1. «Жаңартылған мазмұндағы қазақ тілін оқыту әдістемесі» ғылым және оқу пәні ретінде Қарастырылатын сұрақтар: «Жаңартылған мазмұндағы қазақ тілін оқыту әдістемесі»



бет14/21
Дата21.01.2023
өлшемі157,11 Kb.
#62199
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   21
Байланысты:
дәріс ЖҚТОӘ (1)

Тапсырмалар мен сұрақтар

  1. Сөздің морфемалық құрамы деген не?

  2. Бастауыш сыныптарда сөз құрамын оқытудың міндеттерін ата.

  3. Сөздің морфемалық құрамын оқыту әдістемесі нені қамтиды?

10. Дәріс тақырыбы: Морфологияны оқыту әдістемесі


Қарастырылатын сұрақтар:
1. Бастауыш сыныптарда граммматиканы (морфология, синтаксис) оқытудың ғылыми негіздері
2. Сөз таптарын оқыту әдіс-тәсілдері
3. Сөз таптарын оқыту барысындағы тіл дамыту жұмысы
«Қазақ тілі» оқулығында берілген грамматикалық терминдер мен анықтамалардың бәрі абстракты түрдегі ұғым екендігі белгілі, егер оны нақтыламаса, бастауыш сынып оқушысы ешбір түсінбестен, оқулықтағы күйінде жаттап алуы мүмкін. Сондықтан мұғалімдер бұл мәселенің өте маңызды екендігін ескеріп, әрбір сабақта оны жете ұғындырып отыруы керек. Өйткені бастауыш сынып балалары сөздердің тек нақты лексикалық мағынасын қабылдайды, ал оның грамматикалық мағынасын мүлде елемейді. Ал грамматикада сөздердің ең әуелі грамматикалық мағынасы ескеріледі. Сол үшін мұғалім грамматикалық ережелердің басты-басты белгілерін өзі терең білуі тиіс.
Грамматикадағы анықтама-ережелердің негізгі белгілері мынадай:

  1. Әрбір анықтаманың ішінде оның термині болады (мысалы, жоғарыдағы анықтамаларда сын есім, түбір терминдері).

  2. Әрбір анықтамада сол ұғымның өзіне тән басты белгісі көрсетіледі. Бұл басты, негізгі белгі арқылы ол ұғым басқа ұғымдардан ерекшеленеді (мысалы, сын есімде сынын, түбірде сөздің өзгермейтін бөлшегін т.б.).

  3. Кейбір анықтамаларда түсіндірілетін ұғымның қандай топқа жататыны көрсетіледі (мысалы, сынын білдіретін сөз табын сын есім, түбір сөзге жалғанатындарды қосымша дейміз т.с.с.).

  4. Анықтамаларда әрбір категорияның негізгі мағыналарынан басқа формалық белгілері де көрсетіледі (мысалы, зат есімнің көпше түрін жасау үшін оның түбіріне -лар, -лер, дар, -дер, - тар, -тер жалғаулары жалғанады т.б.). Мұндай формалық белгілерін көрсететін түсіндірмелер анықтамалардан кейін беріледі. Әсіресе, бастауыш сыныптарға арналған оқулықтардағы анықтамаларда тілдік категорияның негізгі мағыналары мен сұрақтары басты белгілері ретінде көрсетіледі.

Грамматикалық материалдармен оқушыларды таныстыру барысында балалар әрбір жаңа материалдың негізгі, басты ой түйінін ұғына алатындай болуы керек. Ол үшін алдымен тақырыпқа «зат есім», «етістік» т.б.с.с. бөлінеді, ал зат есімнің өзі «жалқы есім», «жалпы есім» және жекеше, көпше т.б. болып бөлінеді. Бұл тақырып, тақырыпшалардың әрқайсысының неліктен бұлай аталуының мәні, себебі бар. Оқушылар әрбір тақырыпшалардың мәнін, тақырыпшалардағы абзацтың мәнін аңғарып, сол әрбір абзацтағы айтылған мәселелердің негізгі ойы тақырыпшаны, әр тақырыпшаның барлығына ортақ негізгі ойдың тақырыпты құрастырып тұрғанын айыра алатындай болу керек. Олай болса, әрбір материалды пайдалануда соның басты белгілерін, яғни беріліп отырған ұғымның мазмұнын қандай белгілер құрастырып тұр, сол тілдік құбылыстың табиғаты неден көрінеді, басқа құбылыстардан қалай ерекшеленді – осылар ашық көрсетілуге тиіс. Мысалы, «зат есім» ұғымының мазмұнын ашу үшін «есім» деген сөздің өзінің мағынасы, ал зат есім деген затқа қойылған ат, яғни заттың атын білдіретін сөздер екені айтып түсіндіріледі. «Зат есім», «сын есім», «сан есім» деп аталатын сөздердің неліктен есімдер тобына жататыны, олардың өзара ұқсас, ортақ белгілері, басқа сөз таптарынан айырмашылығы т.б. балаларға ұғындырылады. Грамматикалық ережелердің көпшілігі оқулықтарда анықтама ретінде беріледі («Заттың сынын білдіретін сөздерді сын есім дейміз», «сөздің өзгермейтін бөлшегін түбір дейміз» т.б.). Оқушыларға осы сияқты анықтамалардың әрқайсысын сол анықтама күйінде жаттатпай, оларды талдап, таратып түсіндірген жөн.
Бастауыш сыныптарда сөз таптарын (морфологияны) оқытуда төмендегі дидактикалық ұстанымдарды басшылыққа алған жөн:
-қазақ тілі сабақтарын проблемалық сабақ ретінде құру ұстанымы;
-оқушылардың ойлау қызметін белсендіруде көрнекі-нақты, практикалық, көрнекі-бейнелі, дерексіз, абстрактылық, теориялық сияқты түрлі ой операциялары мен ой амалдарын қолдана отырып сапалы түрде теориялық ойлауын дамыту ұстанымы;
-морфологияны оқытуда индивидуалдық және саралай оқыту талаптарын ескеру ұстанымы;
-оқушылардың тілдік құбылысты оқып-меңгеруіндегі ой қызметінің қадамдық, сатылық, алгоритмдік, эвристикалық, проблемалық, шығармашылық қызмет түрлерін қалыптастыру ұстанымы;
-морфологияны оқытудың тарихылылығы ұстанымы;
-морфологияны оқытудың ғылымилылығы мен жүйелілігі ұстанымы.
Тағы бір ескеретін жай: 2-сыныптан бастап «Сөз таптары» тақырыбын арнайы сабақ ретінде өткізудің мәні зор. Өйткені 1-сыныпта берілген бастапқы мағлұматты пысықтай отырып, сөз таптарын жүйелі оқытудың негізі қаланады. Тілдегі сөздердің білдіретін мағыналарына, қандай сұрақтарға жауап беретініне байланысты олар әр түрлі топтарға бөлінетінін байқата отырып, оқушылардың сөздік қорына сөз таптары деген жаңа термин енгізіліп, соның мәні аңғартылады.
Сөз таптарын оқыту әдіс-тәсілдері


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   21




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет