1. Жаһандық перспективадағы білім беру



бет23/27
Дата27.02.2023
өлшемі60,69 Kb.
#70089
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   27

Жұмысбастылык - еңбек нарығының басты мәселелерiнiң бiрi. Тұрғындар жұмысбастылығы дегеніміз – азаматтардың ҚР конституциясына , зандары мен өзге де нормативтік құқықтық актілерге қайшы келмейтін жеке қажеттіліктерін қанағаттандыруға байланысты және оларға табыс немесе кiрiс әкелетін қызметі деп , ҚР жұмыспен қамту туралы заңында атап көрсетілген . Жұмысбастылық саясатының сұрақтарын анықтап алу үшін жұмысбастылықтың әлеуметтік және экономикалық тұрғыдағы мәнін аныктап алу керек . Экономикалық тұрғыдан жұмысбастылық - тұрғындардың қоғамдық немесе өнiмдi ұлттық табысты ендiрудегi қызметі , ал қоғамдық өндірісте жұмыс істеуге жарамды немесе ынталы адамдарға жұмыс тауып беру жаппай жұмысбастылыққа алып келеді . Әлеуметтік тұрғыдан , жұмысбастылықтың мынандай түрлері бар : жалры бiлiм беретiн арнайы оқу орындарында оку , әскер қатарындағы қызметі , үй шаруашылығы , балаларды тәрбиелеу , қарттар мен ауруларды бағып - қағу , қоғамдық ұйымдардың жұмысына қатысу . Қоғамның дамуы тұрғысынан алғанда қоғамдақ ендiрiстегi жұмысбастылық негiзгi болып табылады . Ол қоғамның экономикалық потенциалымен қатар , тұтастай тұрғындардың өмір сапасы мен денгейін және жеке азаматтардың жақсы тұрмысын сипаттайды .

Экономика Секторы – экономикалық мақсаттары, атқарымы, қылығы ұқсас институттық резидент-бірліктердің жиынтығы. Э. с. экон. жүйенің мына белгілері бойынша құрылымданады: меншік нысаны бойынша – мемл. муниципалдық, жекеше Э. с.; өндірістің көлемі бойынша – ірі (корпоративтік), орта және шағын Э. с.; инвестиц. қызметтің бағытталуы бойынша – нақты, қаржылық Э. с.; салалар бойынша – өнеркәсіптік, банкілік, тұрғын үй-коммуналдық, т.б. Мемл. Э. с. – жер, жер қойнауы, орман және басқа табиғи ресурстар, мемл. меншіктегі зияткерлік меншік нысандары мен оған берілген құқықтар; шаруашылықты жүргізу немесе оралымды басқару құқығына негізделген мемл. біртұтас кәсіпорындарға, мемл. мекемелерге бекітіліп берілген мемл. мүлік, елдің мемл. қазынасы, сондай-ақ мемлекеттің коммерц. ұйымдарға қатысуынан туындайтын мүліктік құқықтары жатады. Мемл. Э. с-ның дамуын мемл. кәсіпорындар өндірісі көлемінің жалпы ұлттық өнімнің жалпы көлеміндегі үлесі сияқты көрсеткіш айқындайды. Бейкорпоративтік Э. с. – бейкорпоративтік (яғни акцион. қоғамдарға жатпайтын) кәсіпорындар секторы – жеке сектор, шағын бизнес, т.б.; халық ш-нда кәсіпорындарды топтастыруда (“меншік нысаны” өлшемі бойынша) пайданылады. Жеке меншік Э. с. – жеке тұлғалардың меншігіндегі бизнес. Э. с-дың бұл түрі кәсіпкердің жеке және мүліктік жауапкершілігіне, шаруашылықты жүргізудің неғұрлым күрделі жағдайларына орай кәсіпкерлік қабілетті ашуға көбірек бағдарланған. Жеке меншік Э. с-нда ұйымдар негізгі үш нысан: жеке дара иелену, серіктес және корпорация нысандары бойынша бөлінеді.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   27




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет