1. «Жаңартылған мазмұндағы қазақ тілін оқыту әдістемесі» ғылым және оқу пәні ретінде Қарастырылатын сұрақтар: «Жаңартылған мазмұндағы қазақ тілін оқыту әдістемесі»



бет11/21
Дата21.01.2023
өлшемі157,11 Kb.
#62199
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   21
Тапсырмалар мен сұрақтар

  1. Орфографияны оқыту әдістемесі қандай мәселелерді қамтиды?

  2. Офографиялық дағды деген не?

  3. Орфографияны оқыту әдістемесінің ұстанымдары

  4. Орфографиялық жаттығудың түрлерін ата.

  5. Орфографиялық жаттығулар қалай меңгертіледі?

  6. Диктанттың бастауыш сыныптағы түрлері қандай?

8. Дәріс тақырыбы: Лексикологияны оқыту әдістемесі


Қарастырылатын сұрақтар:
1 Бастауыш сыныпта оқытылатын алғашқы лексикалық ұғымдар
2 Сөз және оның мағынасы туралы түсінік беру жолдары
Дәріс тақырыбы: 3 Қарсы мағыналы сөздерді, жуық мәнді сөздерді, әр түрлі мағынада қолданылатын сөздерді үйрету

«Сөз» бөлімінде сөздің лексикалық және грамматикалық жақтарын саналы түрде ұғындыру көзделген. Сөздің лексикалық мағынасы оқушыларға сауат ашу кезеңінде таныстырылып, кейінгі сыныптарда дамытыла түседі. Оқушыларға сөздің белгілі бір заттың, құбылыстың және т.б. атауы екені байқатылады. Сөз мағынасына ерекше мән беріледі. Әр сөздің негізгі мағынасы болатынын, бірақ сөйлеу кезінде, яғни сөйлем ішіне енгенде сөздің негізгі мағынасы өзгеріп, үстеме мағынаға ие болатынын білу қажет.


Бағдарламада оқушылардың қабылдауына лайық, жиі қолданылатын синоним, антоним, омоним сөздермен (терминдер айтылмайды), тұрақты сөз тіркестерімен, көпмағыналы сөздермен практикалық түрде таныстыру мақсат етілген. Бұларға қатысты берілетін ұғым, жұмыс түрлері әр сынып сайын біртіндеп күрделене түседі.
Сөздің грамматикалық мағынасы «Сөз құрамы», «Сөз таптары» тарауларында оқытылатын тақырыптар аясында таныстырылады, сөйтіп оқушылар сөздің лексикалық және грамматикалық мағыналары бір сөздің өзінде тоғысатынын байқайды, сөз мағынасы туралы түсініктері тереңдей түседі.
2-сыныпта Сөз және оның мағынасы туралы түсінік беріледі. Мағынасы жуық, мәндес сөздер, қарама-қарсы мағыналы сөздер, әртүрлі мағынаны білдіретін сөздер (синоним, антоним, омоним деген терминдер айтылмайды) ісжүзілік тұрғыда таныстырылады. Мәтіндегі сөздерді мағыналарына қарай ажырата білуге үйретіледі.
3-сынып сөз туралы берілген білімді еске түсіріліп, бекітіле түседі. Сөз мағыналарымен жұмыс жүргізіледі, сөз өзінің тура мағынасынан басқа ауыспалы мағынада қолданылатыны және бір сөздің бірнеше мағынада жұмсалатыны байқатылады. Мәндес және қарама-қарсы мағыналы сөздерді мәтіннен табуға, оларды топтастыруға, сөйлем ішінде қолдануға жаттықтырылады.
4-сыныпта сөз мағыналары туралы түсініктері, мағынасы бір-біріне жуық сөздер, мағынасы қарама-қарсы сөздер, көп мағыналы сөздер туралы түсініктерін кеңейтуге бағытталған жаттығулар орындатылады. Тұрақты сөз тіркестері туралы түсінік беріледі, оқушылардың жас ерекшеліктеріне лайық жеңіл фразеологизмдер таныстырылады. Мәселен: көзді ашып жұмғанша – лезде, жаны ашыды – аяды, төбе шашы тік тұрды – қорықты т.б.
Сөз және оның мағынасы туралы түсінік беру жолдары
Сөз туралы теориялық түсінік алғаш рет 2-сыныпта таныстырылады. Бұл тақырып ең алдымен сөздің дыбыстардан құралатынын, дыбыс әріппен таңбаланатынын оқушылардың есіне түсіруден басталады. Заттың атын, қимылын, сынын, санын білдіретін сөздердің мағыналарына назар аударту арқылы әрбір сөздің белгілі бір заттың, сын-сапаның, қимылдың атауы екенін аңғартамыз. Содан соң сөздегі дыбыс өзгергенде оның мағынасы да өзгеретіні байқатылады. Мысалы: терек – зерек, шөл– төл – сөл, жаз – жақ – жал – жар т.б. Сөз туралы түсінік берілгеннен кейін сөз мағыналарының әр алуан түрлерін (мәндес сөздер, мағыналары қарама-қарсы сөздер, әр түрлі мағынадағы сөздер) жеке-жеке таныту көзделеді. Бұлардың бәріне ортақ басты нәрсе – сөз мағыналарының түрлерін таныту, оқушылардың сөздік қорын молайту, байланыстырып сөйлеу дағдысын жетілдіру.
Енді сөз мағынасын түсіндіру әдіс-тәсілдеріне қысқаша тоқталып өтейік:
1. Сөз бейнелейтін затты көрсету. Бастауыш сынып оқушыларына жаңа сөздің мағынасын түсіндірудің ең қарапайым әдістерінің бірі – сол сөз бейнелейтін затты көрсету. Бұл әдіс көбінесе мектеп музейін аралағанда, әр түрлі экскурсияларда, тәжірибе шаруашылықтарымен танысу барысында жиі қолданылады. Мысалға, 1-сыныптан бастап оқушылар жемістердің, гүлдердің, өсімдіктердің атауларына байланысты жаттығуларды жиі орындайды. Ал экскурсиялар мен тәжірибе шаруашылықтарында бұл заттардың өзін көзбен көру ұмтылмас әсер қалдырады. Мұндай тәсілді, әсіресе, “Зат есім”, “Етістік” тақырыптарына байланысты кездесетін жаңа сөздерді үйрету барысында жиі қолдану қажет.
2. Заттың суретін көрсету әдісі. Жаңа сөздер бейнелейтін заттардың немесе қимылдардың суретін көрсету арқылы түсіндіру. Заттың атын, сынын білдіретін жаңа сөздерді түсіндіру үшін, сол зат бейнеленген түрлі түсті суретті көрсетумен шектелсек, ал қимылды білдіретін яғни “Етістік” тақырыбына байланысты жаңа сөздерді түсіндіру үшін сюжетті суреттер қажет.
Оқушылардың сөздік қорын байытудағы жоғарыдағы бұл екі әдісті қолдану барысында мұғалім жаңа сөздің мағынасын түсіндірумен шектеліп қана қоймайды, сонымен бірге басқа да әдіс-тәсілдерді пайдалана отырып, ол сөздің мағыналық реңктерін, қолдану ерекшеліктерін балаларға ұғындыру жолында мақсатты жұмыс жүргізеді.
3. Берілген сөзді оның синонимдерімен салыстыру әдісі. Мәтінде кездескен кейбір сөздердің мағыналарын оқушылардың бәрі бірдей толық түсіне бермейді. Мәселен, “нұсқады” сөзінің мағынасын оқушылар түсінбесе, оның“сілтеді”, “көрсетті” синонимдерін айтып, бұл жаңа сөздің мағынасын айқындай түсеміз. Сондай-ақ «Оқығанды көңілге ықыласпен тоқылық» дегендегі «тоқылық» сөзінің мағынасын “білейік”, “ұғып алайық” синонимдері арқылы түсінеді.
4. Логикалық анықтама беру әдісі. Оқушыларға жаңа сөздердің мағынасын түсіндірудің тағы бір әдісі – логикалық анықтама беру. Логикалық анықтама көбінесе балаларға бұрыннан таныс емес заттар мен құбылыстардың, жан-жануарлардың, өсімдіктердің атауларына беріледі. Мәселен, бастауыш сынып оқушылары орындайтын жаттығуларда төмендегідей мағынасы жаңа сөздер жиі кездеседі: сахна, парк, қайыс, құйын, штаб, цех т.б. Бұл сөздердің мағыналарын бейнелейтін суреттер көрсетілсе, тіпті жақсы. Ал логикалық анықтама мынадай формада берілуі қажет.

артистер мен әншілердің өнер көрсететін орны


Сахна - көрермендердің бәрі көре алатындай
залдағы орындықтары биіктеу
болады т.б.

былғарыдан тіліп алынған бау


Қайыс - ер-тұрман жасауда қолданылады
т.б.

Кейбір сөздердің мағынасын түсіндіруде қысқа логикалық анықтамалар жеткілікті бола бермейді. Мұндайда мұғалім бұл жаңа сөздер бейнелейтін ұғымдарды кең түрде әңгімелеу арқылы түсіндіреді.


5. Жаңа сөзді сөйлем ішінде пайдалалану әдісі. Кейбір жаңа сөздердің мағынасы оларды сөйлем ішінде пайдалану әдісі арқылы да түсіндіріледі. Мысалы, бастауыш сынып оқушылары орындайтын жаттығуларда кездесетін “ырық” сөзінің мағынасын қалай түсіндіруге болар еді? Әрине, тек сөйлем ішінде пайдалану арқылы ғана:
Суға жүгірген қойлар маған ырық бермей кетті т.б.
6. Сөзді оның антонимдерімен салыстыру әдісі. Жаңа сөздердің мағынасын түсіндірудің тағы бір әдісі – ол сөзді антонимдермен салыстыру. Мұндайда, әрине, түсіндіргелі отырған жаңа сөздің антонимі оқушыларға бұрыннан таныс болуы қажет. Мысалы, бастауыш сынып оқушылары орындап жүрген жаттығуларда кездесетін “ирек”, “баяу”, “кішіпейіл” сияқты сөздердің мағынасын антонимдері арқылы түсіндіру әлдеқайда тиімді. Мысалы:
ирек – түзу
баяу – тез
кішіпейіл – дөрекі т.б.
7. Сөздің морфологиялық құрамын талдау әдісі. Кейбір жаңа сөздер олардың морфологиялық құрамын талдау әдісі арқылы түсіндірілуі де мүмкін. Бұл әдістің артықшылығы сол сөз құрамын талдау дағдысы арқылы оқушылар қазақ тілінің ішкі заңдылықтарына, жаңа сөз жасау жолдарына қаныға түседі. Сондықтан мұндай тәсілді “Түбір және қосымша”, “Біріккен сөздер”, “Жұрнақ және жалғау” тақырыптарын өткеннен кейін кездесетін жаңа сөздерді түсіндіруде кең қолдануға болады. Мысалы, бастауыш сынып оқушылары орындайтын жаттығу мәтіндерінің бірі ретінде берілген А.Асылбековтың “Жаңа жыл” деп аталатын өлеңін талдап көрелік:
Көрікті, бөрікті
Аяз ата келіпті.
Беріп жатыр таратып
Алма, анар, өрікті.
Осындағы “бөрікті” сөзін оқушылардың барлығы бірдей түсіне бермейді. Сондықтан мұғалім бұл сөзге морфологиялық талдау жасайды: бөрік-ті.
Қарсы мағыналы сөздерді, жуық мәнді сөздерді, әр түрлі мағынада қолданылатын сөздерді үйрету
Антонимдер – мағынасы қарама-қарсы сөздер. Тілдегі бұл құбылыс туралы да оқушылар бастауыш сыныптардан бастап-ақ түсінік ала бастайды. Қарама-қарсы мағыналы сөздерге қатысты жаттығулардың оқулықтағы негізгі үлгілері мынадай болып келеді.
Көп нүктенің орнына қарсы мағынадағы сөзді қойып жаз.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   21




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет