
на құжаттарын тапсыруға аттанады. 
Дайындық курсын үздік бітірген Төленбай 
институттың тарих факультетінің бірінші кур-
сына қабылданып, білім атты теңізге енді құлаш 
ұрамын деген сәтінде, 1939 жылдың жиырма ал-
тыншы қарашасында, Совет Армиясы қатары-
на шақырылады. 1941 жылдың жиырма бірінші 
шілдесіне дейін Горьков атындағы бірінші әскери 
автокөлік училищесінде оқып, лейтенант шенінде 
майданға аттанады.
Ағасының бұдан арғы әңгімесін Ақілгек құд-
ды бір батырлар жырын тыңдағандай тыңдады. 


40
ИТЕҒҰЛОВА САЯ
Төленбай Фин соғысында көрген қиыншылықта-
рын, неміс басқыншыларымен болған сұрапыл 
ұрыстарды, одан қалды Жапон соғысында көрген 
қанды қырғынын баяндап отыр. Үй ішіндегілер 
Төленбайдың әңгімесіне түгел ұйып қалған. Тіпті 
алдындағы астың да суыңқырап қалғанын байқар 
емес. Осы қанды қырғынның ішінен аман оралған 
ағасының ерлік істеріне сүйсінген Ақілгек: 
– Енді сені халық жауының ұрпағы деп кім қа-
ралай алар екен?! Әке-шешемізге тағылған жала-
ны сен қаныңмен жудың, сен қаныңмен жудың, – 
деп күбірлей береді.
– «Майданға аттанасың» деген хабарды есті-
генде бойымды аздап үрей биледі. Менің де, қа-
сымдағы жігіттердің де көңілдерінде «Майданға 
қандай әскердің құрамында кіреміз?» деген бір-ақ 
сұрақ тұрды. «Жаяу әскердің құрамына түссем, 
тірі оралуыма деген мүмкіндік көптеу болар» 
деп ойлағам. Бірақ мен Карел-фин майданына 
автокөлік взводының командирі шенінде кірдім, 
– деп майдандағы күндерінің алғашқы сәттері ту-
ралы әңгімесін бастап кетті. 
– Соғыстың алғашқы күндерінде-ақ жанымда 
жүрген жолдастарым баудай қырылып жатты. Ба-
сында өлген, жараланған майдандастарымызды 
көріп жанымыз ауыратын. Кейін етіміз үйреніп 
кетті. Оқ-дәрілердің жетіспейтіндігі де, сұрапыл 
қырғын да жасытпайтын болды. Қайта әрбір қай-
тыс болған жауынгерді көрген сайын кеудемізге 
жауға деген ыза мен кек толып, аурудың не екенін 
сезбей қалушы ек, – деген Төленбайдың сөзіне 
отырғандар бір күрсініп қойды.
– Бірнеше мәрте жау қоршауында қалған 
кезіміз болды. Екі рет қоршауды өз күшімізбен 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   39




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет